Автор: Лейла Болтаева

Конститутция

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялап, оның мақсаты саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы үдерісіне оң ықпал ету екенін атап өтті. 8 қазанда Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар фракцияларының өкілдері кірді.…

Толық оқу
құндыз

Кембридж университетінің ғалымдары жаңа зерттеу арқылы адамдардың жұптық өмір салтына адалдығы приматтардан жоғары, бірақ құндыздарға қарағанда төмен деген қызық қорытындыға келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандар бұл тұжырымға жан-жануарлардың және түрлі кезеңдерде өмір сүрген адам топтарының генетикалық деректерін пайдаланып анықтаған. Олар әртүрлі жануарлар мен тарихи қоғамдардағы толық және жартылай туыс бауырлардың үлесін сараптаған. Зерттеу нәтижесіне сай, жұптық өмірге бейім жануарлар мен қоғамдарда толыққанды туыс бауырлардың үлесі жоғары. Ал көпсерілі некеге немесе тұрақсыз қарым-қатынасқа бейім топтарда жартылай бауырлардың үлесі басым. Эволюциялық антрополог Марк Дайбл жетекшілік еткен ғылыми топ жануарлар мен адамдардағы жұптық адалдық деңгейін есептеудің жаңа әдісін әзірлеген. Нәтижесінде адамзаттың жұптық өмірге бейімдігі орта…

Толық оқу
Нұрдәулет Қилыбай

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Салли Аксуорси бастаған делегацияны қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жүздесу барысында өңірдің экономикалық өсімі мен инвестициялық әлеуеті жан-жақты талқыланды. Әсіресе көлік-логистика, энергетика, инфрақұрылым және экология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың географиялық және транзиттік мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Ол Ақтау және Құрық теңіз порттарының стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, аймақтың Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі орнына ерекше мән берді. Сондай-ақ әкім осы салаларда соңғы жылдары айтарлықтай ілгерілеушілік бар екенін, инвесторларға заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға толық мүмкіндіктер қарастырылған. Біз Ұлыбританиямен ұзақ мерзімді,…

Толық оқу
Гүлдана

Еңбек адамы күн сайын көзге көп түсе бермесе де ел экономикасының тұрақты дамуына күнделікті үлес қосатыны анық. Ertenmedia.kz тілшілері «Ақнефть» тұз зауытының операторы Гүлдана Кесекованың еңбегімен танысып, аз-кем сұхбат құрды. Өз кезегінде кейіпкеріміз өндірістегі оператор жұмысының қыр-сырын, еңбек адамының қоғамдағы орны мен жұмысшы кәсіптің қадірі туралы көкейде жүрген ойларымен бөлісті. – Гүлдана ханым, сіз үшін еңбек адамы деген ұғым нені білдіреді? – Еңбек адамы дегенде мен ең алдымен күн сайын өз міндетін үнсіз атқарып жүрген қарапайым маманды елестетемін. Ол зауытта, далада, цехта, ауруханада, мектепте немесе басқа салада жүруі мүмкін. Ең бастысы өз ісіне адал болуы. Біз өндірісте жұмыс істейміз. Мұнда…

Толық оқу
дүкендер

Талдықорған қаласында жаңартудан өткен әлеуметтік дүкен есігін ашты. Осылайша облыс орталығында әлеуметтік азық-түлікпен қамтудың «Жетісу» ӘКК желісі бойынша жұмыс істейтін сауда нысандарының саны жетіге жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Дүкендер қала тұрғындарына қажетті тауарларды нарық бағасынан шамамен 20-25 пайызға арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысы «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мен жергілікті кәсіпкерлердің тығыз ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты. Дүкен сөрелерінде тұрақтандыру қоры мен «айналым схемасына» қатысушы өндірушілер ұсынған әлеуметтік тауарлардың 19 түрі бар. Мысалы, бірінші санатты жұмыртқаның ондығы 550 теңгеден, күнбағыс майының литрі – 510 теңге, күріш – келісі 380 теңге, картоп – 180 теңге, сәбіз –…

Толық оқу
ет экспорты

Түркістан облысы ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты жоспармен, жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсіресе мал шаруашылығы саласында елеулі жетістіктер бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бастамасымен мал шаруашылығын дамытуда шаруаларды кооперативтерге біріктіру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық бақылауды күшейту және субсидиялау жүйесін цифрландыру міндеттері қолға алынған. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысы республикадағы мал шаруашылығы бойынша көшбасшылық орнын сақтап отыр. Бүгінде еліміздегі ірі қара малдың 14 пайызы (1 млн 105 мың бас), ұсақ малдың 22 пайызы (4 млн 432 мың бас), жылқының 11 пайызы (492 мың бас), түйенің 14 пайызы (40,9 мың бас) облыс үлесінде. 2025 жылы өңірде…

Толық оқу
Ганнибалдың шайқасы

Испания археологтары 2200 жыл бұрын өмір сүрген пілдің сүйегін тапты. Мамандардың айтуынша, бұл сүйек кезінде Римге басып кірген әскердің «соғыс машинасына» тиесілі болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Испанияның оңтүстігіндегі Кордова қаласының маңындағы Колина-де-лос-Кемадос қазба орнынан табылған тобық сүйегіне радиокөміртекті зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде, бұл піл б.з.д. IV ғасырдың басы мен III ғасырдың соңында өмір сүргені анықталды. Сол кезеңде қазіргі Тунис аумағында орналасқан Карфаген мемлекеті Жерорта теңізіндегі ықпал үшін Рим Республикасымен күрес жүргізіп жатқан болатын. Тарихи деректер бойынша, карфагендіктер соғыс барысында пілдерді белсенді пайдаланған. Атақты қолбасшы Ганнибалдың 37 пілді Испания мен Франция арқылы жүргізіп, Альпі тауларын кесіп өтіп, Италияға басып кіруге тырысқаны…

Толық оқу
«Шелл Қазақстан» компаниясы

ҚР Энергетика министрлігі мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімшарт жасасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімге Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров пен «Shell» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрайымы Сюзанн Куган қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, «Шелл Қазақстан» компаниясы белгіленген учаскеде сейсмикалық зерттеу жүргізіп, геологиялық деректер жинап, техникалық бағалау жасайды. Барлық іс-шаралар заңнама талаптарын сақтай отырып және тиісті рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көмірсутек қорларын ұзақ мерзімге арттыруға бағытталған. Оның ойынша, жаңа жоба аймақтағы тұрақты экономикалық өсімге серпін береді. Ал «Шелл» компаниясының Қазақстандағы…

Толық оқу
WOH G64 жұлдыз

Астрономдар ғаламдағы ең ірі әрі жарық жұлдыздардың өмірі туралы жаңа мәліметтерге қол жеткізді. Мұндай алып жұлдыздар рок-жұлдыздар секілді жарқырап туады, қысқа әрі ғаламат өмір сүріп, ерте сөнеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеушілердің айтуынша, Үлкен Магеллан бұлтында орналасқан WOH G64 атты алып жұлдыздың тағдыры танымал рок-музыкант Джими Хендрикстің өмірін еске түсіреді. Бұл жұлдыздың массасы Күн массасынан 28 есе үлкен, ал диаметрі Күннен 1500 есе үлкен. Егер ол Күннің орнында болса, беткі қабаты Юпитер мен Сатурн орбиталарының арасына дейін созылған болар еді. Ғалымдардың соңғы 30 жылдық бақылауы көрсеткендей, WOH G64 ерекше жұлдыз. 2014 жылы ол қызыл түстен сары түске өзгеріп, беткі қабатының температурасы…

Толық оқу
АҚШ Тимір Сейітмұратов

АҚШ-та тұратын саясататнушы, жерлесіміз Тимур Сейітмұратов Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайды эмоциясы мен жеке көзқарасын араластырмай сараптап шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, әлемдік соғыс дегеніміз АҚШ пен Қытайдың арасындағы қақтығыс. Бірақ дәл қазір оның ықтималдығы төмен. Қытай үшін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы соғысқа алаңдағанын пайдаланып, Тайваньға шабуылдауға оңтайлы кезең туғандай көрінгенімен, қазір оған ішкі және сыртқы жағдайы мүмкіндік бермей отыр. Бір жағынан, Қытай жоғары әскери басшылығын қамтыған «генералдар бүлігінің» салдарын еңсеруге тырысып жатса, екінші жағынан экономикалық мәселелері қоғам ішіндегі жағдайды шиеленістіріп отыр. АҚШ Иранға шабуыл жасау туралы шешім қабылдарда осы факторларды есепке алды, дейді сарапшы. Тимур Сейтмұратовтың айтуынша, Ирандағы белсенді әскери…

Толық оқу