Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында ұлттық киімге арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтуде. Көрмелер, фестивальдер, челлендждер мен мәдени бағдарламалар арқылы ұлттық мұраның маңызы кеңінен насихатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласындағы Арбат жаяу жүргіншілер аймағы мерекелік фотоаймаққа айналды. Мұнда бүркітшілер, тазы ұстаушылар, батырлар бейнесіндегі кейіпкерлер мен ұлттық киім киген қыз-келіншектер ерекше атмосфера қалыптастырды. Киіз үй, дала стиліндегі композициялар мен гүлмен көмкерілген кеңістіктер келушілерге ұлттық болмысты жақыннан сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шараның көркін «Талдықорған әуендері» ансамблінің музыканттары аша түсті. Ұлттық киімдегі өнерпаздар қала тұрғындарымен естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар «Ақ дариға әжелер» ансамблі сахнаға шығып, көпшілікке ерекше жылылық сыйлады. Құрамында 38-82…
Автор: Лейла Болтаева
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдын алу шаралары Алтай ауданындағы Богатырево, Зубовск және Быково ауылдары маңындағы Бұқтырма өзенінде өтті. Екі күнге созылған жұмыстар барысында 52 245 шаршы метр аумақтағы мұз ұсақталды. Осыған ұқсас жұмыстар Үлкен Нарын ауданындағы Сенное ауылы аумағында да жүргізілді. Мұнда 9 076 шаршы метр жер қамтылып, өзендегі мұз қабаты бөлшектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, мұндай шаралар мұздың біртіндеп қозғалуына жағдай жасап, өзен арнасының бітеліп қалу қаупін азайтады. «Мұз жару жұмыстары су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз етеді. Бұл елді…
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба шеңберінде Қастек шатқалынан бастап Шарын ұлттық табиғи паркіне дейінгі 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут толық зерттелді. Бұл бағытта табиғи ландшафттар, тарихи-мәдени нысандар және инфрақұрылым мүмкіндіктері жан-жақты қамтылды. Зерттеу барысында қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылып, маршруттар жүйеленді. Нәтижесінде дайын бағыттар 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты цифрлық платформаларға енгізілді. Бұл туристер үшін жолды алдын ала жоспарлауды жеңілдетіп, нақты бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді. Жобаның тағы бір маңызды тұсы – қауіпсіз саяхатқа жағдай жасау. Маршруттардың цифрландырылуы туристердің адасып кету тәуекелін азайтып,…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан ресми хат келіп түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Хатта Ақ үй басшысы биыл ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы аясындағы кездесуді жылы еске алған. Трамп бұл жүздесудің өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткенін атап өтті. АҚШ президенті Қазақстан басшысын алдағы кезеңдегі маңызды халықаралық шараларға шақырды. Атап айтқанда, Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңында Майами қаласында өтетін G20 саммитінде кездесуді күтетінін жеткізді. Бұл шақырту екі ел арасындағы саяси диалогтың жалғасып жатқанын көрсетеді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары қауіпсіздік, экономика және жаһандық тұрақтылық мәселелері төңірегінде дамып келеді. Сарапшылардың…
Қазақстанның әуе компанияларының ұшақтарында интернет қолжетімділігі жақын уақытта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, жаңа қызмет алдымен елге келетін заманауи әуе кемелерінде іске қосылады. Атап айтқанда, сөз Boeing 787 Dreamliner ұшақтары туралы болып отыр. – Алдымен осы жаңа ұшақтар интернетпен жабдықталады. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Талғат Ластаев. Вице-министрдің болжамынша, жолаушылар үшін борттағы интернет қызметі жақын арада қолжетімді болады. «Бұл қызмет жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында іске қосылуы мүмкін», – деді ол. Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық бағыттарда ұшады. Дегенмен, олардың негізгі бөлігі ұзақ қашықтыққа арналған…
Иран Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Ларижанидың қазасы елдегі саяси жүйенің күрделі табиғатын тағы бір мәрте көрсетті. Қуанышбек Қаридің айтуынша, Ларижанидың өмір жолы мен саяси тағдыры Ирандағы билік құрылымының көпқабатты әрі қайшылыққа толы екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. 28 ақпанда Иранның жоғарғы көсемі қаза тапқаннан кейін Әли Ларижани уақытша саяси ықпалға ие тұлға ретінде алға шықты. Сол кезеңде билік тармақтарының басым бөлігі оның ықпалында болғаны жасырын емес. Алайда көп ұзамай ол Израильдің зымыран соққысы кезінде қаза тауып, бұл ақпарат біраз уақыт ресми түрде расталмай, кейін ғана мемлекеттік арна арқылы жарияланды. Қуанышбек Қаридің пікірінше, бұл жағдай Ирандағы ақпараттық саясаттың жабық сипатын…
Алматыда 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті дамыту бағытында жүргізілген жұмыстар сараланып, әдеп нормаларын сақтау мен алдын алу шаралары күшейтілгені айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов мемлекеттік қызметте құқық бұзушылықтың алдын алу негізгі басымдыққа айналғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл бойы мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілген. Тек төртінші тоқсанда ғана мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтарға және ұйымдарға кеңес беріліп, көмек көрсетілген. Сонымен қатар ондаған лекция мен семинар ұйымдастырылған. – Әдеп кодексі қазір формальды құжат емес. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қалыптастыратын нақты құралға айналды. Қоғам тарапынан…
Маңғыстау облысында 15 наурыз күні дүниеге келген сәбиге ерекше есім берілді. Нәрестеге Атазаң есімі қойылып, оны перзентханадан шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара перзентхана алдында ұйымдастырылып, жас ана мен сәби жақындарының ыстық ықыласымен қарсы алынды. Жиналғандар сәбиге ақжарма тілектерін айтып, денсаулық, бақыт пен жарқын болашақ тіледі. Бұл оқиғаның маңызын арттырған жайт жаңа туған сәбидің аттасы, Түркістан облысынан арнайы келген 16 жастағы Атазаң Дохтырханның қатысуы болды. Сирек есімді иеленген екі буын өкілінің кездесуі ерекше символдық мәнге ие болды. Жасөспірім әкесі Еркебұлан Тұрғынбаймен бірге келген. Оның айтуынша, бұл есім ұлына үлкен сеніммен берілген. – Біз ұлымызға бұл атты…
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әділ Жұбанов мүгедектігі бар ересек адамдардың қамқоршыларының әлеуметтік қорғалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда ересек жастағы, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, соның ішінде психикалық аурулары бар азаматтарға қамқорлық көрсетуші адамдардың еңбегі мемлекет тарапынан жеткілікті дәрежеде бағаланбай отыр. – Олардың емделуін, күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау сияқты барлық міндет қамқоршылардың мойнына артылған. Бұл қамқоршылар тәулік бойы жауапкершілікті өз мойнына алады. Алайда қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесі олар үшін ешбір базалық әлеуметтік кепілдікті қарастырмайды, – деді депутат. Соның салдарынан, ересек жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтын азаматтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкіндігінен…
Түркістан облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту мақсатында қытайлық танымал блогер Тао Минсю (taotaoaima) Наурыз мерекесі қарсаңында өңірге арнайы сапармен келеді. Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогер Түркістанның тарихи және заманауи көрікті орындарын әлемдік аудиторияға көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар барысында блогер «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, қазақ халқының рухани құндылықтарымен танысады. Сондай-ақ, шығыс стилінде салынған заманауи «Керуен сарай» туристік кешенін аралап, өңірдің қазіргі инфрақұрылымын көріп қайтуды жоспарлап отыр. Бағдарламада Отырар қалашығы сияқты ежелгі өркениет орталығына да арнайы бару қарастырылған. Бұл арқылы блогер тарихи орындарды аралап, қазақ тарихының тереңдігі мен байлығын сезіну мүмкіндігіне ие болады. Сапар аясында…










