Kaspi банктің акционері, Қазақстанның ең қалталы азаматтың қатарындағы Вячеслав Ким Jusan банкін сатып алуға ниетті. Бұл туралы Manualanomics Telegram-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады, — деп жазады ErtenMedia «Әшкере» арнасына сілтеп. Мәліметке сай, ол Jusan Bank-тің қазіргі иесі, Ахметжан Есімовтің экс-күйеубаласы Ғалымжан Есеновке тиесілі бүкіл акциялар пакетін (99,74%) иеленбек. Jusan Bank-тің иесі ауысатыны және даму стратегиясының өзгеретіні бұған дейін де айтылып жүрген. Егер реттеуші органдар келісім берсе, жақын арада банктің жаңа меншік иесі Вячеслав Ким болмақ. Қазір Kaspi активтер көлемі бойынша елімізде екінші орында тұр (8,2 трлн теңге), Jusan – алтыншы (3,3 трлн теңге). Jusan Bank 2017–2020 жылдары мемлекеттен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді. Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. «Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық форматта қарады. Сот К.-ның мас күйде мұндай әрекеттерді жасағанын анықтады. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін мәлімдеді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданылды», — деп жазылған сот хабарламасында. Алмас…
Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағын ресейлік «Панцирь-С» зениттік-зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Әзербайжан үкіметінің өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады, — деп жазады ErtenMedia. Қазақстанның Көлік министрлігі осы апатқа қатысты алдын ала тергеу есебін жариялап, ұшақ фюзеляжында көптеген тесіктер мен соққы іздерінің бар екені көрсетілген фотоларды ұсынған еді. Әзербайжан тарапы бұдан бөлек сол күні Грозныйда «Ковер» жоспары енгізілгенін, бірақ диспетчер бұл туралы лайнер зақым алғаннан кейін ғана хабарлағанын мәлімдеді. Алғашқы дерек бойынша, Баку – Грозный бағытындағы тұрақты рейс жасайтын ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін…
Алматыда екі айдан аса іздестірілген қыздың денесі Кеңсай зиратының маңынан табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia «КТК» телеарнасына сілтеп. Екі айдан аса уақыт іздестірілген 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды. Телеарна мәліметінше, марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін айдалаға апарып тастаған. Қазір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты. 26 жастағы Айша Хамиттің қазасы бүкіл Қырбалтабай ауылы тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Айша Хамит былтыр қарашада үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып, сол күйі оралмаған. Десе де оның телефонынан жақындарының хатына…
Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағына қатысты Қазақстан жариялаған алдын ала тергеу есебіне түсініктеме берді. Ведомство алдын ала құжатта бірқатар маңызды жайт расталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia Minval.az-ға сілтеме жасап. Ведомство мынадай мәлімдемелер жасады: Алғашқы деректер бойынша Баку – Грозный бағытындағы ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін ақаусыз істеген. Ұшақ Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде, соның ішінде Грозный әуежайы үстінде ұшқан кезде GPS сигналын жоғалтып алған. Грозный маңында ауа райы қолайсыз болып, ұшақ екінші айналымға қонуға мүмкіндігі…
Қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты. Бұл туралы Oyan, Qazaqstan қозғалысы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Оны @qaznews24 сатиралық медиасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдау пикеті үшін 15 тәулікке қамауға алған еді. Әсем оны 15 күн бойы азық-түлікпен, хаттармен қолдағандардың бәріне алғысын жеткізеді. Сатира қылмыс емес!», — деп жазылған мәліметте. Айта кетейік, журналист Әсем Жәпішева 20 қаңтарда 15 тәулікке қамауға алынған еді. Ол сол күні пикетке шыққан болатын. Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды. Ал 18 қаңтарда QazNews24 сатирикалық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiниалауыздықты қоздыру» бойынша…
Үкіметтің брифингінде Көлік министрлігі басшысы жанармай бағасының өсуі такси қызметтеріне қалай әсер ететінін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Orda.kz-ке сілтеп. Министрдің айтуынша, такси қызметтерінің бағасын мемлекет реттемейді. Егер такси жүргізушілері үшін өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылса, бензиннің қымбаттауына қарамастан, такси бағасы төмендеуі мүмкін екен. «Біз өз-өзін реттейтін ұйымдар туралы заң жобасын талқыладық. Соның аясында интернет-агрегаторлар мен такси жүргізушілері өзара келісімге келіп, 1 шақырым жол жүру құнын және агрегаторлардың пайыздық мөлшерлемесін анықтай алады. Бұл – такси жүргізушілері мен агрегаторлар арасындағы нарықтық қатынас», — деп түсіндірді ол. Марат Қарабаев «өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылуына байланысты такси қызметтерінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап…
Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәдина Әбілқасымова қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берді; банк секторында тұрақтылық сақталып тұрғаны жөнінде баяндады: – 2024 жылдың басынан бері банктердің активтері 19,7 пайызға, яғни 61,6 триллион теңгеге дейін өскен; – экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға немесе 33,8 триллион теңгеге дейін ұлғайған; – банктердің жұмыс істемейтін активтері – 3,1 пайыздан төмен деңгейде; – агенттік 21 банкке жыл сайынғы қадағалау-бағалау жұмыстарын аяқтаған. Сондай-ақ 11 банктің активі сапалық тұрғыдан бағаланып, стресс-тестілеу жүргізілген. Аталған шара банк жүйесі активтерінің 85 пайызын қамтыған. Бұған қоса, 400 миллиард…
Әлеуметтік желіде дау тудырған, астаналық имамның үйі деген видеоны таратқан адам жұрттан кешірім сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia. ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы видеоны таратқан адам туралы ақпарат жариялады. «Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем, видеоны өз парақшама салмайтын едім», — дейді…
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халыққа қаражатты қалай үнемдеу керектігі туралы кеңес берді, — деп жазады Ertenmedia. «Несие алмаңдар, iPhone 14, 15, 16 сатып алмаңдар. Сондай-ақ тауарды бөліп төлеу (рассрочка) жолымен алуға да әуес болмау қажет. Яғни, жарнаманың жетегінде кетудің қажеті жоқ. Жәрмеңкелерге барып, барынша үнемдеген дұрыс. Қазіргі таңда «Аманат» партиясының бастамасымен «Қоғам қарызсыз» жобасы іске асып жатыр, сол жерде толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Көптеген жас отбасы кешкі уақытта кино көруге немесе кітап оқуға чипсы, кока-кола секілді дүниелерді пайдаланғанды жөн көреді. Біріншіден, бұл денсаулыққа зиян, екіншіден – артық шығын. Мұндай нәрселерге айына 150-200 мың теңге кетеді. Менің ойымша, халықты үнемшілдікке…









