Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жұмыс сапары аясында қаланың әлеуметтік нысандарының құрылысы мен қайта жаңарту барысын тексерді. Әкімнің орынбасары алдымен Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобада тірек құрылымдарын күшейту, тесілген шатыр мен қасбеттік кеспе тастарды, барлық инженерлік коммуникацияны ауыстыру көзделген. Театр жабдықтарын, сахна мен жарықтандыруды 100% жаңарту, жақсы көрінісі мен акустикасы бар көрермен залының классикалық өлшемін сақтау жоспарланған. Сондай-ақ, алаңы 10 мың шаршы метр болатын үш қабатты жаңа ғимарат салу қарастырылған. Жаңа нысанда 200-ден астам орынға арналған сахнасы бар камералық зал, грим бөлмелері, шеберханаға…
Автор: Асылхан Бөрібай
The Washington Post басылымында «Қазақстанның «Ибраһим келісімі жолындағы қызықты саяхаты» атты ірі мақала жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Материалда елдің келісімге қосылуға бағытталған шешімі қалай қалыптасқаны, қандай сыртқы-саяси мақсат көзделгені терең талданған екен. Жалпы мәтінде Қазақстанның қадамы ең алдымен ойластырылған, прагматикалық және мұқият есептелген деп бағаланған. Мақаланың басында бастапқыда Вашингтондағы көптеген тараптар алдында Қазақстанның бұл қадамы таңқаларлық болып көрінгені, келісімге қосылу мотивациясына қатысты сұрақтар туындағаны атап өтілген. Кей тұста бұл қадам «Президент Трампқа арналған белгі секілді көрінеді» деп жазылған. Алайда мақалада Қазақстанның қандайда бір мақсатты көздейтіні де мойындалып, елдің жағдайын ескере отырып, бұл әрекетті табиғи әрі орынды деп бағалаған. Материалда келесі…
Бүгін Кәсіпкерлік кодекстің қабылдануына 10 жыл толуына орай Алматы қаласындағы “Narxoz” университетінде конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қауымдастық, сарапшылар мен академиялық орта қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сөз сөйлеп, Кәсіпкерлік кодекстің қабылдану тарихына, оның құқықтық эволюциясына және қазіргі экономикалық саясаттағы рөліне кеңінен тоқталды. Өз баяндама басында ол қазанның 29 күні қазақстандық бизнес-қауымдастық алғаш рет өзінің кәсіби мерекесі – Кәсіпкерлер күнін атап өткенін еске салды. 2015 жылдың дәл осы күні Кәсіпкерлік кодекс қабылданған болатын, бұл құжат отандық бизнестің құқықтық іргетасы болуға бағытталғанын айтты. Азат Перуашевтың айтуынша, конференция өтіп жатқан…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Мақатта «Таза Мақат» атты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза Мақат» КММ биыл маусымда құрылған болатын. Мекеменің теңгеріміне облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, 17 бірлік арнаулы техника сатып алынды. Жаңа кәсіпорынның құрылуы аудандағы санитариялық тазалықты жүйелі түрде қамтамасыз етіп, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, жаңа мекеменің ұжымын құттықтады. Ол ауданның…
Биыл 10 айдағы есепті басшылыққа алсақ, ЖІӨ-нің ең көп үлесі өнеркәсіп саласына тиесілі екенін байқаймыз. Бұл бағытта өсім 7,3% құраған, деп жазады Ertenmedia.kz. Осылайша, саланың жалпы өсімдегі мөлшері – 30% құрапты. Егер осы нәтижені сауда және көлік салаларымен қоса есептесек, үлес жалпы мөлшердің 70%-нан асады. Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, жетекші салалардағы өсімнің есесіне қаңтар-қазан айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға өскен. Жалпы, 10 айда тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл меже жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр. Олардың ішінде машина жасау – 11,5%-ға,…
2025 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша өңдеуші сектордың негізгі капиталына салынған инвестициялар 34,3 пайызға артты. Бұл көрсеткіш салада белсенді жаңару мен өндіріс қуаттарын кеңейтудің айқын белгісіне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда басты назар қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа өндіріс ошақтарын құруға және өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға аударылған. Мұндай бағыт еңбек өнімділігінің артуына және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін кеңейтуге тікелей әсер етіп отыр. Инвестицияларды тарту мақсатында арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық аймақтар белсенді дамып келеді. 2025 жылы Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жаңа АЭА іске қосылды. Қазіргі таңда елде жалпы 16 АЭА, 61 индустриялық аймақ және 34 шағын өнеркәсіптік аймақ жұмыс…
Алматыға шетелдік және ішкі туристер тарапынан айтарлықтай қызушылық артып отыр. Бұл маркетингтік науқандар нәтижесімен, әуе қатынасының кеңеюімен және халықаралық көрмелерде белсенді жұмыстармен дәлелденіп отыр. Бұл жөнінде Алматының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген қонақтар саны айтарлықтай көбейген. Екінші тоқсанның өзінде қалаға 1,1 миллионнан астам турист келген. Оның ішінде 323,5 мыңы шетелдік, ал 816,5 мыңы ішкі туристер. Шетелдік келушілер арасында Үндістан (56,2 мың адам) мен Қытай (54,1 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда өсім 33,4%) көш бастап тұр. Сонымен қатар, туристердің негізгі легі Түркия (17,9 мың), Оңтүстік Корея (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7…
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру мақсатында «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Еңбек мобилділігі орталығының өкілдері, жұмыс берушілер, заңгерлер, құқықтанушылар, психологтар, жастар қатысты. Дөңгелек үстел ұйымдастырушы әрі жоба жетекшісі Бейбіт Молдахметұлының кіріспе сөзінен басталды. Ол үш жылға созылған жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жобаға белсенді атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс айтты. «Жоба аясында биыл…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары осы аптаның ең көп талқыланған халықаралық оқиғаларының бірі болып, жетекші әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының кең назарын аудартты. Жапонияның жетекші ақпарат агенттігі Kyodo News Тоқаевтың сапары C5+1 форматындағы саммиттің кеңейтілген ауқымда өткенін атап өтті. Агенттік Вашингтонның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өсіп келе жатқан назарын ерекше атап көрсетті. Авторлардың пікірінше, Қазақстан АҚШ-тың маңызды серіктесі әрі өңірлік дипломатияның негізгі буыны ретінде өз ұстанымын нығайтып келеді. Financial Times басылымы сапардың өнеркәсіптік және технологиялық күн тәртібіне басымдық берді. Басылымның жазуынша, Қазақстан – уран өндірісі бойынша әлемдегі жетекші мемлекет, сондай-ақ Вашингтонда стратегиялық маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға және…
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6,4%-ға артты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл көрсеткіш ел экономикасының тұрақты және сапалы өсімге бағыт алғанын айғақтайды. Өсу серпіні өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік сынды негізгі салалардағы оң динамика есебінен қамтамасыз етілді. Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының жетекші сарапшысы Нұрсұлтан Амантай мұндай өсімнің тұрақты әрі теңгерімді сипат алуына инвестицияларды ынталандыру және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың оң әсерін көрсететінін айтты. – Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі жылдық есеппен 6,4%-ды құрады, бұл қаңтар-қыркүйек кезеңіндегі деңгейден 0,1 пайыздық тармаққа жоғары. Өсімнің жеделдеуі…










