Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің өкілетін кеңейтетін өзгерістер енгізіп, ведомствоның рөлін тек күзет функциясымен шектемейтін жаңа кезеңге жол ашты. 2025 жылғы 10 қыркүйекте 2014 жылғы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» жарлыққа түзетулер енгізіліп, қызметтің қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы рөлі кеңейтілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа редакцияға сай, Мемлекеттік күзет қызметі енді қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бағытындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысады. Өкілет аясында әскери-техникалық ынтымақтастыққа араласу, оқ-дәріні жою көзделген. Пайдаланылмайтын қорғаныс нысандарын беру, қару-жарақ пен әскери техниканың сипаттамаларын айқындауда бар. Сонымен қатар, мемлекеттік сынақтар мен қару-жарақты қабылдауға қатысу, әскери ұлттық стандарттарды…

Толық оқу

Түркістан облысы халықаралық әріптестік пен инвестиция тарту ісінде жаңа қадамдарға барып отыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров бір күнде екі маңызды келіссөз өткізіп, алдымен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркинмен ресми жүздесіп, артынан Қытайдан келген ірі өнеркәсіптік компания өкілдерімен кездесті. Бұл екі кездесу Түркістанның тек Қазақстан аумағында ғана емес, халықаралық деңгейде де ықпалды аймаққа айналып келе жатқанын айқын көрсетіп тұр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуелі америкалық дипломатпен болған сұхбатта туризм, білім беру, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері көтерілді. Әкім Түркістанның инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстырып, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен онда жасалған салықтық жеңілдіктер жайлы жан-жақты айтты. Консул өз кезегінде Түркістанның тарихи-мәдени қазынасына, туризмнің дамуына…

Толық оқу

Халықаралық Moody’s агенттігі «Еуразиялық банктің» болашағына қатысты болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» өзгертті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мұндай шешімге банктің несие портфеліндегі проблемалық қарыздардың күрт көбеюі себеп болған. Moody’s мәліметінше, 2024 жылдың соңында проблемалық несиелер үлесі 15,1%-ға жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,2% болған еді. Бұған қоса, банктің резервтермен қамтамасыз ету деңгейі де 109%-дан 77%-ға төмендеп кеткен. «Болжамның «Жағымсызға» өзгеруі активтер сапасының нашарлауы және алдағы бір-бір жарым жылдағы банк стратегиясының бұлыңғырлығына қатысты алаңдаушылығымыздың көрінісі», – деп атап өтті Moody’s. Агенттіктің пайымынша, алдағы уақытта «Еуразиялық банк» жеке тұлғаларға несие беруді азайтып, корпоративтік секторға, әсіресе шағын және орта бизнеске көбірек көңіл бөледі. Сарапшылардың айтуынша,…

Толық оқу

Астанада өтетін XXIII Хатшылық пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қарсаңында Қытай Буддистер Ассоциациясы төрағасының орынбасары Цзин Бо Қазақстанның мәдениет пен рухани диалог кеңістігіндегі орнын ерекше атады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Қазақстан қазір тек тарихи сауда жолдарының қиылысында тұрған ел емес. Ол әртүрлі мәдениет пен өркениет тоғысатын маңызды алаңға айналып отыр. Цзин Бо қазақ жерін домбыра, гитара және арфа үндескен мәдени бірліктің символы ретінде сипаттады. Ол «Бір белдеу – бір жол» бастамасын және 2025 жылы өткен «Жібек жолын оқу – Орталық Азияны тану» халықаралық акциясын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, осындай жобалар Қазақстанның мәдени және рухани алмасу…

Толық оқу

Атырау мұнай өңдеу зауыты 1-25 қазан аралығында жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ertenmedia. «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов зауытқа арнайы келіп, жөндеу жұмыстарына дайындықты пысықтады. Бұл кезеңде кәсіпорында ауқымды техникалық тексеріс жүреді. Барлығы мыңнан астам аппарат пен қондырғы, 1,4 мың құбыр желісі және 46 пеш мұқият сараптамадан өтеді. Түрлі қондырғыларда 316 тоннадан астам катализатор алмастырылады. Жалпы алғанда, жұмыстарды 1880 маман мен 62 арнайы техника жүргізеді. Жөндеу кезіндегі ең маңызды әрі күрделі іс баяу кокстеу қондырғысының реакторларындағы конустық табандарды ауыстыру. Осы мақсатқа арнап зауытқа әрқайсысы 750 тонна жүк көтеретін екі бірегей кран орнатылуда. Сонымен қатар, реакторларға заманауи диагностикалық жүйе орнатылады, бұл өз…

Толық оқу

Бүгінде Каспий теңізінің түбінде Қазақстаннан Әзірбайжанға дейін оптикалық кабель төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл турасында «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин Фейсбук парақшасында жазды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақтау мен Сумгаит арасын жалғайтын бұл жоба еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ең ауқымды қадамдардың бірі. Өйткені бүгінгі дәуірде ақпарат – мемлекеттің стратегиялық байлығы, ал оның қорғалуы ұлттық қауіпсіздікпен тең. Өз кезегінде «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин жеке парақшасында жобаның маңызына тоқталды. – Арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған кемелер теңіздің тереңдігін өлшеп, топырақтың жағдайын, кабель төсеуге кедергі болатын тастар мен бөгеттерді зерттеп жүр. Бірақ кеме өте алмайтын жерлерде адам факторына жүгінуге тура келеді – мұнда…

Толық оқу

Алматы облысындағы қоқыс полигонында тұтанған өрт бір тәуліктен астам уақыт бойы сөндіріліп жатыр. Алатау ауылы маңындағы «ADC TAZA ALEM» компаниясына тиесілі бұл полигонның жалпы аумағы 35 гектар болса, соның 10 гектары қызыл жалынның астында қалған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір өртті сөндіру үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс жүргізілуде. «Терең Қара» каналынан екі шақырымға жуық өрт сөндіру рукавы тартылып, су мотопомпамен жеткізіліп отыр. Бұл – апатты тоқтату үшін жасалған шұғыл шаралардың бірі ғана. Өртті сөндіруге 108 адам және 54 техника жұмылдырылған. Оның ішінде Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері, Алматы қаласының өрт сөндірушілері, әскери бөлім…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімдігі жанынан құрылған ғылыми кеңестің жұмысы енді жаңа қарқынмен жалғасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселе облыс әкімінің орынбасары әрі ғылыми кеңес төрағасы Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кезекті отырыста талқыланды. Жиынға салалық басқарма басшылары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, өңірдің жас ғалымдары мен профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері қатысты. Отырыста облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми қолдау көрсету, инновациялық идеяларды өңір қажетіне бейімдеу, жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми орта арасындағы байланысты күшейту мәселесі қаралды. Бейсенбай Тәжібаев ғылыми кеңестің жұмысын жандандыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Сондай-ақ жаңа бастамаларға ашық екенін жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары өңірдің дамуы ғылыми ізденіс…

Толық оқу
Байдилдинов мұнай

Мұнай-газ секторы бойынша белгілі сарапшы Олжас Байдилдинов өзінің Телегарам арнасында 1991 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін Қазақстанда өндірілген мұнайдың құны 1 триллион долларға жеткенін сүйіншілеп жазды. Автор осыған дейін Қазақстандағы мұнай өндірісінің жиынтық көлемі 1 триллион долларға жеткенде осы тақырыпқа арнап материал жазуға уәде берген еді. Сарапшы сол уәдесін бүгін орындады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Мен бұған дейін мұнай бағасын есептеудің әдістемесін түсіндіргенмін, жыл сайынғы өндірілген мұнай көлемін сол кезеңдегі Brent маркалы мұнайдың орташа бағасына көбейту арқылы есептеп шықтым. Әрине, бұл сомаға шартты түрде қарау керек. Өйткені біздің мұнай әлемдік бағадан жеңілдікпен сатылады, халықаралық нарыққа жеткізу шығыны да бар…

Толық оқу

Алматының іргесіндегі Сорбұлақ қоймасы аймаққа төнген аса ірі апатқа айналуы мүмкін. Мәселені Мәжіліс депутаттары ресми түрде Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің назарына ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. 37 жыл бұрын қаланың лас суын уақытша төгуге арналған Сорбұлақ, бүгінде үлкен улы көлге айналған. Мұнда 750 миллион текше метр қауіпті сұйықтық жиналған. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша, көл суынан денсаулыққа аса зиянды 31 түрлі химиялық элемент пен ауыр металдар анықталған. Әсіресе кадмий деңгейі қалыпты мөлшерден төрт есе асып кеткен. Көзге көрінбейтін улы элемент өкпе, бүйрек және жүйке жүйесін зақымдап, обыр дертіне ұшыратады. Депутаттар апаттың ықтимал зардаптарын Чернобыль апатымен теңестіріп отыр. Өйткені қазір қойма үштен екіге…

Толық оқу