Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, партия филиалдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық мәслихат өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды ашқан аймақ басшысы Жолдауда айтылған жасанды интеллект, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын дамыту бағытында өңірдің әлеуеті зор екенін атап өтті. – Бұл – еліміздің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық бағыттарды айқындайтын аса маңызды құжат. Президент…

Толық оқу

Бүгінгі таңда экология мәселесі – жаһандық деңгейдегі өзекті тақырыптардың бірі. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жасыл аймақтарды сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы республика көлемінде кеңінен қолдау тауып келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шәкәрім университеті де аталған бастаманы жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырып, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері туған өлкеміздің табиғатын қорғау жолында белсенділік танытуда. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Әсіресе тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару мен оларды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру – экологиялық тұрақтылықтың маңызды бөлігі. Осыған байланысты Химия және экология кафедрасының PhD,…

Толық оқу
RAMS құрылыс компаниясының

Мәжіліс депутаттары аты даудан арылмай келе жатқан RAMS құрылыс компаниясының мәселесін тағы көтерді деп хабарлайды Ertenmedia. Сергей Пономарёв депутаттық сауалында елдегі құрылыс компанияларының заң бұзуларын жіпке тізді. Соның ішінде көпшіліктің наразылығын тудырған RAMS компаниясы да бар. «Телефоным осы компания салған тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан түскен шағымға толып қалған. Компания елдегі ең ірі құрылыс салушылардың сегізінші орнында тұр. Тұрғындар RAMS тұрғызған кешендердің сапасыздығын жиі сынайды. Құрылыс нормасының сақталмауы өз алдына, кейбір нысанда құрылыс жұмысы аяқталмаған күйі қалған. Соған қарамастан, компания жаңадан алып кешендердің құрылысын бастап жатыр», – деді депутат. Айтуынша, RAMS компаниясы бастапқыда тұрғындарға ірі жобаны іске асырып, жолды кеңейтіп, трансформаторлық…

Толық оқу

Қазақстан мен Катар арасында еңбек көші-қоны туралы келісім бекітілді. Енді қазақтар бұл елде заңды түрде жұмыс істеп, қауіпсіздік кепілдіктеріне ие болады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат еңбек мигранттарының келісімшарт жасасуы, виза алуы және елге оралуына дейінгі барлық кезеңдерді реттейді. «Бұл Парсы шығанағы елдерімен жасалған алғашқы келісім. Оның негізгі мақсаты еңбек мигранттарының құқықтарының бұзылу қаупін және олардың мәртебесінің белгісіздігін болдырмау. Бүгінде көптеген қазақстандықтар шетелде табыс табуға ұмтылады. Алайда олар құқық бұзушылықтармен, құқықтық мәртебенің белгісіздігімен, сондай-ақ елге қайтар кездегі қиындықтармен жиі бетпе-бет келеді. Бұл келісім осындай қатерлерді болдырмайды», – деді Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин пленарлық отырыста. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана…

Толық оқу

Қазақстандағы мыс-никель өндіретін жалғыз кәсіпорын «БАСТ» акционерлік қоғамы биыл дивиденд төлемейтін болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания акционерлері 2024 жыл үшін дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдап, оның себебін былтырғы жылдың қорытындысы бойынша табыстың болмауымен түсіндірген. Бұл туралы 9 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланды. «БАСТ» АҚ Абай облысындағы Мақсұт кенішінде мыс және никель кенін өндірумен айналысады. Бұл кен орны 1992 жылы ашылғанымен, барлау жұмыстары тек 2006 жылы басталды. 2018 жылы компания осы жерде мыс пен никель концентратын шығаратын байыту фабрикасын іске қосқан еді. Компанияның негізгі акционері елдегі ең дәулетті кәсіпкерлердің бірі Тимур Турлов. Ол кәсіпорын акцияларының 74,18%-ына иелік етеді. Сондай-ақ, акциялардың…

Толық оқу

Депутат Ермұрат Бапи парламенттік реформа мәселесі қоғамның белсенді әрі жауапты мүшелері үшін сын сағаты екенін айтты деп хабарлайды Ertenmedia. Оның пікірінше, Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы бұған дейінгі үндеулерден әлдеқайда терең әрі батыл. «Қазір әлемнің геосаяси жағдайы алай-дүлей. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде, бәлкім, бізге тыныш қана күте тұрған жөн болар ма еді? Бірақ Президент ешкім мәжбүрлемесе де, елдің ертеңін ойлап, саяси өзгерістердің батыл қадамын жасады. Бұл «Жаңа Қазақстанды» құруға деген шынайы ұмтылыс», – дейді депутат. Бапидың айтуынша, парламенттік реформаның маңызы ерекше. Ол осы салада отыз жылға жуық жүрген азамат ретінде, Парламенттің нақты саяси күшке айналатын кезі келді деп есептейді.…

Толық оқу

Түркістан қаласында жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілген. Оның 440-ы арендалық баспаналар болса, 432-сі кезекте тұрған отбасыларға табысталған. Бұл жайында Түркістан қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша 23 370 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін қалған 512 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады»- деді спикер. Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облыстық «Отбасы банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев биыл шаһарда «Отбасы банк» арқылы несиелік…

Толық оқу

Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті. Samruk-Kazyna Construction компаниясының мамандары апатқа құрылыс материалдарын дұрыс орналастырмаған мердігер кінәлі деп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания таратқан мәлімет бойынша, мектеп құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «Turan Ascent» ЖШС. Жоспарға сәйкес, ғимарат 2025 жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс болған. «Алдын ала анықталған себеп спорт залының төбесіне құрылыс материалдарын дұрыс орналастырмау. Мердігер бір аумаққа салмағы алты тоннадан асатын ауыр жабын материалдарын жинап қойған. Соның салдарынан шатырдың бір бөлігі зақымдалған», – дейді Samruk-Kazyna Construction өкілдері. Қазір оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оған компания басшылығы, техникалық және авторлық бақылау мамандары қатысуда. Сонымен қатар,…

Толық оқу

Мәскеу облысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёв кездесіп, екі өңір арасындағы басым бағыттағы әріптестікті талқылады,деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын Алматы және Мәскеу облыстарының кәсіпкерлеріне арналған бизнес-форум қарсаңында өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев та қатысты. Андрей Воробьёв Қазақстаннан келген делегацияға алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті. – Сіздердің Мәскеу облысына келіп, әртүрлі саладағы ынтымақтастықты талқылауға уақыт бөлгендеріңізге қуаныштымыз. Қазақстандық кәсіпкерлердің жобалары Подмосковьеде іске асса, ал біздің бизнес өкілдері Қазақстанда еркін жұмыс істей алса, бұл екі жақ үшін де тиімді болмақ. Бүгінгі форум осы бағыттағы нақты қадамдардың…

Толық оқу

Түркістан облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі өңір басшылығының басты назарында. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен елді мекендердің әлеуметтік дамуы ең алдымен ауыз су мәселесінің шешілуімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы міндетті орындау жолында Түркістан өңірі қарқынды жұмыстар атқарып келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров ауыз су саласындағы жобалардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Түркістан облысы – республика бойынша бұл бағытта алдыңғы қатарда келе жатқан өңір.…

Толық оқу