Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, осы мерекенің маңызына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы отбасы ұғымы халқымыз үшін қастерлі әрі қасиетті екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, отбасы – тұлғаның тәрбиесі қалыптасып, алғашқы патриоттық сезімі мен еңбекқорлық қасиеті оянатын орта. «Бұл ерекше мереке халқымызды мейірімділік пен қамқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке үндейді. Біздің қоғам осы құндылықтарды бағалай отырып, оларды барынша қорғап, дәріптеп, нығайтуға тиіс. Қазақ халқының байырғы салт-дәстүрлері мен қазіргі заманауи өмірдің үйлесімі арқылы отбасы құндылығын насихаттау бәріміздің ортақ міндетіміз», – деді Президент. Сондай-ақ, Тоқаев ата-ананың отбасындағы орны ерекше екенін тілге тиек етті. Ол қазақ халқы үшін шаңырақтың ұйытқысы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт инфрақұрылымының бірі саналатын «Ескек есу» арнасы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа нысанның іске қосылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған спорт инфрақұрылымын дамыту және жаңа кешендер салу жөніндегі тапсырмаларымен сабақтасып отыр. Облыс аумағында қазір 112 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Өңір билігі мұны тек құрылыс жұмысы ретінде емес, жастардың келешегіне салынған инвестиция, тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға бағытталған нақты қадам ретінде бағалап отыр. «Ескек есу» арнасының ашылуына орай Түркістанда «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық шара өтті. Салтанатқа Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, есу спорты түрлері…
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту мен ауылдық медицина жүйесін күшейту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Соңғы жылдары өңірде ауруханалар мен емханаларды жаңарту жұмыстары жүйелі сипат алып, бұл жолы Сайрам ауданындағы екі ірі медициналық нысанда күрделі жөндеу басталды,деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев Сайрам ауданына барып, құрылыс барысын өз көздерімен көрді. Жоба аясында аудандық аурухана толық жаңартылып, көпбейінді медициналық орталыққа айналмақ. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асып жатқан нысан құрылысын «КазЭвро» серіктестігі жүргізіп отыр. 100-ден астам құрылысшы еңбек етуде. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы толық аяқталады деп күтіледі.…
Түркістан қаласында қысқы маусымға дайындық жүйелі әрі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Қаланың барлық жылу нысандары мен инфрақұрылымы кезең-кезеңімен тексеріліп, жөндеуден өтуде. 18 жылу қазандығы мен 55 шақырымнан астам жылу желісі қысымдау және шаю жұмыстары арқылы дайындықтан өткізілді. Қажетті отын қоры жасақталып, табиғи газ жеткізу кестесі бекітілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров өңір орталығындағы жылыту жүйелерінің дайындығын арнайы тексеріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, қысқа дайындық – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының басты кепілі. Әрбір әлеуметтік нысан, мектеп, аурухана және көпқабатты үйдің жылуға уақытылы қосылуы – жергілікті…
2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады,деп жазады Ertenmedia.kz. Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді. Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%). Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді: қант…
Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топ ұзақ жылдар бойы алкоголь саудасындағы табысты компанияларды рейдерлік жолмен басып алып, заңсыз жолмен байлыққа кенелген деп хабарлайды Ertenmedia. Атышулы топтың нысанасына ең алдымен Алматыдағы ірі кәсіпорынның бірі Profit Trade Group іліккен. Компания қожайыны, кәсіпкер Видади Ахмедовтың тұрақты табысына көзі түскен Қоспаев, кәсіпті иемденудің жоспарын алдын ала құрады. Арнайы адамын ішке енгізіп, бизнестің ішкі есебін, табыстың нақты ауқымын мұқият зерттеп, барлау жұмыстарын жүргізген. Артынша Ахмедовпен кездескен Қоспаевтың адамдары «іскерлік әріптестік» ұсынған. Алайда ұсыныстың астарында қорқытып-үркітіп, күш көрсетумен компанияны түгел тартып алу ниеті жатты. Өміріне қауіп төнгенін сезген Ахмедов ақыры өз кәсібін еріксіз беруге мәжбүр болады. Бұған…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады. Жиынға қала әкімдігі, аумақтық органдар, сарапшылар, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, Ассамблея мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kzАлматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дархан Сатыбалды Алматының елдегі ең ірі мегаполис екенін айтып, оның ғылым мен білімді дамытудағы рөліне тоқталды. – Алматы Президент белгілеген цифрлық трансформация мен жасанды интеллектке көшу бағытында ерекше рөл атқарады, – деді әкім. Қалада IT нарығы қарқынды дамып жатыр. Еліміздің бұл саладағы қызметінің жартысынан көбі Алматыға тиесілі. Нарық көлемі бүгінде 4 трлн теңгеге жеткен. Қалада…
Түркістан облысында еңбек адамының абыройын көтеру мен нақты кәсіби маман даярлауға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» қағаздағы ұран емес, өңірдің еңбек нарығындағы нақты өзгерістердің бастауы болды. Түркістанда осы бағыттағы жұмыс көзге көрінерлік нәтиже беріп, мыңдаған жас өз болашағын техникалық және өндірістік мамандықтармен байланыстыра бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында атқарылған істер мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Әкім әр аудан мен қала басшылығына жұмысты тек есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін ұйымдастыруды тапсырды. Оның айтуынша, жұмысшы мамандығы – бүгінгі…
Түркістан облысында еңбек нарығын тұрақтандыру мен халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өңірде жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, мыңдаған азамат нақты жұмыс табуға мүмкіндік алды. Бұл шаралар тек есеп үшін емес, әрбір адамның өз әлеуетін ашып, табыс табуына жол ашатын нақты қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері ұйымдастырылған жәрмеңкелерге 1 257 жұмыс беруші қатысып, барлығы 6 841 бос жұмыс орнын ұсынған. Нәтижесінде 6 761 азамат осы жәрмеңкелерге қатысып, 2 344 адам нақты жұмысқа жолданды. Оның ішінде 878 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 735 азамат…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, жастар, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Аймақ басшысы Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша тапсырмалар жүктеді. «Мемлекет басшымыз экономиканың салаларын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі өркендетудің, әлеуметтік-экономикалық, инновациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай цифрландыру арқылы отандық экономиканы әртараптандыру, кешенді түрде жаңғырту көзделген. Алдағы үш…










