Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылы мен «Жастар-3» шағын ауданында газ тарату желілерінің құрылысы биыл аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Округтің барлық елді мекендері көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл «Ынтымақ» тұрғын алабында 44 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды. «Жастар-1», «Жастар-3» тұрғын алабында 60 көшеге асфальт жабыны төселді. Алдағы екі жылда жалпы саны 74 көше асфальтталады. «Жастар-2» тұрғын алабында 12 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл Өтенай ауылында 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған біз Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салына бастағанын хабарлаған едік.
Автор: Лейла Болтаева
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірін кезекті ресми протокол шеңберінен асыпы, ілтипат білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Елшілердің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ильясовпен қысқа сөйлескен Трамп қараша айында Сопақ кабинетінде өткен кездесуді жылы естелік ретінде атаған. Оның айтуынша, Тоқаев халықаралық үдерістерді терең түсінетін, салмақты әрі тәжірибелі мемлекет қайраткері. Мұндай баға дипломатиялық этикет үшін қалыпты көрінгенімен, астарында саяси салмақ бар. Америкалық лидер Қазақстан басшысына жеке лебізін жеткізіп, құрметін нақты ишарамен бекіткен. Трамп Тоқаевқа бірнеше сыйлық жолдаған. Соның ішінде символдық мәні басым «Ақ үй» дің кілті мен өз қолтаңбасы қойылған бейсболка бар. Ақ үйдің…
24 желтоқсан күні сағат 16:00-де Coca-Cola керуені Қонаев қаласына жол тартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы безендірілген фура сағат 17:00-де облыс орталығына жетіп, Алматы, Сейфуллин, Жамбыл және Қонаев көшелерімен жүріп өтеді. Кейін бас шырша орнатылған орталық алаңда аялдайды. Қонақтарға қызықты ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Одан кейін керуен Алматы облысынан Алматы қаласына бағыттайды. Мейрам келе жатыр! Жаңажылдық атмосфераға бірге бөленейік.
Өзбекстан энергетика секторындағы реформаларын тереңдетіп жатқан тұста Түркиямен әріптестікті күшейтуге баса көңіл бөліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өзбекстанның энергетика министрі Жорабек Мырзамахмұдов «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс тек бір жобамен шектелмейді, мұнда тізбек түгел қамтылған. Энергеияны өндіру, генерация, инфрақұрылым салу, әрі қарай аймақтық энергетикалық жүйелерге кіріктіруге дейін толық қамтылған. Мырзамахмұдов Түркияның тәжірибесін ерекше атап өтті. Өзбекстан энергетикалық нарықта реттеуші орган құру секілді реформаларға кіріскенде Анкара қолдау көрсеткенін айтты. Түрік компаниялары Өзбекстандағы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына ерте кіріп, нақты жобаларға жауапкершілік алған. Соның ең айқын мысалы ретінде Самарқанд облысындағы тарату желілерін басқару және жаңғырту бойынша халықаралық тендерді…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникация қызметінде брифинг өткізіп, өңірдің 11 айдағы даму көрсеткішін қорытындылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Туризмді дамытуда ТОП-3 құрамында Биыл Маңғыстауда экономикалық өсімнің негізгі көрсеткіштері оң динамика көрсетіп, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,9 трлн теңгеден асса, инвестициялар көлемі 105,4%-ға өсіп, 949,9 млрд теңгені құрады. Құрылыс, транспорт, сауда, байланыс салалары да тұрақты даму үстінде. Соңғы үш жылда Маңғыстауға 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған. Тек бір жылдың өзінде өңірге 3 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылды. Жалпы 2026-2032 жылдары құны 10 трлн теңге болатын 55 жоба жүзеге асырылып, 8,8 мың жұмыс орны ашылмақ. Биылдың өзінде 19…
Түркістанда Жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» салтанатты іс-шарасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығы алаңында орнатылған бас шыршаның шамы жағылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жиналған жұртшылықты келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтады. – Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тағы бір белесті еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Әрине тарихта әрбір жылдың орны ерекше. Әсіресе, біз үшін қастерлі саналатын жылқы жылын еліміз береке мен жетістіктер жылы деп санайды. Сондықтан, біз алдағы жылдан толайым табыстар, барлық саладан жетістіктер күтеміз. Өтіп бара жатқан жыл…
Бүгін таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 515,02 теңге болған деп жазады Ertenmedia.kz. 23 желтоқсандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары мынадай: Астана 1 АҚШ доллары: сату – 520 теңге, сатып алу – 513 теңге. 1 еуро: сату – 542 теңге, сатып алу – 533 теңге. 1 рубль: сату – 6,58 теңге, сатып алу – 6,40 теңге. Алматы 1 АҚШ доллары: сату – 517,5 теңге, сатып алу – 514 теңге. 1 еуро: сату – 539 теңге, сатып алу – 532 теңге. 1 рубль: сату – 6,60 теңге, сатып алу – 6,43 теңге. Шымкент 1 АҚШ доллары:…
23 желтоқсан күні біреумен тіл табыссаң іс жүреді, үндемей қалсаң ойың ішіңде қала береді. Жаңа жылға жақындаған сайын адам өзіне және айналысына есеп беруі керек. Бүгін сөздің салмағы бар, шешімнің де салмағы бар. Ендеше Ertenmedia.kz ұсынған жұлдыз жорамалға көңіл тоқтатып оқып шық. Тоқты Бүгін өз мақсатыңа қайта бір қараған дұрыс, аяқталмай тұрған істі бітіріп ал. Қарқын бар, бірақ асығыстықтан ұсақ нәрсені ұмытып кетпе. Бір шешімді тез қабылдайсың, кейін түзетемін деп жүрме. Кешке қарай тыныс ашылып, көңіл орнығады. Торпақ Жақындармен, әріптеспен сөйлессең, пайдасы тиеді. Ақшаға қатысты бір ой қылаң береді, соны қағазға түсіріп қой. Бүгін ұсақ үнем үлкен нәтижеге…
Қонаев қаласында Энергетиктер күніне арналған салтанатты жиын өтіп, сала мамандарына құрмет көрсетілді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы күн сайын жарық беріп, өндіріс пен әлеуметтік нысандарды тоқтатпай ұстап тұрған адамдардың еңбегі зор, деп жазады Ertenmedia.kz. Сол себепті үздік қызметкерлерге «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгілері, Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ Алматы облысы әкімі атынан марапаттар табысталды. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев энергетиканың стратегиялық маңызын нақтылап өтті. Технология жаңарып, тұтыну өсіп жатқан кезде кәсібилік пен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бірінші орынға шығатынын айтты. Өңірде бүгін 15 мыңға жуық маман энергетика саласында еңбек етіп жүр, олардың күнделікті жұмысы өндірістік кәсіпорындар…
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының құрамымен кездесіп, ұжымды ел Кубогын иеленуімен құттықтады. Сол сияқты команда жаттықтырушыларына, медицина қызметкерлеріне, ойыншыларына марапаттар тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Команда тарихында алғашқы жеңіс — Кубокты иеленулеріңізбен баршаңызды құттықтаймын. Бұл жеңіс ұжымның бірлескен еңбегінің, бір кісідей жұмылған береке-бірлігінің нәтижесі. Волейбол командалық ойын, сондықтан мұнда физикалық жаттығумен қатар психологиялық қолдау да, техника мен тактика да маңызды. Бұл тұрғыда жігіттердің дайындығы жақсы. Біздің команданың 90% өзіміздің отандық спортшылар, соның 6-уы жетісулықтар. Бұл жергілікті жастардың тәжірибесінің шыңдалып, өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта сіздерді ел Чемпионатының ІІІ туры мен Суперкубок ойындары күтіп тұр. Осы…










