Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы сотталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
17 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды. Ол бюджет қаражатын жымқыру деректерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — деп жазылған Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар, Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу фактісі бойынша Талдықорған қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бұрын басталған тергеуді аяқтаған. Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты.
«Олар жүйелі түрде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ, өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 4,3 млрд теңге көлемінде залал келтірілді», — деп жазылған мәліметте.