Райымбек ауданында шекара қызметі қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Салтанатты түрде пәтер кілттері Нарынқол шекара отрядында табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды. Әрбір пәтердің ауданы – 70 шаршы метр, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Жобаның жалпы құны 124,3 млн теңгені құрады, қаржыландыру облыс әкімдігінің қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Ол әскери қызметкерлерді жаңа баспанамен құттықтап, бұл мемлекет тарапынан ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғап жүрген азаматтарға көрсетілген қамқорлықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. – Бүгін біз тек пәтер кілттерін емес, сонымен қатар мемлекеттің және…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Мердігер компанияның мәліметінше, жолшылар жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіреді. L-VESA құрылыс компаниясы директорының орынбасары Алексей Фоминнің айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған: – Біз «Нарынқол – Сүмбе» жолына орташа жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы – 38 шақырым. Қазіргі уақытта 11 шақырымы ғана қалды. Жаңа жабынның қалыңдығы – 6 сантиметр. Жұмысты осы айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанда 18 жұмысшы…
Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі соңғы жылдары қарқын алды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сапалы білімге тең қолжетімділік жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды. Елімізде осы сала бойынша кешенді жобалар іске асып, құқықтық және әдістемелік негіз кезең-кезеңімен күшейіп келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Инклюзивті білім беруді ілгерілетуде Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы негізгі рөл атқарып отыр. 1992 жылы құрылған мекеме диагностикамен ғана шектелмей, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін әзірлеп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Қазір елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны 240 мыңнан асты. Осыған байланысты мемлекет нақты шараларды қолға алған.…
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдау құжатына қолдау білдіру, нақты міндеттер мен алдағы жоспарларды талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ, барлық аудан, қалалық мәслихат төрағалары бейне-конференц байланыс арқылы қатысты. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздегі маңызды құжаттардың бірі. Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту,…
Әзербайжан соңғы жылдары қауіпсіздік саласында айтарлықтай қам жасап, өз шекарасын жан-жақты қорғайтын көпқабатты ракеталық қалқан орнатуға кіріскен-ді. Бұрын тек «шекараны күзету» деген қарапайым ұғым болса, қазір ол заманауи технологиялардың, жасанды интеллектпен жабдықталған ұшқышсыз аппараттардың және ғарыштық спутниктердің басын қосқан күрделі жүйеге айналып отыр. Әзербайжан шекарасын енді тек құрлықтағы немесе теңіздегі әскерилер ғана емес, күні-түні кезекшілікте тұратын «Barak 8» пен «Arrow 3» секілді ең озық әуе шабуылына қарсы кешендер, жүздеген дрондар мен жоғары дәлдікті бақылау жүйелері күзетуде. Бұл жүйе тек көршілеріне ғана емес, бүкіл өңірге «шекарамызға жақындауға болмайды» деген хабар беріп тұр. Әсіресе Израильде жасалған «Arrow 3» кешенінің маңызы бөлек. Ол…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, 2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан және заң талаптарын бұзып берілген ауыл шаруашылығы жерлер мемлекетке қайтару жұмысы жалғасып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы бағытта «AMANAT» партиясы жанынан құрылған аймақтық «Жер аманаты» комиссиясы Батыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыс атқарған. 2022 жылдан бері өңірде 468 134 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның 97 206 гектары қайта пайдалануға берілген. Қайтарылған алқаптың басым бөлігі ауыл маңындағы жерлер. Олар жергілікті халықтың сұранысына сай, негізінен жайылым ретінде үлестіріліп отыр. Себебі қазір аудан мен ауыл-аймақта ең өзекті мәселенің бірі – жайылым тапшылығы. Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаевтың айтуынша, ауданда 400-ге…
Батыс Қазақстан облысында өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынды ашқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа кезеңін жоғары технологияға, өңдеуші өнеркәсіпке және инновацияға негіздеу міндетін айқындағанын айтты. Оның сөзінше, Жолдауда инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту, көлік-логистиканы күшейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу секілді бірқатар нақты бағыт белгіленген. Өңір басшысы инвестициялық саясатты қайта қарау жөніндегі тапсырмаға да тоқталды. Президент ұстанымына сай, қаржының негізгі бөлігі шикізат саласына емес, өңдеу өнеркәсібіне, шағын және орта бизнеске, жоғары технологиялық жобаларға бағытталуы керек. Облыста былтыр инвестиция…
Freedom Bank Қазақстанда алғаш рет «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге несие беруді толық цифрландырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл кәсіпкерлерді қағазбастылықтан құтқарып, шағын және орта бизнес өкілдеріне цифрлық несие алуға мүмкіндік береді. Енді кәсіпкерлер несие рәсімдеу үшін банкке бармай-ақ, кеңседе отырып-ақ өтініш бере алады. Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 12,6%, кепілзат пен комиссия жоқ. Онлайн-өтініш беру процесі небәрі бірнеше минут уақыт алады. Ол үшін компанияның БСН, басшысының ЖСН және телефон нөмірін енгізсе жеткілікті. Қажетті құжаттардың барлығы автоматты түрде толтырылып, ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Өтініш бойынша шешім үш сағат ішінде қабылданып, несие бір тәулік ішінде компанияның шотына түседі. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін несие…
Абай облысының алдағы қысқа дайындығы тұтас өңірдің өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін стратегиялық міндет. Облыс әкімі Берік Уәли төрағалық еткен жиында жылу маусымына әзірлік пен ауызсу инфрақұрылымы негізгі тақырыпқа айналды. Кеңеске қатысушылардың қатарында басқарма басшылары, көмір тасымалымен айналысатын кәсіпорын өкілдері, сондай-ақ барлық аудан мен қала әкімдері болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Энергетика, ТҮКШ, денсаулық сақтау мен білім саласы басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, өңір басшысына нақты ахуалды баяндады. Әсіресе, жылу көздері мен әлеуметтік нысандардың дайындығы жіті назарда болды. Жиында кемшіліктердің беті ашылды. Кейбір аудан әкімдері дайындық жұмыстарына салғырт қарап, мерзімдік…
Қазақстанда отандық вагон жасау саласын дамыту мақсатында вагон құрастыруға қажетті бөлшектерді ел ішінен сатып алуды заң жүзінде міндеттеу ұсынылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева бюджеттік және квазимемлекеттік қаржы есебінен вагон құрастыруда қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін қолдануды талап ететін мемлекеттік реттеу тетігін енгізу қажеттігін айтты. Депутаттың айтуынша, отандық өндірушілер мемлекеттік тапсырысқа қатысуға дайын, бірақ олардың бастамалары түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болып отыр. «Осыған орай, вагон өндірісінде отандық өнімдерді міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу механизмін әзірлеуді және енгізуді сұраймын. Мемлекеттен қаржыландырылатын жобалар мен келісімшарттарға вагон өндірушілерді отандық жеткізушілерден бөлшектер алуға міндеттейтін талаптарды енгізу қажет», – деді депутат. Мәжілісмен мысал ретінде…










