Автор: Асылхан Бөрібай

2024 жылғы 28 қараша күні Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің (ҚРСК) отырысы өтті. Кездесу тақырыбы: «Қазақстан және Ресей: екіжақты ынтымақтастықты нығайту». Іс-шара Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орайластырылған. Қатысушылар елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың негізгі аспектілерін, энергетика саласындағы әріптестікті кеңейту жолдарын, су ресурстары саласындағы бірлескен бастамаларды, климаттық күн тәртібін және гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және Ресей Ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты бірлесіп, Ресей СІМ ММХҚИ атсалысуымен  ұйымдастырды. ҚРСК отырысына ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов, РҒА Е.М. Примаков атындағы ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский, Ресей СІМ ММХҚИ…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Түрксіб ауданындағы Әлмерек  ш/а №195 мектеп жанындағы қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Шамамен он жыл бұрын салынған білім беру мекемесінде жобалық қуаты 300 орындық, қазір мұнда  800-ден астам оқушы оқиды. Қала басшысының тапсырмасы бойынша оқушылардың тығыздығын төмендету үшін 450 орындық қосымша құрылыс салынуда. Мектеп химия, биология, физика және информатиканың жаңа кабинеттерімен жабдықталады. Барлық пәндік кабинеттерде интерактивті панельдер орнатылады. Жоба сонымен қатар абаттандыру мен көгалдандыруды да қамтиды. Құрылыс алаңына барған кезде Ерболат Досаев барлық жұмыстарды 2025 жылдың қаңтарында жоғары сапалы құрылыс материалдарын, жайлы мектеп жиһаздарын пайдалана отырып, жаңа оқу тоқсанының басында аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ,…

Толық оқу

Кино – шынайы өміріміздің көрінісі емес пе? XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің үшінші күнінің қатысушыларымен өткен баспасөз конференциясы осыны дәлелдеді. Ең әсерлі фильмдер біздің жадымызда сақталып, адалдық пен үміт туралы сыр шертетінін көрсетті. «Жер ана» фильмінің қоюшы-операторы Исмаэль Бланко Испанияның бос қалып, құрдымға кеткен ауылдары туралы сөз қозғады. Өмір бойы ауылының шаңын жұтып, дала төсінде емін-еркін жүрген тұрғындардың күнкөрісі қиындап кеткен. Бұл жерлерде өмір үшін күресуге тура келеді. Фильмде шөл дала мен мегаполистің тыныс-тіршілігі, артта қалған күндер мен жайлылыққа толы болашақ суреттеліп, қарама-қайшылықтар бейнеленген. – Бұл ауылдардың тұрғындары кәсіби актерлер емес. Олардың бет-әлпеті мен сөйлеу мәнері тарихтан сыр шертеді. Оны ойдан…

Толық оқу

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінде орта қашықтыққа арналған жаңа «Орешник» зымыранының сериялық өндірісінің басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Ведомости» сайтына сілтеп. Оның айтуынша, бұл зымыранның әлемде теңдесі жоқ және ол терең қорғаудағы әрі үлкен тереңдікте орналасқан нысандарды жоюға қабілетті. Путин Ресейдің бұл зымыранды қолдануға мәжбүр болғанын атап өтті. – Біз оны ұрыс жағдайында сынақтан өткізуге мәжбүр болдық. Брянск және Курск облыстарына ATACMS және Storm Shadow зымырандары арқылы жасалған соққыларға жауап ретінде осындай қадамға бардық, – деді ол. Президенттің айтуынша, «Орешник» зымыраны кең ауқымды қолданылған жағдайда соққының күші ядролық қарумен салыстыруға болады. Дегенмен,…

Толық оқу
Путиннің қазақстанға келуі

Астанада өтіп жатқан ҰҚШҰ-ның кезекті саммитінде Владимир Путин Украинадағы соғыс пен Ресей әскерінің мақсаты туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресей басшысы ҰҚШҰ елдерінің басшылары алдында Украина аумағындағы жағдайды баяндап, өз әскерінің майдан даласындағы іс-қимылдары мен қару-жарағы туралы есеп берген. Путиннің сөзінше, Ресей жауынгерлері өздерінің қандай мақсат үшін соғысып, не үшін қан төгіп жатқанын жақсы түсінеді. «Біздің әскерилер өз миссиясының мәнін толық біледі. Бұрын тарихымызда бірнеше рет болғандай, қазіргі ұрпақтың мойнына Ресейді жойғысы келгендердің жолына тосқауыл болу міндеті тағы бір мәрте жүктелді. Сондықтан біздің сарбаздар Отан үшін, елдің және ұрпағының болашағы үшін күресіп жатыр. Осы себептен Украинаға тіпті ең озық…

Толық оқу
жеңілдетілген режим

Алматыда ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 526 теңгеден сатылуда. Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын мойындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы аясында теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңгені еңсерді. Қазіргі уақытта биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4%-ға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңгені құрайды. Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етті «АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс…

Толық оқу
Асхат Аймағамбетов

Экс-министр, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде маңызды пікірін бөлісті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желіде де, қоғамда да тұшымды ой-пікірге, терең талқылауға деген сұраныс азайған, тіпті жоқтың қасы деуге болады. «Қазіргі тренд – жеңіл-желпі әңгіме, тез тарап кететін хайп, жалаң ұрандар мен инфосығандардың рилстары. Бұл бір жағынан, уақыт талабына сай болудың нәтижесі шығар бәрі жылдам, қысқа, қарапайым болғанын қалайды. Бірақ осындай үрдістердің арасында терең мазмұн жоғалып бара жатқаны алаңдатады. Ойланып қарасақ, қоғамның ой-өрісі жеңіл контенттің ағынында қалқып жүргендей көрінеді. Осы орайда заңды сұрақ туындайды: бұл келешекте бізге не береді? Нәтижесі не болмақ? Ұрандар мен хайптар өтпелі, ал терең…

Толық оқу
Түркістан облысында 50 мың гектар жерге

Түркістан облысында биыл 50 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілді. Бұл туралы бүгін Орткомда өткен брифингте облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңір басшысының айтуынша, облыстың басты ерекшелігі халықтың 80 пайызы ауылда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологияларын дамыту және өнімді терең өңдеу негізгі бағыт ретінде қолға алынған. «Елімізде жыл сайын су тапшылығы сезіледі. Түркістан облысына қажет судың 70 пайызы көрші елдерден келеді. Сондықтан егіншілікте суды үнемдейтін жаңа технологияларды қолдануға, тың дақылдар мен сұрыптарды өсіруге ерекше көңіл бөлеміз. Жалпы, алдағы уақытта су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға жеткізіп, суармалы алқаптардың 40 пайызын қамтуды жоспарлап отырмыз.…

Толық оқу
Бибігүл Жексенбай

Сенатор Бибігүл Жексенбай Қазақстандағы заңсыз көші-қонның өсуі еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін басты проблеманың біріне айналып жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол депутаттық сауалында Бас прокуратураның деректерін келтірді, онда еліміздің заңдарын бұзған шетелдік азаматтардың саны 2024 жылы едәуір өсіп кеткен болып шықты. Биылдың өзінде 82 мыңнан астам мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 1,2 мыңға жуық жұмыс беруші шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған екен. «Жалған еңбек шартын, медициналық анықтамаларды жасап, заңсыз есепке қойған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері тұратын қылмыстық топ анықталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің дерегі бойынша қазір 13,2 мың шетел азаматы ресми…

Толық оқу

Кеше Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді. Ресей басшысының сапары қызу талқыға түсті. Белгілі саясаттанушы Асхат Қасенғали бұл сапардың мәнін және неге ол қызу талқыланғанын түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Саясаттанушы әлеуметтік желіде Путиннің сапарын Қытай төрағасының сапарымен байланыстыра сарапқа салды. «2024 жылдың 2 шілдесінде Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келген еді. Оны мемлекет басшысының өзі күтіп алды. Дәл сол сәтте Қазақстанға ШЫҰ саммиті аясында өзге де басшылар келіп жатты. Алайда оларды мемлекет басшысы емес, басқа шенеуніктер қарсы алды. Сол күндері Астанаға Путин де келді. Оны премьер әуежайда қарсы алды. Ресейлік сайттар сол сәтте жарыса жазды. Олар былай деді: «Си Цзиньпинді…

Толық оқу