Автор: Лейла Болтаева

Бейбіт Исабаев

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өңірдегі нәзік жандылармен салтанатты кездесу өткізіп, арнайы құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы академиялық драма театрында ұйымдастырылған мерекелік шараға облыстың түкпір-түкпірінен әр салад еңбек етіп жүрген 500-ге тарта әйел жиналды. Театр ғимараты көктем мерекесіне сай гүлмен көмкеріліп, салтанатты түрде безендірілді. Жиынға келген қонақтарға бір шоқ жауқазын гүлдері мен естелік сыйлықтар, арнайы құттықтау хаттары табыс етілді. Өңір басшысы өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы ерекше рөлі мен олардың еңбегіне тоқталды: – Қазақ қоғамында әйелдің орны әрқашан биік болған. Ана мен баланы қолдау, отбасы институтын нығайту бүгінде мемлекеттің басым бағыттарының біріне…

Толық оқу
Тимур Сүлейменов

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов орынбасары Берік Шолпанқұловтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Шолпанқұлов жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Ұлттық банк басшысы бұл шешімнің жақында орын алған резонансты жағдаймен байланысы жоқ екенін, екеуінің уақыт жағынан сәйкес келуі тек кездейсоқтық екенін ерекше атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бір банктің көрші елден 7 триллион теңгеден астам қаражат аударғанын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов нақты ақша аударымы туралы емес, банктің жалпы ақша айналымы жөнінде сөз болғанын айтты. Дегенмен осы мәлімдемесінен кейін келесі күні-ақ Президент оны…

Толық оқу
Жандосов Сүлейменов

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов белгілі қаржыгер Ораз Жандосовтың «айна операцияларына» қатысты айтқан сынына жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін Алматыда өткен форумда Жандосов Ұлттық банктің ішкі нарықтан алтын сатып алу тәжірибесін «қателік» деп бағалаған болатын. Қаржыгердің пікірінше, еркін айналымдағы теңге жағдайында алтын сатып алу кезінде шығарылған қосымша теңге көлемі валюта сату немесе басқа стерилизация құралдары арқылы нарықтан шығарылмаған. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, Жандосовтың пікірі негізінен «айна операцияларын» әлдеқайда ертерек бастау қажет еді дегенге саяды. Ұлттық банк басшысы Қазақстанның теңгенің еркін айналымы режиміне 2015 жылы өткенін, ал алтын сатып алу механизмі 2011-2012 жылдардан бері қолданылып келе жатқанын атап өтті. Жандосов болса,…

Толық оқу
Команда

Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» ерлер волейбол командасының ұжымымен кездесіп, алғаш рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуларымен құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы командаға алдағы Қазақстан Республикасы XXXIV чемпионатының маңызды ойындарында сәттілік тіледі. – «Жайық» командасына қарсы өткен бәсекеде «Жетісудың» барлық ойыншысы жоғары шеберлік көрсетті. Жігіттер әрбір позицияда сенімді әрі нәтижелі ойын өрнегін танытып, Суперкубокты жеңіп алдыңыздар. Бұл – сіздердің ұзақ уақыт бойы көрсеткен қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Әсіресе ойыншылардың, жаттықтырушылардың және медицина қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі екені анық. Ендігі мақсат – чемпиондықты жеңіп алу. Ол үшін барлық мүмкіндік бар, тек өздеріңізге деген сенім мен еңбектеріңіз керек. Сіздерге алдағы ойындарда жеңіс тілеймін, –…

Толық оқу
Шыңғыс Әрінов

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ алаңында төтенше жағдайдың алдын алуға арналған цифрлық шешімдерін таныстырған болатын. Өз кезегінде министр Шыңғыс Әрінов жасанды интеллект, нақты уақыттағы мониторинг және апат қаупін болжау жүйесі ел қауіпсіздігі үшін маңызды бағытқа айналғанын айтқан еді. Осы шараға қатаысқан Ertenmedia.kz Шыңғыс Әріновтен аз-кем сұхбаттасқан еді. Енді сол сұхбатта назараларыңызға ұсынамыз. – Шыңғыс Сайранұлы, Қазақстан БҰҰ өкіліне төтенше жағдайдың алдын алуға арналған қандай шешімдерді ұсынды? – БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі басқарма басшысы Камал Кишормен кездесуде министрліктің стратегиялық жоспарлау және жедел басқару мәселесін кеңінен сөз етті. БҰҰ делегациясына төтенше жағдайды талдау, алдын ала болжау…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысында 2026 жылдың 15 наурызына жоспарланған республикалық референдумға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы орайда облыстық аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шараға облыстық және Түркістан қалалық аумақтық референдум комиссияларының мүшелері, сондай-ақ қалалық учаскелік комиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысты. Семинарда референдум өткізу тәртібі, комиссия мүшелерінің дауыс беру күні атқаратын іс-әрекеттері және референдум барысында қолданылатын онлайн-сервистер жөнінде нақты нұсқаулықтар берілді. Қатысушылар үшін тақырыптық викторина ұйымдастырылып, учаскелік референдум комиссияларының өкілдері арасында белсенді пікір алмасу жүрді. Бұдан кейін референдум комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары тестілеуден өтіп, аталған маңызды шараны ұйымдастыру бойынша білімдерін пысықтады. Осы жиын аясында Түркістан…

Толық оқу
дайындық

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі референдум учаскелерінің дайындық деңгейімен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Комиссия өкілі референдум учаскелерінің техникалық жабдықталуын, дауыс беру кабиналарының орналасу тәртібін, ақпараттық-танымдық материалдардың сапасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайларды жан-жақты тексерді. Түркістан облысы бойынша республикалық референдумға барлығы 948 дауыс беру учаскесі дайындалған. Оның ішінде ерекше режимдегі 26 жабық учаске бар. Бұл маңызды саяси науқанды сапалы әрі ашық ұйымдастыру мақсатында облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі жұмысқа тартылып отыр. Мамандардың шамамен 90 пайызы әртүрлі деңгейдегі сайлау шараларын өткізу тәжірибесіне ие білікті азаматтар. Референдум барысында Түркістан облысы бойынша 1 миллион 187 мыңнан…

Толық оқу
медиктер

Еліміздегі стерильді медициналық комплектілерді өндіру саласында көшбасшы саналатын Dolce компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын толықтай қолдайды, деп жазады Ertenmedia.kz. 1998 жылдан бері медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіпорында бүгінде 350-ден астам маман еңбек етіп жүр. Компания қызметкерлері мен басшылығының пікірінше, Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум – әрбір азамат үшін елдің жарқын болашағы жолындағы жауапты таңдау. Ұжым мүшелері жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары әділеттілік, тұрақтылық және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттары ел дамуына берік әрі сенімді іргетас болатынына сенім білдірді. – Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы біз мемлекетіміздің демократиялық негіздерін одан әрі нығайтып, әлеуметтік әділеттілікке бағытталған реформалардың іске асуына жол ашамыз. Бұл…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстан аумағында 6 наурызда ауа райы тұрақсыз болады. Бұған еліміздің солтүстік-батысынан келетін бірнеше циклонның әсері себеп. Республика бойынша жауын-шашын болжанып отыр. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік аймақтарда боран соғуы ықтимал. Оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылай бастайды. Абай облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Аймақтың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні орталық пен солтүстікте секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, шығыста 10 градус аяз, күндіз 4 градус аяз бен 1 градус жылы…

Толық оқу
Ғылым

Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды. 1. Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану: а) ауа сапасының өзекті мәселелерін зерттеу. Жобаны әске асыру мерзімі – 30 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша – 2026 жылғы шілде). Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі – 2026 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2028 жылға – 40 млн теңгеден аспайды. 2. Өмір және денсаулық туралы ғылым: а) пәнаралық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер. Жобаны іске асыру мерзімі – 18 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар…

Толық оқу