Астрологтар 5 наурыз күнін ерекше қарбалас әрі маңызды өзгерістерге толы болады деп болжады. Бұл күні күтпеген жаңалықтар, тың идеялар мен тағдырлы шешімдер қабылдау мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Жұмыста жаңа міндеттер немесе күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін. Батылдық пен көшбасшылық қабілетіңізді көрсетсеңіз, мәселелерді жылдам шешіп, табысқа жетесіз. Торпақ Күн тыныш жұмыс пен жоспарлауға қолайлы. Қаржылық мәселелерге абайлап, асықпай шешім қабылдағаныңыз жөн. Егіздер Күтпеген хабарлар немесе әңгімелер жоспарыңызды өзгертуі мүмкін. Ұсақ-түйекке мұқият болыңыз және асығыс қорытынды жасамаңыз. Шаян Қақтығыстардан аулақ болыңыз – эмоциялық дау еш пайда әкелмейді. Қазіргі таңда істерге назар аударып, сабырлық сақтау маңызды. Арыстан Шығармашылықпен айналысуға, өзіңізді көрсетуге қолайлы уақыт.…
Автор: Лейла Болтаева
АҚШ Ирандағы күрд оппозициялық топтарымен қару-жарақ беру және көтеріліс ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. CNN арнасының хабарлауынша, Президент Дональд Трамп әкімшілігі ирандық күрд жасақтарын қаруландырып, оларға қолдау көрсетуді талқылап жатса керек. Дегенмен, келісімнің нақты жасалған-жасалмағаны әлі белгісіз. Күрд жасақтары Иран билігіне қарсы ұзақ уақыттан бері белсенді күрес жүргізіп келеді. Олар елдің батысындағы Күрдістан провинциясында жиі шабуылдар ұйымдастырады. Сондай-ақ Ирак пен Иран шекарасында белсенді әрекет етеді. Америкалық арнайы қызметтер бұған дейін Ирак пен Сириядағы күрд жасақтарымен белсенді жұмыс істеген. 2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіргеннен кейін, күрдтерге қаржылай, әскери және техникалық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, Сириядағы азамат соғысы кезінде…
Қазақстанның басым өңірінде 5 наурыз күні ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағында жауын-шашын түсіп, желдің екпіні күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. Алматыда да ауа райы құбылмалы, қар аралас жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1…+1°C, күндіз +6…+8°C болады. Шымкентте жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 7-12 м/с, кейде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C. Ақтауда ауа райы ашық, жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы 5-10 м/с, температура түнде +1…+3°C, күндіз +7…+9°C. Ақтөбеде күн…
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери соққылары тек Таяу Шығыстың емес, Америка Құрама Штаттарының ішкі саяси ландшафтын да күрт өзгертуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылы өтетін АҚШ Конгресінің аралық сайлауы қарсаңында басталған бұл соғыстың Республикалық партия ішінде айтарлықтай алауыздық тудырғаны байқалып отыр. Бұған дейін біртұтас көрінген Дональд Трамптың «Американы қайта ұлы ету» қозғалысы Иранмен соғысты қолдау төңірегінде пікірталастарға ұшырады. Бірқатар консервативті саясаткерлер мен танымал тұлғалар Трамп АҚШ-ты Израильдің мүддесі үшін соғысқа тартып отыр деген айыптауларын ашық айтты. Әсіресе, танымал журналист Такер Карлсон өзінің соңғы эфирлерінде бұл соғысты «Израильдің соғысы» деп атады. Ол жағдайдың ушығуына тікелей Израиль билігін кінәлаған болатын.…
Маңғыстау мен Беларусьтің Гродно облысы арасында өзара ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құжатқа қол қойылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін, 4 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Беларусь Республикасынан келген делегация – Гродно облыстық атқару комитетінің төрағасы Юрий Караев бастаған өкілдермен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Жүздесу барысында тараптар өңіраралық әріптестікті кеңейтудің нақты қадамдарын айқындады. Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін өндіру, ағаш өңдеу өнеркәсібі, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, кездесуде Маңғыстау мен Гродно облыстары арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған «Жол картасына» қол қойылды. Аталған құжат инвестиция тарту, бірлескен бизнес-форумдар мен В2В форматындағы кездесулер өткізуге бағытталып, ауыл шаруашылығы,…
Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымын жаңарту жұмысы ауыз су, табиғи газ, электр желісі және жол сапасы сияқты күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін бағыттарға негізделіп отыр. Өңір халқының басым бөлігі ауылда тұратындықтан, инженерлік желілерді жеткізу әлеуметтік саясаттың ғана емес, экономикалық дамудың да өзегіне айналды. Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев сұхбатта газдандырудың қазіргі қарқыны, ауыз су мәселесі, электр желісін жаңарту және алдағы жылдарға арналған жоспар туралы кеңінен айтты. – Тоқтар Оразұлы, Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымын дамыту неге негізгі басымдыққа айналып отыр? – Түркістан облысының ерекшелігі халықтың көп бөлігі ауылда тұрады. Облыс тұрғындарының шамамен 75 пайызы ауылдық елді…
Түркістан облысында техникалық реттеу және метрология талаптарын бұзған бірқатар кәсіпорындарға ірі көлемде айыппұл салынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді. 2025 жылы департамент 254 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 235 құқықбұзушылықты анықтаған. Тексерулер нәтижесінде жалпы сомасы 13 млн 571 мың 046 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдар салынған. – Тексеру қорытындысы бойынша салыстырып тексеруге қатысты берілген 209 сертификаттың күші жойылды. Сондай-ақ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесіне қатысты бірлескен тексеру нәтижесінде, өлшем құралдарын тексеру ережелерін бұзып берілген 5 101 сертификаттың күші жойылды. Бұған қоса, «Қазақстандық…
Түркістан облысында биылғы жылы 200 мың гектардан астам жайылым жер ортақ пайдаланымға берілді. Бұл туралы арнайы брифингте Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жалпы, Түркістан облысының жер қоры 11 миллион 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 4 миллион 527,3 мың гектар. Ал елді мекендердің үлесі – 807,8 мың гектар. Өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылып отырған жер – 140,4 мың гектар, ерекше қорғалатын аймақтар – 431,4 мың гектар, орман қоры – 3 миллион 29,87 мың гектар, су қоры – 134,6 мың гектар. Ал облыстағы босалқы жерлердің көлемі 2 миллион 539 мың гектарға жеткен.…
Алматыда алдағы республикалық референдумға дайындық аясында арнайы брифинг ұйымдастырылды. Іс-шараның өткені «Ауғанстандағы ардагерлердің үйлестіру кеңесі», «Ер Азамат» және «Almaty Azamattyq Alliance», «Дауыс» сынды қоғамдық ұйымдар атсалысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Брифинг барысында Конституциялық өзгерістердің маңызы, азаматтық белсенділіктің қоғамды дамытудағы рөлі және бақылаушылардың міндеттері кеңінен сөз болды. Ұйымдастырушылар Алматы қаласында 2500-ден астам тәуелсіз бақылаушыны даярлау бойынша арнайы бағдарлама басталғанын хабарлады. Бұл бастама әсіресе жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, сайлау процестерінің әділдігін қамтамасыз етуге сеп болмақ. «Social project management» орталығының басшысы Александр Бартенковтың айтуынша, бақылаушыларды дайындау сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр. – Тәуелсіз бақылаушы сайлау процесінің толыққанды қатысушысы. Сондықтан олардың біліктілігі мен дайындығы аса маңызды. Біз…
Астанада Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ел астанасында орналасқан бұл әскери бөлімнің сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтап, стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетіп, төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Жиынға жалпы саны 1200-ден астам әскери қызметші, оның ішінде мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар мен офицерлер қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының басты қағидаттары жан-жақты талқыланып, оның ел дамуына тигізер оң әсерлері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Конституцияның жаңа нұсқасы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы ортақ жауапкершілікті күшейтуге баса мән беретіні сөз болды. – Жаңа Конституция қоғамның әділеттілікке…










