Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топ ұзақ жылдар бойы алкоголь саудасындағы табысты компанияларды рейдерлік жолмен басып алып, заңсыз жолмен байлыққа кенелген деп хабарлайды Ertenmedia. Атышулы топтың нысанасына ең алдымен Алматыдағы ірі кәсіпорынның бірі Profit Trade Group іліккен. Компания қожайыны, кәсіпкер Видади Ахмедовтың тұрақты табысына көзі түскен Қоспаев, кәсіпті иемденудің жоспарын алдын ала құрады. Арнайы адамын ішке енгізіп, бизнестің ішкі есебін, табыстың нақты ауқымын мұқият зерттеп, барлау жұмыстарын жүргізген. Артынша Ахмедовпен кездескен Қоспаевтың адамдары «іскерлік әріптестік» ұсынған. Алайда ұсыныстың астарында қорқытып-үркітіп, күш көрсетумен компанияны түгел тартып алу ниеті жатты. Өміріне қауіп төнгенін сезген Ахмедов ақыры өз кәсібін еріксіз беруге мәжбүр болады. Бұған…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады. Жиынға қала әкімдігі, аумақтық органдар, сарапшылар, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, Ассамблея мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kzАлматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дархан Сатыбалды Алматының елдегі ең ірі мегаполис екенін айтып, оның ғылым мен білімді дамытудағы рөліне тоқталды. – Алматы Президент белгілеген цифрлық трансформация мен жасанды интеллектке көшу бағытында ерекше рөл атқарады, – деді әкім. Қалада IT нарығы қарқынды дамып жатыр. Еліміздің бұл саладағы қызметінің жартысынан көбі Алматыға тиесілі. Нарық көлемі бүгінде 4 трлн теңгеге жеткен. Қалада…

Толық оқу
ChatGPT

Түркістан облысында еңбек адамының абыройын көтеру мен нақты кәсіби маман даярлауға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» қағаздағы ұран емес, өңірдің еңбек нарығындағы нақты өзгерістердің бастауы болды. Түркістанда осы бағыттағы жұмыс көзге көрінерлік нәтиже беріп, мыңдаған жас өз болашағын техникалық және өндірістік мамандықтармен байланыстыра бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында атқарылған істер мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Әкім әр аудан мен қала басшылығына жұмысты тек есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін ұйымдастыруды тапсырды. Оның айтуынша, жұмысшы мамандығы – бүгінгі…

Толық оқу

Түркістан облысында еңбек нарығын тұрақтандыру мен халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өңірде жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, мыңдаған азамат нақты жұмыс табуға мүмкіндік алды. Бұл шаралар тек есеп үшін емес, әрбір адамның өз әлеуетін ашып, табыс табуына жол ашатын нақты қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жыл басынан бері ұйымдастырылған жәрмеңкелерге 1 257 жұмыс беруші қатысып, барлығы 6 841 бос жұмыс орнын ұсынған. Нәтижесінде 6 761 азамат осы жәрмеңкелерге қатысып, 2 344 адам нақты жұмысқа жолданды. Оның ішінде 878 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 735 азамат…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, жастар, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты,- деп хабарлайды  Ertenmedia Аймақ басшысы Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша тапсырмалар жүктеді. «Мемлекет басшымыз экономиканың салаларын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі өркендетудің, әлеуметтік-экономикалық, инновациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай цифрландыру арқылы отандық экономиканы әртараптандыру, кешенді түрде жаңғырту көзделген. Алдағы үш…

Толық оқу
Асыловты прокурор

Президент Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдап, елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы есебін тыңдады деп жазады Ertenmedia. Кездесу барысында Асылов қоғамда үлкен резонанс тудырған, мемлекеттік мүддеге қатысты және азаптауға байланысты қылмыстық істерді тергеу барысын баяндады. Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық істі жолдап, нәтижесінде 112 адам сотталған. Қазіргі таңда 80 істі тергеу жалғасуда. Арнайы прокурорлар тергеген істер бойынша мемлекетке келтірілген 14,4 млрд теңге шығын өтелген. Сондай-ақ Бас прокурор қылмыстық жолмен табылған қаражат пен мүлікті анықтап, оларды ел экономикасына қайтарудың жаңа тәсілі туралы баяндады. Жалпы, биыл прокурорлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құны 105 млрд теңге болатын мүлікті бұғаттаған. Оның ішінде есірткі қылмысы…

Толық оқу

Талдықорғанда жекеменшік балабақшада балаларға жәндік араласқан тамақ бергені белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Балаларының жейтін асына алаңдаған ата-аналар балабақша асханасынан тарақан араласқан тоқаш, ботқадағы құрт пен нан бетіндегі ұсақ шыбын-шіркейлерді видеоға түсірген. Сондай-ақ ас бөлмесіндегі қабырғалар көгеріп, еден лас, азық-түліктің бетімен жәндіктер жүретінін дәлелдеп көрсеткен. Оның үстіне, ата-аналар балалардың тамағы өте аз мөлшерде берілетінін де айтып шағымданған. Осыдан кейін санитарлық қызмет өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізді. Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Нұрмұхамбет балабақшада санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанын растады. Тексеру аяқталып, жауаптыларға шара қолданылатынын жеткізді.

Толық оқу

Қазақстанда мемлекеттік қолдау тетіктерін ашық бақылауға арналған Baqylauda цифрлық сервисін енгізу жұмысы жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа платформа онлайн режімде мемлекеттік қолдаудың барлық түрін көруге мүмкіндік береді. Ведомство қазір жүзден асатын қолдау тетіктерін бір жүйеге жинақтап отыр. Негізгі мақсат – бюджет қаражаты нақты қайда бағытталды, қандай нәтиже берді, қай саладан қайтарым бар, қай тұста тиімділік төмен деген сұраққа нақты жауап шығару. Осы тәсіл мемлекеттен бөлінетін қаржының өнімділігін арттыруға тиіс. Қаржы министрлігі Baqylauda сервисін Qoldau.kz цифрлық платформасына орналастырған. Қазір жүйеге кейінгі он жылдағы мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі деректер кезең-кезеңімен жүктеліп жатыр. Жұмыс толық аяқталған соң арнайы талдау қай құралдың тиімді,…

Толық оқу

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге арналған редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында редакция алқасы дауыс беру арқылы екінші томның қолжазбасын баспаға дайындау үшін бекіту жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар жеті томдық еңбектің үшінші томының мазмұны талқыланды. Авторлар ұжымының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев басылымның тұжырымдамасы, мазмұны мен құрылымы туралы баяндама жасады. Ол «Алтын Орда» деп аталатын үшінші томның ерекшелігі мен ғылыми жаңалығына тоқталды. Отырыста Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Зиябек Қабылдинов, Мемлекет…

Толық оқу

Алматы облысында ірі агроөнеркәсіптік парк салынады. Бұл туралы Ertenmedia «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа кешеннің құрылысын КТЖ еншілес компаниясы KTZ Express, ресейлік «Славтранс-Сервис» және «ТЛЦ Алатау» бірлесіп жүзеге асырмақ. Құжатқа Мәскеу облысында өткен халықаралық бизнес-миссия аясында Алматы облысының әкімі мен Мәскеу облысының губернаторының қатысуымен қол қойылды. Алматы іргесіндегі жаңадан салынып жатқан Алатау қаласында бой көтеретін кешенге «А» класындағы заманауи қоймалар, температурасы реттелетін қойма орындары, контейнерлік терминал, көтерме және бөлшек сауда орталықтары кіреді. Сонымен қатар, фитосанитарлық бақылау және кедендік рәсімдеу аймақтары да ашылады. Жаңа хаб өндірушілерді, экспорттаушылар мен ірі сауда желілерін ортақ жүйеге біріктірмек. Бұл отандық тауарларды…

Толық оқу