Автор: Асылхан Бөрібай

18 желтоқсанда Мәскеу қалалық соты Капенов А.А. мен Капенов М.А.-ға қатысты істі қарады. Олардың бастапқы әріптері ҰҚК-ның бұрынғы басшысының бұрынғы күйеу баласы Азамат Капенов пен оның ағасы Медер Капеновтің есімдерімен толық сәйкес келеді. Бұл іске қатысты құжаттарға шектеу қойылған, алайда белгілі болғандай, әңгіме мүлікке тыйым салу туралы болып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Nege-нің дерегінше Ресейде ағайындылар іздеуде жүр. Олар алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық істің фигуранттары: ҚР ҚК 159-бабының 4-бөлігі бойынша. Қылмыстық іс 2022 жылғы 23 желтоқсанда қозғалған. Толық мәлімет белгісіз, бірақ бұлтартпау шарасын таңдау кезінде Капеновтің адвокаты тағылған айыптың қылмыс белгілерін қамтымайтынын, себебі азаматтық-құқықтық қатынастардың келісімшарттық негізде екенін мәлімдеген. «…Сонымен…

Толық оқу

Абай облысында 226 мыңнан астам бала білім алатын 561 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді. -​Семей қаласында биыл мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру және балаларды толық қамту мақсатында 2 жекеменшік балабақша ашылып, 183 жаңа орын пайдалануға берілді. Сонымен қатар қолданыстағы мектепке дейінгі мекемелердің сыйымдылығы 1466 орынға ұлғайтылды. 2027 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша салу жоспарланған. Бұдан бөлек, облыстағы 8700 оқушының орын тапшылығы мәселесі 4 жайлы мектеп пен 6 шағын жинақты мектептің құрылысы арқылы шешілетін болады, – деп мәлімдеді білім басқармасының…

Толық оқу

Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы шенеуніктер, танымал адамдар неге нумерологтарды жағалайтынын жайып салды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құралай Бақытқызы үлкен компания басшылары, жоғары лауазымды шенеуніктер нумерологтардың көмегіне не үшін жүгінетінін айтты. «(Нумерология —  еск.) қазір өте трендте. Үлкен компания не болмаса бизнес ашқанда, маңайына команда жинаған кезде Кайдзен нумерологиясы деген бар. Сандар бойынша адамға орынбасарын, логистика бөлімінің бастығын, кадр бөлімінің бастығын, маркетинг бойынша мықты мамандарды жинап жеруге болады. Қазір басшылар сол бойынша өзіне күшті команда жинап алады. Команда деген ол — бүкіл өміріне күшті стратегия», — дейді ол Adal ADAM-ға берген сұхбатында. Нумеролог өзіне қандай жағдайда шенеуніктер жүгінгенін әңгімелеп берді. «Бізде құпия…

Толық оқу

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу бойынша баяндама жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қазақстанда ЖИ-ді дамыту үшін Үкіметте бес жылдық тұжырымдама қабылданды. Осы тұжырымдама бойынша бірнеше маңызды бағыттар бар. Бірінші – супер компьютерлік инфрақұрылымды құру, екіншісі – заңнамалық актілерді дайындау, үшіншісі – адами капиталды дамыту. Осы бағыттар келесі жылы қарқынды түрде пысықтаймыз», — деді министр. Министр жиын соңында ЖИ арқылы Үкімет отырысынан протокол толтырып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырманы қалай бергенін экраннан көрсетті. Артынша Жасұлан Мәдиев пен Олжас Бектенов арасындағы диалог өрбіп, «бәріміз жұмыссыз қалатын болдық…

Толық оқу

Желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде жәбірленуші тарап — Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы болған Жанна Оразбахова жемқор деген ақпарат тарады. Адвокаттың өзі бұл айыптауларға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Телеграмдағы ВЧК-ОГПУ дереккөзінің мәліметінше, Алматы адвокаттар алқасының мүшесі Жанна Оразбаховаға қатысты жәбірленушілерден көптеген шағым түсе бастапты-мыс. «Мысалы, Оразбахованың әдістерінен зардап шеккен жәбірленушілердің бірі өз оқиғасын айтып берген. Жәбірленушінің қызы зорлық-зомбылық құрбаны болған. Оқиға болғаннан кейін екі ай ішінде адвокат Оразбахова қыздың отбасына екі таңдаудың бірін жасау керегін айтқан: не Жаннаның таныстарына сараптама қорытындысын қажет шешіммен шығару үшін 30 000 доллар көлемінде ақша жинау керек, не қылмыскер ақталып, бостандыққа шығады», — делінген…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың айтуынша, қайырымдылық жасау, волонтерлік — қазақтың өзінің тарихындағы, ДНҚ-мыздағы жақсы құндылық. «Кейбір азаматтар «оның барлығын бір ғана платформаға ауыстырамыз ба?» дейді. Менің ойымша, бұл ешқандай нәтиже бермейді. Реттеу керек пе деген сұраққа жауап берсек, реттеу керек. Бірақ шектеу емес. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет. Тек мемлекеттік бір платформа болсын, сол платформа арқылы жүзеге ассын деген нәтиже бермейтін сияқты. Қайырымдылықты қалай қолдаймыз дегенде екі-ақ қана мәселе керек: ашықтық, сенім. Егер сен сенсең, білсең, есебі болса, онда қайырымдылық жасайсың. Басты мәселе — ашықтық пен сенімділікті арттыру. Ол үшін…

Толық оқу

Депутат Берік Бейсенғалиев атышулы «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының құрылтайшылары арасында өзінің партияластары барынан бейхабар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутатқа журналистер: «Қор құрылтайшылары қатарында Amanat партиясының мүшелері бар екені анықталды. Осыған қатысты партия ішінде тергеу жүргізіле ме?» – деп сұрақ қойған еді. «Шынымды айтсам, қор құрылтайшылары арасында Amanat депутаттары бар екенінен хабарсызбын. Мен тек жауапқа тартылған әйел туралы ғана білемін. Партия депутаттары құрылтайшы болған деген ақпарат маған беймәлім», – деп жауап берді Бейсенғалиев. Ал партия ішінде тексеріс бастала ма деген сауалға депутат қысқа ғана «білмеймін» деп жауап қайырды. Еске сала кетсек, бұған дейін Biz Birgemiz Qazaqstan қорының өкілі Перизат…

Толық оқу

Елордадағы өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстарын атады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жобасы Қазақстан аумағы бойынша іске асырылып жатыр. Соның аясында кезекке тұрудан бастап, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейінгі барлық процедура толық қайта қаралуда. – Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстары: Біріншіден, ваучер алған ата-аналар тізімге енгізілген кез келген балабақшаға орын алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшаларға келушілерді тарту және ұстап тұру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартуға күшті ынталандыру жасайды. Нәтижесінде біз…

Толық оқу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қызметінен босатылды. Аталған лауызымға Бесқарағай ауданын басқарған Талғат Мұратов тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Buzyq дерккөзі экс-әкімнің қызметінен босатылуына Семейде болған жағдай себеп болуы мүмкін екенін алға тартады.  “Бұл шешім педагогтарды орталық алаңдағы шыршаны безендіру жұмыстарына заңсыз тартуымен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін осы себеппен қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кеткен болатын”, — деді дереккөз. Алайда Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарып, Нұрбол Төлегенұлының қызметтен кетуі шырша немесе жарақат алған мұғалім оқиғасымен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Олар бұл жағдайдың тек сәйкестік екенін және әкімнің жұмыстан өз еркімен, қызмет ауыстыруына байланысты кеткенін атап өтті.…

Толық оқу

Алматы әкімдігінің билікті сынайтындарды анықтау үшін бюджет қаражатын жұмсап, арнайы зерттеу жүргізетіні анықталды. Жыл басында қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік сатып алу арқылы интернет кеңістігіне бақылау жүргізу қызметіне тапсырыс берген: әкімдік ақпарат құралдары мен блогерлер қала билігі мен қала басшысы Ерболат Досаевтың жұмысын қалай бағалағысы келгенін білгісі келген. Бұл жөнінде «Настоящее время» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Тендерді «Alem Research» компаниясы жеңіп алған. Ол 10 мың доллар қаражатқа әлеуметтік желіде Алматы әкімінің аты аталған жазбаларды қадағалаған. Компания әкімдікті сынағандардың аты-жөнін де анықтаған. Зерттеушілердің мәліметінше, жергілікті билікке қатысты көп пікір және материал шілдеде тіркелген: ол кезде Алматы әкімінің аты 12 мың…

Толық оқу