24 сәуір, жұма күні Қазақстанның батысында, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде жаңбыр жауып, ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +20…+22°C. Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C. Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +25…+27°C. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C аралығында. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +8…+10°C. Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел…
Автор: Лейла Болтаева
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай Қазақстан бюджеті бір тәуелділіктен өтіп, тағы бір кіріптарлыққа ұрынғанын айтты. Оның ойынша, соңғы кезде бюджет кірісіндегі мұнайға тәуелділік төмендесе де, оның орнын қарыз алу басып барады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бюджет кірісі 3,65 триллион теңге ғана болған. Себебі, Қазақстанда технологиялық апаттар салдарынан мұнай өндірісі күрт азайып, бюджетке экспорттық баж салығынан түсетін кіріс былтырғыға қарағанда 54 пайызға құлдырады. Алғашқыда «Жұманғарин эффектісі» бюджетке біршама оң әсер етті. Жаңа Салық кодексі арқасында бірінші тоқсандағы салық түсімдері 29,4 пайызға өскен. Алайда бұл өсім мұнай саласындағы шығындарды толық жабуға жеткіліксіз. Үкіметтің қарызға тәбеті артып бара жатыр. Биылдың өзінде мемлекеттік…
Қазақстанда фермерлерге жеңілдетілген несие алу үшін малды міндетті түрде чиптеу талабы қойып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа заң жобасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мал басын өз қаражатына чиптеу міндеттелмек. Министрлік соңғы екі жылда 23 субсидия түрінен бас тартып, енді тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген несиелеуге көшуге ниетті. – Несие алғысы келген фермер міндетті түрде мал басын чиптеуі тиіс. Бұл алынған қаржының мақсатты түрде пайдаланылуын қадағалауға мүмкіндік береді. Осы жүйеге біртіндеп көшетін боламыз, – деді Бердалин. Қазір министрлік малдың есебін жүргізетін ескі деректер базасын жаңа орталыққа ауыстырып жатыр. Чиптеу – мал басын…
Астанада RES-2026 Өңірлік экологиялық саммиті аясында ҚР Энергетика министрлігі мен Азия даму банкі ұйымдастырған «Орталық Азияның тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз ету: таза энергия және инновациялар» атты негізгі сессия өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен энергетика саласының сарапшылары қатысты. Сессияны ашқан министр Ерлан Ақкенженов Орталық Азияның таза энергетика саласындағы әлеуетіне тоқталып, өңірдің энергетикалық көшу бойынша маңызды аймақтық орталыққа айнала алатынын жеткізді. Ол энергетикалық қауіпсіздік, тұрақты экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Шараның бірінші бөлімінде қатысушылар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, заманауи энергия сақтау технологияларын енгізу…
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан мен Тәжікстанның Энергетика министрлері Ерлан Ақкенженов пен Джума Далер Шофакир екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Тәжікстанның отын-энергетика саласындағы серіктестігі аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатынын атап өтті. Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, әсіресе теміржол арқылы қазақстандық көмірсутектерді жеткізудегі көпжылдық тәжірибені одан әрі дамытуға келісті. Бұл ретте екі ел де экспорттық-транзиттік бағыттарды экономикалық тиімділік пен логистикалық сенімділік негізінде дамытуды көздейді. Тәжікстандағы «Рогун ГЭС-інен» экологиялық таза электр энергиясын Қазақстанға ұзақ мерзімге импорттау мәселесі болды. Бұл жоба аймақтық су-энергетикалық теңгерімді реттеуде…
Жетісу облысындағы Достық көлік-логистикалық торабының мүмкіндіктері кеңейіп, өткізу қабілеті артып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында ашылған «Алакөл» өткізу бекетінде көлік жолақтары саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 800 автокөлікке дейін жеткен. Сонымен қатар, бұл бекетте қызмет көрсету толықтай цифрландырылып, жаңа заманауи технологиялар енгізілген. «Алакөл» кеден бекетінің бас маманы Айдын Әңгібаевтың айтуынша, жаңа цифрлық жүйелер көліктерді тексеру уақытын екі есеге қысқартқан. Бұрын жүргізушілер тексеріс кезінде көліктен шығуға міндетті болса, қазір мұндай талап алынып тасталды. Цифрлық жүйе арқылы жасанды интеллект автокөліктердің сканерленген суреттерін пилоттық режимде өзі талдап, өткізу процесін жеделдеткен. Өткізу бекеттерінің қуаты артқандықтан, осы жерде көлік-логистикалық орталықтар дамып жатыр. Соның…
Маңғыстау облысында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күні кітап оқуды насихаттап, оқырман мәдениетін қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақтаудағы Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада ашық есік күні ұйымдастырылып, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Келушілер кітап жәрмеңкесін аралап, жаңа басылымдармен танысты. Интеллектуалды ойындар мен викториналар да оқырмандардың қызығушылығын арттырды. Облыстық білім басқармасының бастамасымен «Кітапхана трансформациясы: тәжірибе, трендтер, тәсілдер» тақырыбында семинар өтті. Семинарда кітапхана жұмысын жетілдіру, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды. Практикалық бөлімде қатысушылар тәжірибе алмасып, қазіргі заманғы жұмыс тәсілдерін ортаға салды. «Жасанды интеллект пен кітапхана: білімнің жаңа көпірі», «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» атты…
Елордада «Ағалар ерлігі – ұрпаққа аманат!» атты әскери-патриоттық акция өтті. Аталған шара аясында Қарулы күштер қатарына шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараға болашақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, әскери қызметшілер, «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері, ардагерлер, Сенат депутаттары мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты. Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің басшысы Руслан Балтеміров жастарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, биылғы көктемгі шақыру науқаны аясында елордадан 1400-ге жуық жас әскер қатарына алынбақ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков өз құттықтауында Қарулы күштердің ел қауіпсіздігі мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөліне тоқталып, үздік…
Қазақстанда психологтардың жұмысы мемлекет тарапынан реттелмек. Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы бұл саланы әуесқойлардан тазартуға, бірыңғай реестр құруға және жұмыстың нақты ережелерін белгілеуге бағытталған. Сарапшылар мен психолог мамандар бұл қадамды қолдайды, бірақ бірқатар маңызды ескертулері бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа заң психолог мамандарға нақты талаптар қойып, кәсіби деңгейі мен құзыретін растайтын мемлекеттік реестрге тіркелуді міндеттейді. Сондай-ақ, клиентпен жұмыс істеу тәртібін де реттейді. Атап айтқанда, психолог өз біліктілігі туралы ақпарат беруге, жұмысының әдістерін түсіндіруге, клиентпен ресми келісімшарт жасауға міндетті болады. Жаңа ережеге сәйкес, психолог мәселе өз құзыретінен тыс болса, клиентке көмек көрсетуден бас тартып, егер клиенттің өміріне…
Қазақстанның құрылыс секторы 2026 жылдың басында жоғары қарқынмен дамып отыр, бірақ өсім біркелкі емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы құрылыс көлемінің артуына негізінен ірі инфрақұрылымдық жобалар мен инженерлік құрылыстар ықпал етуде. Дегенмен, бұл жағдай саланың тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі құрылыс белсенділігі көбінесе мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді болып отыр. 2026 жылдың қаңтар-ақпанында құрылыс жұмыстары екі таңбалы өсімді сақтағанымен, оның базасы әлі де тар әрі жекелеген өңірлерде ғана шоғырланған. Өңірлік тұрғыдан қарағанда да өсім біркелкі емес. Құрылыс жұмыстарының көлемі 18 өңірде артты. Ең жоғары қарқын Ұлытау облысында тіркелді – 143,7%, одан кейін Қызылорда облысы – 62,3%, Солтүстік Қазақстан облысы – 45,0%, Түркістан…










