Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлемжеліде миллиондаған оқырманы бар блогер Елмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қылмыстық іске ауысуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сотта осындай ұсыныс айтты деп хабарлайды Ertenmedia. Комитет өкілі істі әкімшілік құқық бұзушылық шеңберінде қарауға болмайтын сұрақтар туындағанын жеткізді. «Мәселен, Төлегенова жарнамалаған «Zhana Business» ЖШС-ы курсының нақты құндылығы неде? Оның артында қандай да бір ұйымдасқан қауымдастық бар ма? Курс бағасының негізі қандай? Ұтыс жеңімпаздарын анықтауға арналған автоматтандырылған бағдарламаның алгоритмі қандай? Неліктен жеңімпаздар тікелей эфирдегі лототрон арқылы емес, түсініксіз онлайн жүйе арқылы анықталды? Мұның барлығы Төлегенованың әрекетінде қылмыстық іске жататын…

Толық оқу

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында жасаған бұзақылығы үшін айыпты деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алғашқы сот отырысында судья Әбдіровтің әрекетінен құқық бұзушылық құрамын таппай, істі жылы жауып тастаған болатын. Алайда әуе көлігі прокуратурасы мұнымен келіспей, қайта шағым түсірген. Апелляциялық сот Әбдіровтің іс-әрекетін егжей-тегжейлі қарап, 27 тамызға қараған түні Алматы әуежайының аумағында прокурордың автобуста жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын дәлелдеді. Оның кінәсін оқиға куәгерлері мен полиция материалдары да растаған. Осылайша сот алғашқы шешімді өзгертіп, Әбдіровке 78 640 теңге айыппұл салды. Ақтау прокурорының атышулы оқиғасы қоғамда «мас дебош» ретінде қызу талқыланып, Маңғыстау облысының прокуратурасы арнайы…

Толық оқу

Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды,деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым жиналды. Биылғы ойындар он күнге созылып, ауылдық жерлерден шыққан дарынды спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ақ бидай» турнирінің басты мақсаты – ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызын атап өтті. «Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының…

Толық оқу

Черногория Қазақстанның Дина Тәңсәріні экстрадициялау туралы сұрауын қанағаттандырмады, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдің Жоғарғы соты Бас прокуратураның құқық қорғаушыны Қазақстанға қайтару жөніндегі өтінішін қабылдамай тастады. Сот шешімі заңды күшіне енген. Осы шешімнен кейін «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі мен оның жұбайы Алмат Мұхамеджанов Черногорияда саяси босқын мәртебесіне ие болды. Мұндай мәртебе оларға халықаралық алаңдарда еркін қатысып, Қазақстандағы әйелдер құқығына қатысты мәселені ашық көтеруге жол ашады. Дина Тәңсәрі биыл сәуір айында Подгорицада ұсталған еді. Алайда тергеу соты оны келесі күні босату туралы шешім шығарған. Қазақстан тарабы оған қарсы қылмыстық істі 2023 жылы «алаяқтық» бабы бойынша қозғаған. Кейін құқық қорғаушы Қазақстан президентіне үндеу…

Толық оқу

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарды пайдалану тәртібі жаңарады. Жол жабынында қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақау анықталса, сол бөлікке төлем алынбайды. Жаңа норма биыл мамыр айында Индустрия және көлік министрлігінің ұсынысымен бекітілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Ел аумағында қазір 27 ақылы трасса бар. Жаңа тәртіп бойынша тариф енді тек жүріп өткен қашықтыққа емес, жол сапасына да тәуелді болады. Мәселен, жүз шақырымдық жолдың бес шақырымы бүлінсе, жүргізуші тек жарамды 95 шақырым үшін ғана төлейді. Ақау тіркелген сәтте төлем жүйесі автоматты түрде тоқтатылады, жөндеу аяқталғаннан кейін қайта іске қосылады. Жолдың техникалық ахуалын ұлттық оператор тұрақты бақылауда ұстайды. Ой-шұқыр, жарық немесе өзге…

Толық оқу

Соңғы бірнеше күнде еліміздің әр аймағында ірі жол апаттары тіркеліп, салдарынан ондаған адам қаза тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам көз жұмған. Ал 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш автокөлік бетпе-бет соқтығысып, тағы 10 адам қаза болды. Осы күні Қарағанды облысында болған жол апатынан бес адам мерт болды. Ішкі істер министрлігі марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жұмысы басталып кеткен. «Бұл жай ғана жол-көлік оқиғасы емес, орны толмас қаза. Жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневрлер жасау және қауіпсіздік белдігін тақпау өлімге әкелетін негізгі факторлар»,…

Толық оқу

Қарағанды облысында теміржолдағы жанармай ұрлығы жаппай етек жайған. Ащысу станциясын төңіректеген қылмыстық топ бірнеше ай бойы жүк вагондарынан дизель отынын ұрлап келген, деп хабарлайды Ertenmedia. Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК-ның бірлескен операциясы нәтижесінде ұрлықтың 28 дерегі әшкереленіп, 17 күдікті қолға түсті. Тінту барысында қылмыстық топтың қоймасынан жарты тоннаға жуық дизель отыны, бос канистрлермен қатар, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тәркіленген. Тіпті, қылмыскерлерден табылған қарудың бірі 2017 жылдан бері Ресейдің ішкі істер органында жоғалған ретінде тіркелген. «Жалпы саны 14 тінту жұмысы жүргізілді. Қоймалардан қарумен бірге 26 оқ-дәрі, жеті ұялы телефон және есірткі заттары табылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері. Қазіргі таңда осы…

Толық оқу

Түркістан қаласында халықаралық стандартқа сай жаңа «Ескек есу» арнасы ашылды. Жаңа нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында бой көтерді. Түркістан облысында қазір 112 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Демек, өңірде спортты дамыту ісі жеке-жеке шарамен шектелмей, жүйелі бағытқа айналған. «Ескек есу» арнасының іске қосылуы да сол жұмыстың ең ірі нәтижесінің бірі саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнаның ашылуына орай Түркістанда «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ірі мәдени-спорттық шара өтті. Салтанатқа Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мерғалиев, Байдарка мен каноэде есу халықаралық федерациясының президенті Томас Кониецко…

Толық оқу

Қазақстанның 20 өңірінде бір мезгілде жасанды интеллектке арналған «Decentrathon 4.0» хакатоны өтіп жатыр,деп жазады Ertenmedia.kz. IT саласына қызығатын талапты жастардың басын қосқан ауқымды сайыс Shymkent Hub алаңында да жалғасуда. Мұнда дарынды қатысушылар өз білімін сынап, жаңа технологиялық шешім ұсынуға кіріскен. Shymkent Hub-тың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға 171 команда қатысып жатыр. Қатысушылар жасанды интеллект пен блокчейн бағыттары бойынша тапсырма орындап, жаңа жоба әзірлеуі керек. Негізгі міндет – өзекті мәселеге тың шешім тауып, инновациялық идеяны нақты өнімге айналдыру. Жарыстың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. Осындай алаңдар жас мамандардың тәжірибесін шыңдап қана қоймай, технологиялық ортадағы бәсекені де күшейтеді.…

Толық оқу

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы пункттің ашылуына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ақсақалдар, олармен қатар 94 жастағы тыл еңбеккері Абюр Садықов және жергілікті тұрғындар қатысты,- деп хабарлайды  Ertenmedia Пункттің ашылуы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өтті. Ауыл еріктілері өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл жабдықтар ведомство тарапынан жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Ғимаратта душ, демалу бөлмесі, ас үй және әкімшілік бөлмелер бар. Жаңа пункт екі елді мекенді қамтып, 2000-нан астам адамды өрт қауіпінен қорғайтын болады. «Бүгін Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым…

Толық оқу