Автор: Асылхан Бөрібай

АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда өткен референдумның exit poll мәліметтері белгілі болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс-А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев exit-poll нәтижесін жариялады. «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2%-ы қарсы шықты. Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3%-ы АЭС салуға келісім берген, 27,7%-ы қолдамаған. Кеше Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Референдум 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де…

Толық оқу

Танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төраға орынбасары Ғалым Қалибекұлы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Ақын Медеу ауданында орналасқан №172 мектептің №591 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Мен үшін референдумға қатысу маңызды, себебі бұл менің азаматтық борышым. Менің сенімім мен принциптеріме сүйенсем барлығы жауапкершілік танытады және дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін»,- деді Ғалым Қалибекұлы. Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі бар, олар сағат 20:00 дейін жұмыс жасайды.

Толық оқу

Халықтың рефрендумға қатысуы өте жоғары. Алматылықтар да маңызды саяси шараға белсенді түрде қатысып, өздерінің азаматтық позициясын білдіруде. Айталық, азық-түлік жеткізетін курьер, бәлкім, бағыты бойынша учаскеге келіп, референдум күні өзінің азаматтық  борышын өтеді. Осы бір жайт журналистердің назарына ілікті.

Толық оқу

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Облыстың барлық аймағында жалпыхалықтық референдумға қатысу белсенді жалғасып жатыр. Өңірде 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағылар, ауруханадағы науқастар дауыс береді. Өңір басшысы тұрғындарды референдумға қатысып, таңдау жасауға шақырды — Бүгін елімізде маңызды, тарихи күн. Жалпыхалықтық референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

Толық оқу
Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО). Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO,IBF) титулын қорғады.

Толық оқу

Қазақстанда «Даналық — ұстаздан» республикалық акциясы өтуде, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Акцияға 3 миллионнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып,  бір мезгілде «Ұстазым» әнін орындады. Акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тауып, оған  балабақша  тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіру арқылы үн қосты.  Іс-шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. «Сіз де #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалана отырып, сүйікті ұстазыңыз туралы қысқа бейнежазба түсіріп, ұстазыңыздың оқу мен тәрбиедегі үлесі үшін алғыс білдірсеңіз болады», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Қазақстандағы TikTok өкілдігі елде әлеуметтік желіні жабу туралы ұсынысқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. TikTok өкілдері жергілікті халықтың қауіпсіздігін сақтау әлеуметтік желінің ең басты мақсаты екенін атап өтті. «Ең алдымен TikTok платформасында жеккөрушілік негізінде әрекет етуге және жеккөрушілік идеологияларын насихаттауға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікті насихаттайтын адамдардың немесе ұйымдардың болуына жол бермейді. Біз мұндай контентті өшіріп тастаймыз», дейді компания өкілдері. Сонымен қатар,компания өкілдері TikTok 13 жасқа жетпеген балаларға кіруге тыйым салынғанын жеткізді. «Кішкентай балалар әлеуметтік желіні қолданбауы үшін бізде толық туған күнін көрсету талап етіледі. Парақша 13 жасқа толмаған балаға тиесілі екенін автоматты түрде анықтайтын модерация технологиясы бар. Егер парақша кішкентай…

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум төңірегінде пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қарин 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы ел тарихындағы ең ұзақ науқан екенін айтты. «Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар. Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады», — деді ол. Мемлекеттік кеңесші осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысып, бірқатар маңызды мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезінде сөз сөйледі. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан келген судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты. Президенттің айтуынша, әділ сот мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. – Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сот…

Толық оқу

Дубайдан үй алғандар тізімінде облыс не Алматы секілді республикалық маңызы бар қаланы басқарған, әлі де басқаратын азаматтар мен олардың жақындары да бар. Бұл туралы «Азаттық» зерттеуінде айтылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Дерекке сүйенсек, олардың кейбірі мемлекеттік қызметке дейін не кейін кәсіппен айналысқанын айтады. Тағы бірі несиеге жүгінгенін айтады. Америкалық C4ADS ұйымы Азаттыққа Дубайдағы жылжымайтын мүлік реестрін ұсынды. 2020 және 2022 жылдарды қамтитын бұл реестрге қарағанда, Қазақстанның 1550 азаматы жалпы құны 1 млрд доллардан асатын 2700-ге жуық жылжымайтын мүлікке иелік еткен. Бұл тізімнен Қазақстанның қазіргі және бұрынғы шенеуніктері мен олардың туыстары көп кездеседі. C4ADS құжаттарына қарағанда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Дубайда пәтері бар. Оны…

Толық оқу