Автор: Лейла Болтаева

геолакация

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қалыптасып жатқан жаңа цифрлық әдеттің бірі – геолокациямен бөлісу. Олар әлеуметтік желілерде өздерінің қайда жүргенін жиі көрсетіп отырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың айтуынша, геолокациямен бөлісу әрқашан қауіп төндіреді, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін. Олардың көпшілігі әлі де цифрлық қауіпсіздік дағдыларын толық меңгермеген, бұл оларды түрлі қауіп-қатерлерге ашық етеді. Геолокацияны көрсетудің нақты қандай қаупі бар? Біріншіден, сталкинг, яғни бақылау немесе аңду қаупі. Тіпті жақын «досы» жасөспірімнің қайда, кіммен жүргенін бақылау мақсатында ақпаратты қолдануы мүмкін. Екіншіден, әлеуметтік инженерия арқылы алдау қаупі артады. Геолокация деректері алаяқтардың сенімге кіруіне көмектеседі. «Синий кит» сияқты қауіпті топтар дәл осы тәсілді қолданғаны белгілі. Үшіншіден, физикалық…

Толық оқу
Талқылау

Бүгін «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-да конституциялық реформаны талқылауға арналған семинар-кеңес өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында сарапшылар білім беру саласының жаңа Конституциядағы орны мен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Жаңа Конституция жобасында білім беру құндылықтарының алғаш рет тікелей Негізгі Заңның кіріспесіне енгізілуі маңызды жаңалық ретінде аталды. «Талдау» орталығының басшылығы бұл қадамды ұлттық дамудың негізгі құралы ретінде білім беруді танудың дәлелі деп бағалады. «Білім берудің құндылық ретінде Конституцияда айқындалуы – үлкен жаңалық. Бұл біздің Орталық жұмысына да тың серпін береді. Ендігі жерде білім сапасының нақты көрсеткіштерін анықтауға басымдық берілмек», – деді «Талдау» ҰЗББО басшылығы. Сонымен…

Толық оқу
Амалбек каннабис

Алматы қаласында Таиландтан келген пошта жөнелтілімін тексеру кезінде есірткі заты тәркіленді. Оқиға былтыр 8 қыркүйекте «Жетісу» кеден бекетінде болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мамандардың сараптамасы бойынша, табылған сұйықтық каннабис экстракты (гашиш майы) екені анықталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, есірткі тасымалын алматылық тұрғын Жамалбек Бекдәулет ұйымдастырған. Ол халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуді жоспарлаған және бұл мақсатқа үшінші тұлғаларды, яғни өз әрекетінің заңсыздығынан бейхабар азаматтарды пайдаланған. Қазір күдікті қамауға алынып, оған есірткі заттарының контрабандасы мен заңсыз айналымы бойынша айып тағылуда. Қылмыстық істі Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары тасымал көлемін, күдіктінің іс-әрекетінің ауқымы мен нақты мотивтерін анықтауда. Жамалбек Бекдәулеттің есімі жұртшылық назарын…

Толық оқу
Конституция Айбек Оралбай

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан маңызды мәселенің бірі Конституциялық реформалар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желіде өз ой-пікірін білдірген отандастарымыздың ішінде спорт пен өнер жұлдыздары да аз емес. Солардың бірі – бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай өз оқырмандарын ел болашағына қатысты бірге таңдау жасауға шақырды. – Мен үшін жарыстағы ең басты жетістік шаршы алаңға шығып, өз мүмкіндігімді жүз пайыз көрсету. Жеңістің кілті – жауапкершілікті өз мойнына ала білу, қиын сәтте тайсалмай соңына дейін күресу. Бұл жерде кім шыдамды, кім көбірек еңбектенеді, сол боксшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Жауапкершілік тек спортта ғана емес, өмірде де, ел болашағында да маңызды ұғым. Ол жаңартылған Конституцияда кеңінен…

Толық оқу
Ерлан Қарин

Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның шын мәнінде халықтық құжат екенін айтты. Оның сөзінше, жаңа Ата Заңды дайындау барысында азаматтардың ұсыныстары толық ескеріліп, ашықтық принципі сақталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Конституциялық комиссия жұмысы 6 ай бойы ашық әрі тікелей эфир арқылы жүргізілді. Әр отырыста қоғам өкілдерінің пікірлері тыңдалып, нақты жауаптар беріліп отырды. – Жаңа Конституция 5-6 аптада емес, жарты жыл көлемінде халықпен бірге әзірленді. Азаматтардың ұсыныстары барынша қамтылды. Сондықтан бұл құжатты халықтық Конституция деп атауға толық негіз бар, – деді Ерлан Қарин. Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігі туралы да түсіндірді. – Қазіргі қолданыстағы Конституцияның ел дамуына…

Толық оқу
қайырымдылық жастар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері қайырымдылық бастамасы арқылы әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Колледж еріктілері қаладағы «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың әлеуметтік жауапкершілігі ел болашағына әсер ететінін жиі атап өтеді. Студенттер бұл ұстанымды іс жүзінде дәлелдеп отыр. Колледж жастары мен ұстаздары өз еркімен қаржы жинап, орталықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыстық заттар, арнайы арбалар және тәтті сыйлықтар табыстады. Қайырымдылық акциясының мақсаты материалдық көмекпен шектелген жоқ. Еріктілер орталық тәрбиеленушілеріне рухани қолдау көрсетуді де басты назарға алды. Студенттер шағын концерт ұйымдастырып, балалармен ашық әңгімелесті. Жылы жүздесу орталық тәрбиеленушілерінің көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Колледж…

Толық оқу
Жиналыс

Жаңа Конституциядағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер Түркістан облысы Ордабасы ауданының «Темірлан абаттандыру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмысшыларымен талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аталған жиынға жалпыұлттық коалициясының өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек қатысты. Облыстық мәслихаттың фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, саяси партиялар мен қоғам өкілдері де ойларын ортаға салды. Кездесу барысында жаңа Конституцияның еңбек қатынастары саласындағы жаңашылдықтары талқыланып, оның халықаралық еңбек стандарттарына сай азаматтардың құқықтарын қорғауды көздейтіні атап өтілді. Бұл өзгерістер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің әділ еңбекақы алуына және еңбек адамдарының құқықтық мәртебесін күшейтуге мүмкіндік бермек. Сенат депутаты Әли Бектаев азаматтардың еңбек құқықтары…

Толық оқу
Жиналыс

Түркістан облысында жалпыұлттық коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасын халық арасында насихаттау жұмыстарын қарқынды жүруде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Төлеби ауданындағы «Qazaq Bitum» ЖШС ұжымымен арнайы кездесу өтіп, заңнамалық реформаның ел экономикасы мен еңбек саласына тигізер нақты әсері талқыланды. Аталған жиынға Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев қатысты. Ал облыстық мәслихат депутаттарынан Ғалымжан Елшібай, Ханай Әшірбеков және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев болды. Коалиция мүшелері кәсіпорын қызметкерлеріне жаңа конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндірді. Үгітшілер отандық өндірісті дамытудағы рөлі мен еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелеріне тоқталды. Кездесуде сөз сөйлеген Сенат депутаты Әли Бектаев жаңа Конституцияның экономиканың нақты секторына…

Толық оқу
балабақша

Қазақстанның бірқатар аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің 15 облысында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында қатты жел, тұман және қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Алматы қаласында күндіз қатты қар мен мұзды жаңбыр жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі ықтимал. Шымкентте де жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер болуы мүмкін. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы бірден +7+9°С дейін төмендейді. Жетісу облысының шығыс, орталық және таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың кейбір аймақтарында 26-27 ақпан күндері тұман түседі.…

Толық оқу
Нұрлан Сабыров

Қазақстандық белгілі стендап-комик Нұрлан Сабыров Ресейге кіруіне салынған тыйым туралы алғаш рет пікір білдірді. Ол бұл туралы Пхукетте өткен концертінде әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрлан Сабыров Собчактың өзін қолдағанына ирониямен үн қатты: – Ксенияға қолдағаны үшін респект, әрине. Бірақ шынын айтсам, ондай қолдаудың қажеті жоқ. Әйтпесе Ресейге кіруді 500 жылға жауып тастап, концерттерімді Сатурнның бесінші сақинасында өткізуге тура келеді, – деп әзілдеді. Комик концертке келген көрермендердің көпшілігі тыйым салынған тұлғаны көруге қызығып келгенін айтып қалжыңдады: – Меніңше, көбіңіз жай ғана концертке келдіңіздер, бірақ көпшілігі қылмыскерді көру үшін жиналған сияқты. Мұндай тыйым, меніңше, Зеленскийдің өзінде жоқ. 50 жыл деген не сонда,…

Толық оқу