Шығыс Қазақстан облысында Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шығыстың көрікті өлкесі – қасиетті Катонқарағай көптеген дарынды тұлғалардың кіндік қаны тамған жер. Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары аясында облыста маңызды рухани шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – облыста белгілі айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылуы. Өскеменде тұсауы кесілген бұл мектеп айтыс өнеріне ден қойған дарынды жастардың басын қосып, бағыт-бағдар беруді, жаңа таланттардың қалыптасуына ықпал етуді көздейді. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға атсалысқан белді ақындардың…
Автор: editor
Artjaq және Yeski Taspa Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» қатысуымен 8 наурызға арналған ерекше шығарылым ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл шығарылымда талантты әртістер Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше музыкалық сый дайындап, М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтың «Анашым» атты аңызға айналған әнін жылулықпен, шынайылықпен және әйелдерге деген зор құрметпен жеткізді. Осы коллаборация танымал әуенге жаңа реңк беріп, әр нәзік жандыға деген шексіз ризашылықтың, сүйіспеншілік және құрметтің көрінісін байқатты. Yeski Taspa командасы баршаны осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, көптеген бақытты сәттер, махаббат, үйлесімділік және жарқын эмоциялар тілейді!
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында керемет дәрігерлер Әмірқұлова Нұргүл Омарқызы және Мұсаепова Әсем Бақытжанқызы жұмыс істейді. Олар — тек әріптестер ғана емес, анасы мен қызы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігер-инфекционист Әсем Бақытжанқызы Мұсаепованың әкесі мен анасы Семей медицина университетінің студенттері болған кезеңдерінде танысқан екен. Екі жастың махаббаты ерекше нәзік әрі таза болыпты. Әскерге аттанып бара жатып, Бақытжан Заманбекұлы сүйіктісінен тек олардың адал сезімдерін кіршіксіз қалпында сақтауды сұрапты. Жігіт өз сөзінде тұрып, үйіне әскерден оралғаннан кейін, 22 жастағы жастар, неке қиыпты. Отбасында алдымен Әсем атты қыз, кейін Айдос атты ұл дүниеге келеді. Нұргүл Омарқызы дәстүрді құрметтейтін жан…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданында қасиетті Құранды толық жаттаған 97 жастағы хафиз, қари әже Жұмакүл Мұратқызымен кездесті. Өңір басшысы ақ жаулықты ананың ұзақ ғұмырын, рухани жолдағы еңбегін жоғары бағалап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Сіз – асыл дініміздің қағидаларын ұстанып, өскелең ұрпаққа имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттаушы тұлғасыз. Сіздің өмір жолыңыз – ұрпаққа үлгі, ұлағатты өнеге», – деді әкім кездесуде. Өз кезегінде Жұмакүл әже аймақ басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, облыс әкімі Қаскелең қаласының тұрғыны, зейнеткер Сәлима Тілеубайқызы Бұлғақбаевамен жүздесті. Аймақ басшысы ардагер ананың өмірлік тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның қазақ қоғамындағы маңызын атап өтті. «Сіз…
Қожайыны бәкене болғанда ергежейліні еске түсіретін, ұртына су толтырып алғандай бет-жүзі дөңгеленген «Кортизол» (Кортизол гормоны көп бөлінетін адамдардың беті дөңгеленіп кетеді дегенді бір жерден оқып қалған еді), не күлейін тұрғанын, не жылайын деп тұрғанын ажыратып болмайтын, көзінен қандай жан екенін тану қиын адам. Дегенмен, осы күлейін деп тұрғаны да, жылайын деп тұрғаны да көз алдына міскінді әкелетін еді. Басының үлкендігі қортық денесімен сәйкес келсеші, тіпті, бұл кемшілігін жасыру үшін қалпақты бастыра киіп алған. Ол қалтарыс-бұлтарысы көп шытырманға бастады — бір-біріне жалғап сала берген барак тәрізді жатақхананың қуыс-қуысына күн түспейді, ызғар кеулеп алған. Ту сыртынан біреу қарап тұрғандай жотасы шымырлады. Төбесі…
«Ертіс концерті» сахнасында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті. Қаланың шығармашылық ұжымдары вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлер дайындап, көрермендерге көктемгі мереке атмосферасын сыйлады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Құрметті әйелдер! Сіздерді осы көктемгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні сіздердің біздің өміріміздегі рөліңіз үшін рахмет айтқым келеді. Бұл жерге әртүрлі мамандықтардың өкілдері жиналды: әскери қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, көпбалалы аналар, іскер әйелдер және т.б. Сіздер қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Сіздерге зор денсаулық, сұлулық және күш-қуат тілеймін»,-деп құттықтады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан облыс әйелдеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Мемлекеттік наградаларға кімдер ие…
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов түрлі салада толағай табыстарға қол жеткізіп жүрген әйелдер қауымымен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 8 наурыз мерекесі қарсаңында Нұрымбет Сақтағанов шығысқазақстандық әйелдердің кез келген нәрсені шын жүрекпен жасап, үйлесімділік пен сұлулық сыйлайтынын атап өтті. Өңірдегі нәзік жандылар білім мен денсаулық сақтау, бизнес, өнеркәсіп салаларында еңбек етіп келеді. Олар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Дегенмен әйелдер мейірімді әрі қамқор ана мен әже, аяулы жар, адал дос болып қала береді. «Сіздер — сұлулық пен нәзіктіктің символысыздар. Әрқайсыңыздың табысқа жету жолдарыңыз бөлек, бірақ сіздерді сенімділік, жауапкершілік және жұмысқа деген адалдық біріктіреді. Өскелең…
Алматы әуежайында қаскөй кепілге алған қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ErtenMedia. Осы оқиғадан зардап шеккен әуежай қызметкеріне қатысты Алматы халықаралық әуежайы оған психолог беріп, әрі қарай барлық қажетті көмек көрсетеді, — делінген әуежай хабарламасында. Оқиғаның мән-жайы 7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған. Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция…
Алматы облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салтанатты жиында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ел дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтті. “Бұл күн – сіздердің мейірімдеріңіз бен ақыл-парасаттарыңызға, қажырлы еңбектеріңіз бен қайсарлықтарыңызға деген ерекше құрметтің белгісі. Сіздер – отбасының тірегі ғана емес, елдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген белсенді мамандарсыздар. Бүгінде облыста басқару саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі – 27 пайыз, ал мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылар – 58 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 52 мыңнан астам көпбалалы аналарымыздың 18 мыңы «Алтын алқа» және «Күміс…
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, — деп жазылған хабарламада. Оқиғаның мән-жайы 7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған. Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция…