Автор: editor

Украинада соғысқаны үшін жезқазғандық 4 жылға сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2022 жылдың күзі Жезқазған қаласында жүрген сотталушы «Г», Қазақстан Республикасының азаматы бола отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен «Интернет» әлеуметтік желісі арқылы шетелдегі қарулы қақтығыс пен әскери әрекеттер туралы хабардар болып, идеологиялық мақсатты көздеп, ол өзінің қайтыс болған әкесі «Г» (1931 жылы туған) Харков қаласының тумасы болғандықтан және шетел билігі орыс ұлтының құқықтарын шектеп жатыр деп санап,  «В» жекеменшік әскери компаниясының (әрі қарай – ЖӘК) құрамында қарулы қақтығысқа қатысу идеясын жүзеге асыруға шешім қабылдаған. Осы мақсатта «Г» шетел мемлекеті аумағындағы қарулы қақтығысқа заңсыз қатысу үшін ЖӘК өкілдерімен байланыс орнатуды бастаған. 2022 жылдың…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу-Дабидің орнықты даму апталығының» (ADSW) ашылуына және Zayed Sustainability Prize марапаттау рәсіміне қатысты. Бұл сапар оның 2025 жылғы шетелге алғашқы сапары болды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Әзербайжан президентімен де тілдесті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Іс-шара аясында Мемлекет басшысы тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері бойынша елдің стратегиялық көзқарасын білдіретін сөз сөйледі. Саммит басталар алдында Тоқаев әлемдік көшбасшылармен бірқатар кездесу өткізді. Соның ішінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке әңгімелесті. Олардың әңгімелесіп тұрған суретін Ақорда жариялады. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan…

Read More

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары арасындағы ауытқушылыққа жол бермес үшін шек қоюды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақпаратты Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратты. Мәліметке сүйенсек: АҚШ доллары 7 теңгеден аспауы керек; Еуро 10 теңгеден аспауы керек. «Бұл өзгеріс  валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайту; қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін ескеріп, оларды сейілту үшін енгізілмек», — деп жазылған хабарламада. Ұлттық банк мәліметінше, бұл шектеудің қолма-қол ақшасыз операцияларға қатысы жоқ.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты – қоғамды толғандыратын түйткілдер мен стратегиялық мәселелерді ашық талқылаудың жаңа деңгейін айқындайтын маңызды құжат. Ол – халықпен ашық диалогтың жарқын үлгісі ретінде ғана емес, мемлекеттік дәрежедегі мәселелердің шешілуін көрсететін мәселелер ретінде маңызды орын алады. Мұндағы екіжақты диалог өзегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ішкі-сыртқы саяси ахуалға байланысты өте маңызды тақырыптарға құрылған. Отандық сарапшы-ғалымдар  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты туралы осындай пікір білдіріп отыр. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұмановтың айтуынша, елдегі реформалар бүгінгі күннің ғана емес, ұзақ мерзімді болашақтың мәселелерін шешуге бағытталған. Қазақстан халқының…

Read More

Ақтөбеде кепілге алынғандардың көршілері мән-жайды айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Stan.kz мәліметінше, қазіргі уақытта марқұмдардың үйін полиция күзетіп тұр. Көршілері үрейленгендіктен есіктерін әлі жауып отыр екен. “Кешкі сағат 20:00 шамасында серуенге шығамыз. Полиция толып тұр екен.»Апа, үйге кіріңдер, аманшылық, қорықпаңдар” деді. Үйге кіріп кеттік. Түнімен ұйықтамадық. Машиналар түнгі 00:00- ге дейін тұрды. Бірдеңе тарсылдағанда машинаға бірдеңе болды ма деп ойладық. Атып шықтық. Сол кезде мына жерден адам шығарып жатқандай болды”,- деді марқұмның көршісі. Оқиғаға қатысты полиция: “Кісі өлтіру” және “Адамды кепiлге алу” баптары бойынша іс қозғады. Айта кетейік, 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалдар ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҰҚК полициямен бірлесе отырып, Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. ҰҚК мәліметінше, терроризмді телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынған. «Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған», — деп жазылған хабарламада. Тергеу барысында олардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша діни әдебиет және басқа да…

Read More

Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы болып Асхат Бекенов тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалғанын хабарлаймыз», — деп жазылған хабарламада. Полковник Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмәмдәді. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанның басында Талғар ауданы полиция бастығының міндетін атқарушы болып Айдар Омаров тағайындалды.

Read More

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді. Ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынды. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда. Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болған.

Read More

Алматыдағы мейрамханада әйелге араша түсемін деп қаза тапқан полицейдің артында төрт баласы қалды. Марқұмның мәйіті туған жері Байқоңырға жеткізілген. Марқұм Нұрсұлтан Несіпбаевқа үш рет пышақ сұққан күдікті бірден қамауға алынды. Ол өзге ел азаматы боп шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «КТК» телеарнасына сілтеп. Қанды қылмыс қаладағы танымал мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта болған. Бақылау камерасына жазылған кадрлардан Нұрсұлтан Несіпбаев бейтаныс әйелді қалай қорғауға тырысқанын көруге болады. Аяусыз соққылап жатқан ер адамға ескерту жасап, сыртқа шығып кетеді. Сөйтіп араларында жанжал туындап, арты полицейдің өлімімен аяқталды. «Қазақтың қызын қорғаймын деп өмірі қыршынынан қиылды. Жолдасыммен көретін жақсылығымыз әлі алда еді ғой. Мына бала-шағаны өсіреміз деген…

Read More

Ақтөбеде үш адам кепілге алынған. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мән-жайды түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған бір әйел кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды», — деп жазылған хабарламада. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. «Оқиға…

Read More