Автор: Асылхан Бөрібай

Ресей азаматтарына АҚШ визасын алу қиындай түсті. Бұдан былай туристік, оқу немесе жұмыс визасына үміткерлер сұхбаттасудан өту үшін Варшава немесе Астанаға баруға мәжбүр деп хабарлайды Ertenmedia. Американың Мем.департаменті визалық өтініштерді қарастыру тәртібін жаңартты. Енді Ресей, Беларусь, Ауғанстан және Солтүстік Корея сияқты 16 елдің азаматы өз елінде орналасқан АҚШ дипломатиялық өкілдігінен визалық қызметті ала алмайды. Аталған елдердің тұрғындары визалық сұхбаттан өту үшін басқа мемлекетке баруы тиіс. 2021 жылдың мамырынан бастап Мәскеудегі АҚШ елшілігі Кремль енгізген шектеудің салдарынан дипломатиялық емес визаларды рәсімдеуді тоқтатқан еді. Сол кезден бастап ресейліктер Еуропадағы немесе Орта Азиядағы елдерге барып, виза алуға мәжбүр болды. Бұған дейін олар кез…

Толық оқу

Президент Тоқаев елдегі игерусіз жатқан ауылшаруашылық жерлерін келер жылдың ортасына дейін толықтай айналымға енгізуді тапсырды деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысы жердің иесіз жатуы елдің экономикалық дамуына тежеу екенін айтты. Сондықтан соңғы екі жылда игерілмеген немесе заңсыз иемденген 13,5 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Алайда, осы жердің жартысына жуығы ғана жаңа иесін тапқан. Әкімдіктер небәрі 6 миллион гектарды қайта үлестіріп, қалған бөлігі әлі күнге дейін бос жатыр. Тоқаевтың айтуынша, осы қайтарылған жерлер инвестиция тартудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың әрі ауылдағы шағын өндірістің ошағына айналуы қажет. «Жер қадірін білетін, еңбектің бағасын түсінетін адамдардың қолына өтуі керек», – деп президент нақты…

Толық оқу

Петербор форумында Тоқаевпен пікір таластырып, Қазақстанның Донецк пен Луганскіні мойындаудан бас тартуын ашық сынаған RT бас редакторы Маргарита Симоньян ауыр науқасқа шалдыққанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік журналист Владимир Соловьевтің «Россия 1» арнасындағы авторлық бағдарламасына қатысып, ауыр дертке шалдыққанын, 8 қыркүйекте күрделі операция жасататынын айтты. «Осы аптада дәрігерлер маған ауыр, қорқынышты диагноз қойды. Ертең операцияға жатамын», – деді Симоньян. Ол денсаулығының нашарлағанына қарамастан, эфирге шығып, майданда жүрген әскерилер мен олардың отбасына қолдау көрсетуді жөн санағанын жеткізді. Сондай-ақ, журналист өзінің күйеуі, режиссер Тигран Кеосаянның тоғыз айдан бері комада жатқанын да еске салды. «Орыста «бәле келсе қақпаңды аш» деген сөз бар ғой.…

Толық оқу

Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша онкогематологиялық аурулар кезінде мамандандырылған көмекті қоса алғанда, балалар денсаулығын дамытуға бағытталған ауқымды бастамалар іске асырылуда,— деп жазады Ertenmedia 🔹Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде балалар онкогематологиясын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға, балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық құруға ерекше көңіл бөлінеді. 🔹Елімізде диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілді: иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, онкомаркерлерді анықтау, сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомаларында жоғары дозалы химиотерапия, сондай-ақ 3D-модельдеу технологиялары мен «өсіп келе жатқан» эндопротездерді қолдана отырып ағза сақтайтын операциялар. Нәтижелер мен жетістіктер: ● жыл сайын 556…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты  Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су және инфрақұрылым, спорт және тағы басқа салаларды  қамтып отыр. Жолдауда көтерілген бұл мәселелердің барлығы қазақстандықтардың табысын арттыруға,  әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, Президент дүние жүзі түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын айтты. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту, ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті қабылдап, Жасанды…

Толық оқу

2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА мүшелері мен жастар қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сессия барысында аудан әкімі, аудандық ҚХА төрағасы Талғат Ескендірұлы Байеділов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚХА мүшелері – облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Смағұлұлы Мұқашев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Зоя Кайсаровна Магамадова, аудандық орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Николаевна Таркова, сондай-ақ Ассамблея жастарының мүшесі Мурат Яшаевич Нажипов өз бағыттары бойынша жобалар…

Толық оқу

Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кәсіпорындарында жүргізілген тексерулер ел назарын өзіне аудартқан қылмыстық істің ашылуына себеп болды. Қара алтынды тасымалдап, миллиардтаған қаржы айналатын салада ашықтық пен адалдықтың сақталмауы көп нәрсеге әсер етеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде ірі заң бұзушылықтар анықталып, іс сотқа дейін жетті. Прокуратураның тексерісі кезінде бұл оқиғаның артында жай ғана техникалық қателік емес, әдейі жасалған заңсыздықтың жатқаны анықталған. Тергеу барысында кәсіпорынның бас директорының орынбасары мен мердігер компанияның екі өкілі ұсталып, кінәлары дәлелденді. Олар мемлекет қаржысын жымқырып, саланың беделіне нұқсан келтіргені үшін жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша бас директордың орынбасары 3 жылға бас…

Толық оқу

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 2025-2029 жылдары аралығында жалпы құны 164 миллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов баяндады. – Жаңғырту жұмыстары төрт жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңалау мақсатында инвесторлар есебінен жылумен жабдықтауға – 20,08 млн теңге, электр желілері үшін – 100,8 млн теңге, су жүйелеріне – 34,5 млн теңге, кәріз жүйелеріне – 8,4 млн теңге тарту жоспарланған. Қазіргі таңда өңірдегі электр желілерінің 57 пайызының тозығы жеткен. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай желілердің…

Толық оқу

Президент Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту туралы нақты тапсырма берді. Оның айтуынша, Қазақстанға капитал үшін әлемдік бәсеке күшейіп тұрғанда ірі инвестицияларды тартудың жаңа әрі тиімді жолдарын табу қажет деп хабарлайды Ertenmedia. «Елімізге ірі көлемдегі инвестициялар ауадай қажет. Жаңа инвестициялық циклді бастайтын уақыт келді. Қазіргі саясатты табысты деп айту қиын. Инвестициялардың басым бөлігі шикізат секторына бағытталған. Бұл жаман емес, бірақ ендігі міндетіміз өңдеуші өнеркәсіпке қаржы тарту», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, Үкімет инвестициялық саясатты қайта қарауға тиіс. Қажет болса, жоғары технология саласында жұмыс істейтін инвесторларға ерекше жеңілдіктер берілуі керек. «Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар да, жеке сектор бастамалары да бірдей…

Толық оқу

Президент Тоқаевтың бір палаталы парламент құру туралы ұсынысы түрлі пікір туғызып жатыр деп жазады Ertenmedia. Саясаттанушы Досым Сәтпаев бүгінгі ұсыныс биліктің алдағы транзит кезеңіне дайындық амалы болуы мүмкін деп топшылайды. Айтуынша Қазақстан секілді унитарлы мемлекет үшін қос палаталы парламент ережеден гөрі, ерекшелік. 90-жылдардың басында экс-президент Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес арасындағы тартыстан кейін 1995 жылғы Конституция бойынша екі палаталы парламент пайда болды. Сол кездегі Сенат биліктің «сақтандыру клапаны» рөлін атқарған еді. «Тоқаевтың қазіргі ұсынысы парламенттік жүйені демократияландыруды көздемейді. Керісінше, жаңа билік транзитіне дайындық секілді. Себебі бір палаталы парламенттің спикері автоматты түрде президенттен кейінгі басты фигураның біріне айналады. Яғни, елде экс-президенттер үміт…

Толық оқу