Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 17 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заңбұзушылықтар расталды. Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad’s Land» ЖШС иелік еткен.
Автор: Асылхан Бөрібай
Денис Теннің өліміне кінәлілердің жазасы жеңілдеген, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz сайтына іслтеп. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды? Жеті айдан кейін, 2019 жылғы 17 қаңтарда қылмыскерлер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов адам өлтіру, ұрлық және тонау бойынша кінәлі деп танылды. Олар қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін олар Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік мекемесінде 4…
ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Кейінгі 3,5 жылда Антикор 65 жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңге болады. Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу дерегі анықталды. «2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.у.а. әшкереленді. Ақша автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді», — деп жазылған хабарламада.…
Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы сотталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 17 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды. Ол бюджет қаражатын жымқыру деректерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. «Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — деп жазылған Антикор хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар, Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу фактісі бойынша Талдықорған…
Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев әлі де тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің сөзінше, Бишімбаев жазасын өтеп отырған кезде жұмыс істей алады. «Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады. Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа…
Алматыда алаяқтық бабымен 5,5 жылға сотталған адвокат Қайсар Жұмағалиевтің ісінде экс-спикер Нұрлан Нығматулин мен атышулы Қайрат Сатыбалдының есімі аталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қылмыстық істің деректеріне қарағанда, Жұмағалиев 2016 жылы Балқаш қаласының кәсіпкері Қуат Сұлтанбековті түрмеден шығаруға уәде беріп, 300 мың доллар сұраған. Кәсіпкердің туыстары істің артында ағайынды Нығматулиндердің мүддесі тұр деп қауіптенген соң, адвокат өзінің Қайрат Сатыбалдымен достық қарым-қатынасы бар екенін алға тартып, мәселені оңай шешетінін жеткізген. Жұмағалиев әуелі кәсіпкерді Шығыс Қазақстандағы колониядан Алматы облысына ауыстыруды, одан кейін істі толық тоқтатуды ұйымдастыратынына сендірген. Осы үшін төленетін 300 мың доллар екі бөлікке бөлініп, адвокат алғашқы 150 мың долларды 2016 жылдың қазанында қолына…
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды. Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. «Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге де ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», — деп…
Қазақстандағы Православ шіркеуі Украинаға басып кіргені үшін Путинге қарсы келген «священникті» жұмыстан қуды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кремль шапқыншылығын айыптаған Иаков Воронцов Қазақстандағы Православ шіркеуін Мәскеумен байланысты үзіп, автокефалияға ұмтылуға үндеген. Оның бастамасымен ұйымдастырылған «соғысты тоқтату» петициясына орыс православ шіркеуінің 300-ге жуық қызметкері қол қойған. «Путинді пір тұтатын бас шіркеуді денацифицикациялау және демилитаризациялау қажет. Еуразиялық одақ? Бұл ұйымнан да үзілді-кесілді бас тартатын уақыт келді», — деген иеромонах. Патриарх Кирилл басқаратын Ресей православ шіркеуі Путин мен оның Украинаға қарсы соғысын белсенді түрде қолдайды — бұл ұстанымдар оның шетелдегі филиалдарына да таралады. Осылай деген Қазақстандағы шіркеу өкілі дүйсенбі күні Патриарх Кириллдің «иеромонах Иаковты…
Академик, бірнеше мәрте депутат болған Оразалы Сәбден Қазақстанның артта қалып қойған басты салаларын атады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғалымның пайымынша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ең алдымен инженерлерден айырылып, тұтас бір техникалық буыннан қол үзіп қалған. «Жоғарғы Кеңестің кезінде біз жаңа экономикалық саясатты қолға алған едік. Сондағы негізгі мақсат – өз өнімдерімізді шығарып, инженерлердің әлеуетін арттыру арқылы елді технологиялық дамуға жеткізу болатын. Қазір сол инженерлер қайда кетті? Кейбіреулер «ұрланған 200 миллиардты қайтарсақ, бәрі орнына келеді» дейді. Иә, ақша қайтарылар, бірақ одан да үлкен қателікке ұрындық қой. Біз отыз жылда техникалық мамандардан толық айырылдық. Мемлекетті алға жетелейтін инженерлік ғылым. Президент Тоқаев былтыр министрлерге…
Нығматуллиндер меншігіндегі дүниені мемлекетке қайтара бастаған сыңайлы. Бұл туралы дереккөздер жазды. Мәліметке сүйенсек, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің әулетіне қатысы бар қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне өткен. Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, «Сарыарқа» хоккей клубын қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bilgen Durys арнасының мәліметінше, «Сарыарқа» клубы бұған дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ағасы Арғын Нығматуллинмен байланысты болған. Арғын Нығматуллин клубты құрып, 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін кеңесшісі болып қалды. Бұған дейін прокуратура 2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойғанын, заң шеңберінде негізгі міндет заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ, мүлікті…










