Автор: Асылхан Бөрібай

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы VADA тестінен кейін туындаған мәселеге және жекпе-жектің тоқтатылуына қатысты алғаш рет ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Команда таратқан мәлімдемеде жағдайдың өздері үшін де күтпеген әрі жағымсыз жаңалық болғаны айтылған. VADA-ның бірінші тестінде ешқандай заңсыз препарат анықталмаған, ал екінші сараптама нәтижесінде кілтипан пайда болған. «Әлгі ақпарды естігенде төбеден жай түскендей күй кештік. Көптен күткен маңызды жекпе-жекке санаулы күн қалғанда мұндай жағдайдың болғанына қатты қынжылдық. Бізді таңғалдырғаны, алғашқы тапсырған анализ толықтай таза шыққан еді. Алайда екінші сараптамада күмән туғызатын түйткілдер бар деген хабарлама келді», – дейді Qazaq style командасы. Әлімханұлының командасы екі сараптама арасында боксшының тамақтану режиміне…

Толық оқу
Тұрғын үй баспана Алматы

Тұрғын үй көмек Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Ол тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған. Мақсаты әлеуметтік осал азаматтарды қолдау және цифрландыру арқылы процесс ашықтығын қамтамасыз ету. 2025 жылы көмек алу жолы Өтінішті онлайн egov.kz порталы арқылы немесе ХҚКО арқылы жеке түрде беру мүмкін. Негізгі мәліметтер (тұрғын үй иелігі, тіркелу, кірістер, банк шоты) мемлекеттік органдар арқылы тексеріледі. Өтінішті тіркеу үшін отбасындағы барлық жеткіншек жастағы мүшелердің келісімі қажет. ААЖ «Әлеуметтік көмек» жүйесінде нормативтік есеп жасалады, бұл шешім қабылдау процесін жеделдетеді. Кімдер көмек ала алады Тұрғын үй…

Толық оқу
Мәжіліс депутаттары

Мәжіліс депутаттары Үкіметтің халықтың арыз-шағымына берген кейбір жауаптарын сынға алып, нақты нәтиже көрсетуді талап етті, деп жазады Ertenmedia. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың өңірлерге дәстүрлі сапары барысында тұрғындар көтерген мәселенің қаралу нәтижесін қорытындылады. Оның айтуынша, жылына екі рет депутаттар ел ішін аралап, халықтың өтініш-тілегін жинақтап, кейін Үкіметтің осы мәселелер бойынша атқарған жұмысының есебін тыңдайды. «Біз халық айтқан мәселені жүйелеп, бірлесіп шешеміз. Содан кейін Үкімет мүшелерінен атқарылған жұмыс бойынша ашық есеп тыңдаймыз. Бүгін біраз мәселе көтерілді, ұсыныстар айтылды. Алайда кейбір сұраққа берілген жауап сенімсіздеу әрі жалпылама болды. Әр депутат сауалының артында халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін нақты проблема тұр. Сондықтан,…

Толық оқу
жабайы сауда

Қонаев қаласында көптен бері талқыланып жүрген мәселенің бірі Абай көшесіндегі жабайы сауда еді. Жол жиегінде, көпқабатты үйлердің маңы ұзақ жылдар бойы бейберекет сауда орындарының ордасына айналған еді. Көкөніс, жеміс-жидек, тұрмыстық ұсақ заттар бәрі тротуардың үстінде, көлік жүретін жерге жақын тұратын. Бір жағынан, тұрғындарға ыңғайлы көрінгенімен, екінші жағынан қаланың келбетін де, қауіпсіздігін де бұзғаны жасырын емес. Енді осы жерде сквер пайда болды. Қала әкімдігі аумақты абаттандырып, демалатын орын жасап, қасына воркаут алаңын да орнатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми мәлімет бойынша, Қонаев қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны болып бекітілген. Яғни, көшеде емес, арнайы бөлінген…

Толық оқу

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина мәселесі бойынша ортақ шешімге келе алмады. Мәскеуде өткен келіссөзге Ресей жағынан Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков және президенттің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысқан. Ал АҚШ делегациясының қатарында Уиткоффпен бірге Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде Вашингтон ұсынған соғысты тоқтату жоспарының бірнеше нұсқасы қаралғаны айтылды. Ушаковтың айтуынша, сөз тек жалпы саясат туралы емес, өте нақты аумақтық мәселелер туралы болған. Яғни Украинаның қай жері кімнің бақылауында қалуы керек, қандай шекара базалық нүкте ретінде қаралуы мүмкін деген сұрақтар сөз болған. Юрий Ушаков Путин кейбір ұсыныстарға «сыни, тіпті…

Толық оқу

Журналист Михаил Козачков жазғандай, Астанада қазір қызық сот процесі өтіп жатыр. Қазақстанның әуе кеңістігін бақылайтын «Қазаэронавигация» мемлекеттік компаниясы және спутниктік байланыс саласында жұмыс істейтін шетелдік «WASAT TECHNOLOGIES LLC» фирмасы. 2021 жылы тараптар 3,5 млн долларлық келісімшартқа қол қойған. Шарт бойынша шетелдік компания Қазақстанның үш қаласына қымбат жабдық орнатып, диспетчерлік орталықтардың қызметкерлерін оқытуы керек болған. Бұған қоса, спутниктерден ақпарат беру қызметі үшін де айтарлықтай ақы алу қарастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. «Казаэронавигация» елдің бүкіл әуе кеңістігін бақылап, диспетчерлері Қазақстан үстімен ұшатын ұшақтарды бағыттап, әр әуе компаниясы бұл қызмет үшін ақы алтанын білеміз. WASAT-пен жасалған келісім осы жұмыстарды жақсартуға, яғни ұшақтардың қозғалысы туралы…

Толық оқу
Іле-Алатауы ұлттық паркі

Алматы маңындағы Бесағаш ауылының тұрғындары Іле-Алатауы ұлттық паркінің қорғау аймағындағы заңсыз жұмысқа байланысты Президент пен Үкімет басшысына ашық үндеу жолдады, деп жазады Ertenmedia. Жергілікті жұрттың айтуынша, «крутой» біреу ауыл іргесіндегі шамамен 5 гектар жердің құнарлы топырағын күреп, сел қаупі жоғары таудың етегін заңсыз қазып жатыр. Аумақтың құжатында «шаруа қожалығының жайылым жері» деп жазылғанмен, меншік иесінің құрылыс пен жер қазу жұмысына рұқсат қағазы жоқ болып шыққан. Жұртшылық мердігерлерден жұмыс жүргізуге негіз болатын құжаттарды сұратқанда, олар ештеңе көрсете алмаған. «Жақында ғана дәл осы жерде сел жүріп, ауыл халқының мазасы кеткен. Соған қарамастан, мердігерлер заңсыз жұмысын тоқтатпай отыр. Біз биліктен дереу тексеріс жүргізуді…

Толық оқу
Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы үшін биылғы жылдың негізгі экономикалық жаңалығының бірі бюджетке түскен түсімнің 1 трлн теңге шегінен асуы болды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемі 1 триллион теңгеден асқан. Былтыр осы кезеңде 915,1 млрд теңге жиналып, бір жылда түсім 104,5 млрд теңгеге немесе шамамен 11,4 пайызға өскен. Салыстырмалы түрде қарасақ, өңірдің экономикасы да, салықтық база да соңғы жылдары біртіндеп кеңейіп келе жатыр. Өсімнің негізгі бөлігі жергілікті бюджетке түсетін кірістерден түскен. 2025 жылдың он бір айында облыстың өз кірісі 566,8 млрд теңгеге жетті. Ал 2024 жылғы көрсеткіш 468,9 млрд теңге болғанын ескерсек,…

Толық оқу
Қазақстан азаматы

Петербордағы «Шок» радиосының тікелей эфирінде тосын оқиға болды. Қазақстан азаматы студияға баса-көктеп кіріп, микрофонды жұлып алып, Кремльге қарсы үндеу жасаған деп жазады Ertenmedia. Әзір ресейлік күш құрылымдары оның әрекетін мұқият тексеріп жатыр. Оқиға эфирде әдебиет жайлы әңгіме жүріп жатқан кезде болған. Радио қонағы, баспагер Глеб Стафеевтің айтуынша, эфир басталғаннан кейін арада он минуттай уақыт өткенде студия есігін бөгде біреу тарсылдатып қаға бастаған. Есікті ашқан бетте бейтаныс адам жүргізушіге күш көрсетіп, орындыққа жайғасып, тікелей эфирді талап еткен. Талабы орындалмаған жағдайда әлгі жердің күлін көкке ұшыратынын айтып қорқытқан екен. «Ол студиядағы құрал-жабдықтарды өз бетімен басқаруға тырысты. Жағдайды ушықтырмау үшін оны әңгімеге тартуға…

Толық оқу
Әлихан Смайылов

Мемлекеттен жүздеген миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) жұмысы тиімсіз, елге еш пайдасы жоқ жобалармен айналысып отыр, деп жазады Ertenmedia. Жоғары аудиторлық палатаның соңғы тексерісі осыны анықтады. Соңғы бес жылда бюджеттен ӘКК-лардың есепшотына 528 млрд теңге (!) аударылған. Оның жартысынан көбі кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінген. Бірақ нақты инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына, кейбір корпорациялар ақшаны депозитке салып, табысы төмен коммерциялық схемаларға жұмсап келген. Бас аудитор Әлихан Смайыловтың айтуынша, ӘКК-лар қазір өздеріне берілген нақты міндетпен емес, өңірдегі басшылықтың қалауымен ғана жұмыс істейді. «ӘКК-лардың әрекеті көбіне Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді. Олар мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмегендіктен, әкімдіктің жұмыс сапасына да әсер…

Толық оқу