Автор: Асылхан Бөрібай

Жақын болашақта әлемде уранға сұраныс күрт өсіп, оның тапшылығы туындауы әбден мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA) есебіне сүйенсек, алдағы бес жыл ішінде атом электр станцияларына қажетті уран көлемі шамамен 30%-ға артады. Қазірдің өзінде көптеген елдер атом энергиясына көшіп, экологиялық және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуды көздеп отыр. Бұған қазіргі күрделі геосаяси ахуал да тікелей әсер етуде. Сарапшылардың есебінше, әлемдік уран қажеттілігі 2030 жылға қарай бүгінгімен салыстырғанда 28 пайызға, ал 2040 жылға қарай екі еседен астам деңгейге артады. Мәселен, былтыр әлемдік сұраныс 67 мың тонна болса, алдағы 15-20 жылда бұл көрсеткіш жылына 150 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Атом электр станцияларының…

Толық оқу

Түркістан облысының Шардара ауданында адам сенгісіз қатыгез оқиға болды. Денсаулығы нашар қарт әкесін аяусыз соққыға жығып, көшеде сүйреген ер адамның әрекеті жұртты шошытты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бейнежазбада ірі денелі жігіттің егде жастағы кісіні қан-жоса күйінде көшеде сүйреп бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің сөзінше, ер адам өз әкесін аяусыз ұрып-соққан. «Ұлы ауыр науқас әкесін қан-жоса етіп сабап тастады. Дәретханаға өзі бара алмайтын қария қорғансыз күйде қалып, туған ұлынан қорлық көрді. Бұны отбасы деп айту қиын, бұл – азап, бұл – нағыз қылмыс», – дейді оқиға куәгерлері. Видео астына пікір қалдырған тұрғындар осы сәтте үй шаруасымен…

Толық оқу

Ертеңгі Президент Жолдауына байланысты ел ішінде түрлі әңгіме желдей есуде. Саясаттанушы Ербол Еділов осыған қатысты көзқарасын білдірген екен. Ertenmedia сарапшы пікірін қаз-қалпында ұсынады. Саясат сахнасындағы соңғы күндердің дүрбелеңі алдағы Президент жолдауымен тұспа-тұс келді. Әдетте жаңа саяси маусымның беташары саналатын бұл шара биыл депутаттар сессиясынсыз, бөлек өтіп отыр. Мемлекет басшысы дәл сол кезде стратегиялық маңызы зор сапармен Қытайда болды. Жолдаудың жыры бөлек, оны болжау мен долбарлау бөлек әңгіме. Алайда биылғы баяндама қарсаңында ақпарат алаңы аласапыранға айналып, жұрт назарын аудартқан тосын оқиғалар көбейді. Оның ішінде Сыртқы істер министрі әрі вице-премьер Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны» туралы таңғаларлық хабар мен бұрынғы Бас прокурор Қайрат…

Толық оқу

Түркия соңғы он жылда қорғаныс өнеркәсібін дамытуда айтарлықтай ілгеріледі. Соның ең басты дәлелі отандық негізгі жауынгерлік танк Altay-дың сериялық өндірісін жолға қоюын атап айтуға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл түрік әскери өндірісінің бүгінгі күндегі ең ірі әрі стратегиялық маңызы бар жобасы. Танктің жасалуы үшін арнайы жаңа зауыт салынып, онда корпустан бастап соңғы бұрандасына дейінгі барлық бөлшектер шығарылды. BMC Defense компаниясы салған зауытта танктің жүрегі саналатын BATU қозғалтқышы да өндіріледі. Кезінде Түркия жылдар бойы Еуропа мен Кореядан қозғалтқыш сатып алып келген-ді. Енді қуаты 400-ден 1500 ат күшіне дейінгі отандық қозғалтқыш жасау ісі жолға қойылды. Altay жобасының тарихы да оңай емес. Әуелгі…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Наурызбай ауданындағы салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып қайтты. Сапар барысында мектеп, балабақша мен емхананың құрылыс барысын көріп шықты. Құрамыс шағынауданында әкімнің орынбасары «Bazis Construction» ЖШС салған 1500 орындық жайлы мектепке барды. Бейбіт Шаханов Құрылыс басқармасына мектепті Білім басқармасының иелегіне өткізуді жеделдетіп, 15 қыркүйекке дейін инженерлік және коммуникациялық желілерді іске қосу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, осы шағынаудандағы ауысымына 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысын көрді. Мұнда «MIR-A Construction» ЖШС монолитті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сапар барысында әкімнің орынбасары жұмысшылар санын арттырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуді міндеттеді. Бұған қоса, Құрамыс пен Шұғыла шағынаудандарында 320 орындық балабақшалардың,…

Толық оқу

Бүгін қазақ спортының тарихындағы ерекше күн. Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өзінің Инстаграм парақшасында  еліміздің құралайды көзге атқан мергендері үлкен жеңіске жеткенін жария етті. – Садақ атудан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары мен жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймын! Аделя Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова сынды спортшыларымыз жаһандық додада өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, 32 жылдан кейін аталған спорт түрінен ел қоржынына жүлде салды. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде спорт саласын жаңғырту жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Бұл – саланың тиімділігін арттыруға және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама.…

Толық оқу

Orda.kz-тегі дау басылар емес. Порталдың бас инвесторы әрі 70% үлесіне иелік ететін Мақсат Ғаниев бас редактор Гүлнәр Бажкенованың әрекетіне қатқыл үн қатты деп хабарлайды Ertenmedia. Бизнесменнің айтуынша, ол Orda.kz порталына қаржы құйғанымен, редакция ісіне араласпай келген. Алайда уақыт өте келе бұл жоба тек шығын мен шырғалаң әкелген. «Бажкеновамен басында ортақ мәмілеге келгенбіз. Мен порталдың бастапқы кезеңіне қаражат бөлемін, ал ол редакциялық саясатты өзі жүргізеді деп келістік. Бірақ жыл өткен сайын одан қайтарым болмады, тек шығын мен жанжал ғана алып келді. Әуелде түсініспеушіліктерді өркениетті түрде шешуге тырысып, келіссөзге заңгерлерімді де жібергенмін. Алайда нәтиже болмады. Ақыры ол өзінің жариялылығын пайдаланып, қарсы тарапты…

Толық оқу

Белгілі журналист, «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай көмекке мұқтаж. Ұзақ уақыттан бері бауыр обырымен күресіп жатқан журналистің еміне қаражат жинау жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай әлеуметтік желіде жазды. «Таралымы жүз мыңнан асатын журнал шығарып, оқырмандар арасында 20 ат пен түйені сыйлыққа үлестірген адамның қаржылай қиындыққа тап боларын кім білген? Қазір ол шағын зейнетақы мен II топтағы мүгедектік бойынша алатын жәрдемақыға ғана күн көруде. Жарылқап ұзақ уақыт бойы өз ауруының асқынғанын аңғармаған. Бір жылдан астам уақыт ем қабылдап, екі шағын операция жасатса да, ауру тоқтамаған. Қазақстан, Түркия, Үндістандағы ем нәтижесіз аяқталды.…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын нақты бағалады. Кездесу формалды есеп емес, жүйелі нәтижені талап ететін сындарлы әңгімеге ұласты. Аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдай отырып, әрбір әкім мен басқарма басшысына «жауапкершілік пен нәтиже – басты талап» екенін ашық айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ордабасы ауданы – Түркістан облысының әлеуеті зор өңірлерінің бірі. Дегенмен, әлеуеттің өзінен пайда көру – бөлек шаруа. Сол себепті облыс әкімі ауылдық округ әкімдерінен бастап аудандық деңгейдегі басшыларға дейін нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуді тапсырды. Әкімдердің кейде есеп үшін жұмыс…

Толық оқу

Түркістан облысында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған ерекше дәріс өтті. Бұл жолғы кездесу ресми жиыннан гөрі өмір мектебіне ұқсас болды – себебі жастар алдында қызмет жолының ыстығы мен суығын бірдей көрген, тәжірибесі мол тұлға, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйледі. Дәріс ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан мамандарға арналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ертай Кенжебекұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметті жай ғана мансаптың баспалдағы ретінде емес, елге адал қызмет етудің миссиясы ретінде қабылдау керектігін айтты. Ол өмір жолындағы мысалдар арқылы жастарға ең басты…

Толық оқу