Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден аса ұрлық дерегі анықталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасы сақталуына тексеріс жүргізді. «Тексеріс барысында бұл мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор: editor
Батыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны жаңғыртуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Д.Елеусінов атындағы оқушылар сарайында мектеп оқушыларының қатысуымен экологиялық сынып-сағаты өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып, жалпыұлттық эко-челленджге айналды. Бұл бағыттағы іс-шараларға еріктілер мен белсенді студенттер ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мекемелердің қызметкерлері де қатысып келеді. Экологиялық сынып-сағатымыздың мақсаты – салауатты экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтау қажеттілігін өскелең ұрпаққа жеткізу, еліміздің тазалығына бірлесіп ат салысу», — деді БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Фариза Сұлташева. Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 148 мыңнан астам тұрғын…
Талдықорғанда қаза тапқан Бекпаевтар отбасының жақындары бұған дейін Болат Назарбаевтың мешітіне газ тарту кезінде заңсыз әрекеттер жасалғанын мәлімдеді. Айыптауларға әкімдік пікір білдірді. Бұл туралы NewTimes.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жетісу облысы әкімдігі әзірге нақты қорытынды жасауға ерте екенін мәлімдеді. Газ құбыры заңды немесе заңсыз салынғанын тек тергеу анықтай алады. Ресми деректерге сүйенсек, бұл істі тергеу тоқтатылған жоқ және полицияның бақылауында. Марқұмдардың 16 жастағы ұлы аман қалғандардың ішінде ең ауыр жарақат алған. Ол оттың ішінен жақындарын құтқармақ болып, қатты күйік алған. Жасөспірім ауруханаға денесінің 43% күйік жарақатымен түскен. «Науқас бір айдан аса уақыт жансақтау бөлімінде жатты. Осы уақыт ішінде оған гемодиафильтрация және гипербариялық…
22 наурызда Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді. Осылайша маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Мегафестивальға қатысу шарттары: 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде қатысу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет. Тіркеуден кейін 20 наурызға дейін ұйымдастырушылардан жеке нөмір беріледі. 22 наурыз күні сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін бекітілген орынға каталогқа…
Астанада бірнеше күннен бері қар жауып тұр. Жолдар, тротуарлар мен алаңдар үздіксіз режимде қар мен мұздан тазартылады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 6 наурызда күндізгі ауысымда елордада қар тазалау жұмысына 2 500-ден астам жол жұмысшысы мен 1 385 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 6 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 20 317 текше метр қарды 1 499 ауыр рейспен алып шықты. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 6,8 млн текше метрден астам қар 548 590 ауыр жүк рейсімен шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар…
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сенат дәлізінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Шындалиев Арғын Нығматулин Қазақстаннан тыс жерлерде болуына байланысты іздестіріліп жатқанын айтты. «Халықаралық іздеу жарияланса, онда ол Қазақстанда емес болуы мүмкін. Халықаралық іздеу әрқашан Интерпол арқылы жүзеге асырылады. Біздің құқық қорғау органдары өз бетінше жүргізе алмайды. Интерпол бойынша қызыл бюллетень қойылады, содан кейін Интерпол анықтап, хабарлайды», — деп түсіндірді Шындалиев. Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатқаны хабарланды. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура.…
Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметке ҚҚС-тың жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдаған, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz 20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке енгізілді. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді. Депутат Азат Перуашев бұған дейін мұнымен келіспеді. Оның сөзінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады. «Бүгін Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметтің шекті 3800 АЕК (15 миллион теңге) деңгейіне дейін төмендету туралы ұсынысына жауап ретінде енгізілген ҚҚС шекті мәнін 20 мың АЕК (78 миллион теңге) деңгейінде белгілеу туралы «Ақ жол» фракциясының түзетуін Үкіметтің…
8 Наурыз мерекесі қарсаңында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 23 көпбалалы отбасыға «Береке» коттедж қалашығынан баспана берілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ©Дмитрий Ерофеев Осы күні жаңа үйге ие болғандардың бірі — бес баланың анасы Алтынгүл Шаймерденова. «Бүгін қатты толқып тұрмын, қуанышымда шек жоқ. Үйдің кезегіне тұрғаныма 12 жыл болған. Бүгін өзім сияқты қаншама көп балалы отбасы баспаналы болудың бақытын сезініп жатыр. Әрбір әулетке осындай қуаныш бұйырсын», — деді ол. ©Дмитрий Ерофеев Айта кетсек, «Береке» коттедж қалашығында тағы 107 коттедждің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады…
Түркістан облысында салынып жатқан нысандардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұр. Өткен жылы жоспардан тыс 416 тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексерулер негізінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша 950 хаттама толтырылды. Нәтижесінде, 290 млн теңге айыппұл салынып, оның 262,7 млн теңгесі өндірілді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы аудан, қала әкімдері мен тиісті сала басшыларына заңсыз құрылыстың алдын алу жұмыстарын жүйелеуді, мониторинг жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Облыс аумағында нысандарға рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстарды күшейтіңіздер. Көше-көшені аралап, заңсыз құрылыстарды анықтаңыздар. Нақты сараптама жасап, шара көріңіздер. Жұмыс нәтижесі анық көрініп тұру қажет. Түркістанның сәулеті мен келбетіне аса…
1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық науқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Науқан бір айға жалғасатындықтан, әр аптаға арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген: «Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамаларды, жол белгілерін тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру. «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктер ұйымдастыру, қоқыс жинау жұмыстары. «Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын тазалау, абаттандыру элементтерін сырлау және көгалдандыру. Сонымен қатар,…