Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген. Мемлекет басшысының гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін: ● «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу; ● Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту; ● Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын қабылдау, ● Ұлттық цифрлық архив құру; ● бизнес өкілдерін тарта…
Автор: editor
Бүгін Талдықорғанда қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің алдында өнер саңлағының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның музыкалық шығармалары орындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс басшылығының атынан еске алуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікті мерейтоймен құттықтап, ЮНЕСКО 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялағанын, сондықтан бұл мерейтойдың дүниежүзілік мәнге ие болғанын атап өтті. — Бүгін Талдықорғанда Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің ауласында, ескерткіш алдында мәдениет майталманының рухына бас иіп, ғасырлық тойын бастауымыздың өзінде үлкен мән жатыр. Осы мектептің жас өрендері ұрпақтар сабақтастығын үзбей, Нұрғиса аталарының…
Облыс әкімінің халықаралық маңызы бар жолдардың бойын ретке келтіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Түркістан-Шымкент-Сарыағаш бағытындағы күрежол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген зерделеу нәтижесі бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиналыста сараланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Жұмысшы топ бүгінгі таңда 137 нысанды аралап, бірқатар кәсіпкерге ғимараттардың сәулетіне қатысты ескерту жасады. Түркістан-Шымкент-Сарыағаш бағытында 33 жанармай бекеті, 69 тамақтану орны, 8 қонақүй, көлікке техникалық қызмет көрсететін 27 нысан бар. 7 нысанның иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуге уақыт сұраса, иесі анықталмаған 3 ғимаратты бұзу жөнінде мекен жайы бойынша аудан әкімдіктеріне ұсыныс жолданды. Ордабасы және Бәйдібек аудандарында орналасқан 4 нысанның иесі нақтылануда», — делінген Түркістан облысының…
Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №51 білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері, ақсақалдар және ата-аналар қатысты. Жаңа да жайлы мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген білім ордасында 65 сынып-комплект бар. Оның ішінде екі мектепалды даярлық сыныбы жұмыс істейді. Мектепте 100-ге жуық педагог еңбек етеді. Жаңа мектеп 33 оқу кабинетімен қатар, үш информатика кабинеті, робототехника сыныбы, STEM зертханасы, графика және модельдеу, мультимедиа, визуалды өнер пәндік кабинеттерімен…
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Алматы облысында салтанатты түрде бастау алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Биылғы мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек. Осыған байланысты облыста арнайы жоспар бекітіліп, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу көзделген. 1 сәуір күні мерейтой аясындағы алғашқы шаралар Жамбыл ауылында ұйымдастырылды. Делегация Қонаев қаласынан шығып, Жамбыл ауданына жеткен соң, аудан әкімі Нұрлан Ертас бастаған жергілікті билік өкілдері мәртебелі қонақтарды құрметпен қарсы алды. Іс-шара Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жалғасын тауып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды. Тағзым рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауданның Құрметті азаматы Серік…
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған. Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Ол мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. 2020-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрінің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болды. Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2022 жылы тамыз айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы облыстық перинаталдық орталықтың күрделі жөндеуден өткен корпусына барып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын медициналық мекемедегі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталған. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа негізгі ғимарат жаңартылып, бөлімдер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек жерасты өткелі бар қорғану орны мен кір жуатын орын толық жөнделген. Облыстық перинаталдық орталық – өңірдегі ең ірі медициналық мекемелердің бірі. Мұнда жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және аналарға медициналық көмек көрсетіледі. Орталықта 557 адам жұмыс істейді. Үш корпустан тұратын мекеме жылына 9 мыңға жуық ананы қабылдайды. Мұнда бір мезгілде 240 адам тұрақты емделіп, 10…
2025 жылдың 28 наурызында Батыс Қазақстан облысында өңірдің мәдени өмірі үшін маңызды оқиға орын алды – Казталов және Ақжайық аудандарында ауыл кітапханаларының базасында екі “Jaña Klub” комьюнити-орталығы ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл – дәстүрлі кітапханаларды жаңғыртуға бағытталған маңызды бастаманың жалғасы. Енді ауыл тұрғындары тек кітап оқып қана қоймай, сонымен қатар білім беру және мәдени шараларға қатыса алады. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Чинкисбаева, «Қазақстан халқына» қорының орынбасары София Айсагалиева және ТАНА қорының негізін қалаушы Камила Лукпанова қатысты. Сонымен қатар, жергілікті халық өкілдері мен балалар да қонақ болды. «Казталов және Ақжайық аудандарында…
Алматыда «Инклюзивті Алматы 2025-2030» қалалық тұжырымдамасы белсенді түрде әзірленуде. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тұжырымдама ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдаудың тұрақты жүйесін құру бойынша әкімдік қызметінің барлық бағыттарын біріктіреді. Бағдарлама қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының басымдықтарын ескере отырып әзірленді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы санаттағы азаматтарды қала өмірінің барлық салаларына толыққанды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 32,5 мың қалалық инфрақұрылым объектілерін паспорттау жоспарлануда. Бұл процесті автоматтандыру үшін нақты уақыт режимінде объектілерді паспорттау мен бейімдеу барысын жедел бақылауға мүмкіндік беретін мобильді платформа құрылды. Бұдан басқа, 2030 жылға дейін ерекше қажеттіліктері бар…
Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында жаңа теларнаның басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның жаңа басшысы Қымбат Хангельдина болса, бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады. Жаңалыққа негізделген телерадио кешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады. «Мамыр айында ақырындап іске қосылып бастаймыз. Жалпы штат саны-80. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді сүзгіден өткізіп, жұмысқа қабылдаймыз. Жұмыс жоспары әзірлену үстінде»,-деді «Qonaev media» телерадиокомпаниясы ЖШС директоры Қымбат Хангельдина. Алматы облыстық телеарнасы деп саналғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджеттен…