Автор: Лейла Болтаева

спорт

Алматы қаласының Алмалы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» атты фестиваль ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл мерекелік іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері мен Іле ауданынан келген Республикалық аналар қоғамының мүшелері арнайы қатысты. Сондай-ақ фестиваль қонақтарының қатарында аудан тұрғындары мен спортқа дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат-колледжінің оқушылары болды. Фестивальдің ашылу салтанатында аталған оқу орнының басшысы Жәмилә Танабаева барша қатысушыларды Амал – Көрісу күнімен құттықтап, сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Фестиваль барысында ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындар бойынша тартысты сайыстар өтті. Атап айтқанда, қатысушылар асық атудан, кір тасын көтеруден, арқан тартудан, қол күресінен және секіртпемен секіруден күш…

Толық оқу
келді

Қазақстанда өтетін республикалық референдумды бақылау мақсатында Түркістанға TURKPA ұйымының халықаралық байқаушылар тобы арнайы келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Делегация құрамында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Тахир Акююрек, Филиз Кылыч, Кадим Дурмаз бар. Сонымен қатар TURKPA Хатшылығының қызметкері Еркан Дурдулар, хатшы Кадир Яман және сарапшы Камила Музаффарлы да келді. Халықаралық байқаушылар Түркістан облыстық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаевпен және комиссия мүшелерімен кездесіп, референдумға дайындық барысын талқылады. Кездесуде референдум учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі және дауыс беру процесінің барлық заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы мәселелері сөз болды. Жиын барысында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи бауырластық…

Толық оқу
жұмысшылар

Бүгінде Қазақстанда жер қойнауын игеру бойынша көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру саласында 321 келісімшарт жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар көмір өндіруге қатысты 36 келісімшарт қолданыста, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресурстарды басқарудың тиімділігі 2025 жылы өткен аукциондардың нәтижесімен дәлелденді. Аталған жылы 6 жер қойнауы учаскесі 1,2 млрд теңге көлеміндегі қол қою бонусымен іске асырылып, олардың геологиялық барлау жұмыстарына құйылған бастапқы инвестиция көлемі 45,5 млн АҚШ долларын құрады. Жер қойнауын игеруде отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65 пайызға жетті. Ақшалай баламада бұл көрсеткіш 3 трлн теңгені…

Толық оқу
Трамп Иран

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазында кемелерге жасалатын шабуылдарды тоқтатпаса, Иранның негізгі мұнай орталықтарының бірі саналатын Харг аралындағы инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Ertenmedia.kz. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде айтқан. Оның сөзінше, АҚШ әскері Харг аралындағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасап, оларды толық жойған. Аталған арал Иран мұнайының шамамен 90 пайызы экспортталатын негізгі терминал саналады. Ол Ормуз бұғазынан шамамен 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар Трамп америкалық шабуылдар мұнай инфрақұрылымына бағытталмағанын атап өтті. Алайда Иран немесе басқа тарап Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін және қауіпсіз өтуіне кедергі келтірсе, АҚШ бұл шешімді…

Толық оқу
ет жуу

Білікті аспаз мамандар тамақ дайындамас бұрын жуудың қажеті жоқ бірқатар өнімдерді атады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшыларының пікірінше, бұл тізімде ең алдымен шикі балық бар. Мамандардың айтуынша, шикі балықты ағын сумен жуғаннан гөрі, оны дұрыс термиялық өңдеуден өткізген дұрыс. Сонымен қатар, қызыл етті де жумаған жөн. Өйткені еттің бойындағы бактериялардың бәрін сумен жою мүмкін емес, олардың кейбірі бұлшық ет талшықтарының тереңінде болады. Барлық бактерияны толығымен жоятын жалғыз сенімді тәсіл етті жоғары температурада (85 градустан төмен емес) жақсылап пісіру. Құс етін де суға шаймастан, бірден дайындауға кіріскен дұрыс. Сарапшылар құс етін жуған адамдардың ас үйіндегі зерттеулерге сүйене отырып, келесідей деректер анықтаған. Шикі…

Толық оқу
Алпысбай Қазығұлов

Әзербайжан астанасы Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, танымал суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл атақ қазақ бейнелеу өнерінің дарабоз шеберінің ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісіне берілген үлкен баға. Жалпы, Алпысбай Қазғұловтың өзгелерден басты ерекшелігі – тоқтаусыз ізденісі мен еңбексүйгіштігі. Ол үнемі білімін жетілдіруге ұмтылып, жаңашылдыққа құмар болып жүреді. Өз өнерінде «болдым, толдым» деп тоқтап қалмайды, керісінше, әрбір туындысына жан-тәнімен беріліп, ерекше жауапкершілікпен қарайды. Алпысбайдың осы табандылығы мен еңбекқорлығы жемісін беріп, бейнелеу өнерінде өзіне ғана тән дербес стиль қалыптастыра білді. Оның…

Толық оқу
жәрмеңке

Алматыда бес өңірдің фермерлері қатысатын ауқымды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңке 14-15 наурыз күндері Алатау ауданындағы Нұркент шағынауданы, №6 үйдің алдында («Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында) ұйымдастырылады. Оған Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлері мен тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл шарада ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және бакалея тауарларын тиімді бағамен сатып ала алады. 15 наурыз күні жәрмеңкелер Алмалы және Әуезов аудандарында, сайлау учаскелеріне жақын жерлерде де өтеді. Алмалы ауданында келесі мекенжайларда ұйымдастырылады: №62 және №167 мектептердің маңы; Дүйсенов пен Прокофьев көшелерінің қиылысы; «Кіші Ганди»…

Толық оқу
Көрісу күні 2026

Алматы облысында 14 наурыз Амал мерекесі, яғни Көрісу күні ерекше ықыласпен әрі жоғары деңгейде аталып өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесінің бастамасы болған бұл күнде облыстың барлық аудан-қалаларында ұлттық нақыштағы ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 13 наурыз күні Іле, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар және Жамбыл аудандары көрісу дәстүрін алғаш болып бастаған еді. Ал Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек, Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14 наурыз күні сән-салтанатымен жалғастырды. Бұл күні тұрғындар бір-бірімен арнайы жүздесіп, қол алысып, төс қағыстырып, үлкендерден бата алып, ізгі тілектер айтты. Жастар қауымы қазыналы қарттарды ардақтап, ұлттық дәстүрді дәріптеуге ерекше мән берді.…

Толық оқу
көрісу мерекесі

Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесі ерекше аталып өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы күні облыстың барлық аудан-қалаларында арнайы челлендж ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасқан көне дәстүрлерін жаңғырту, рухани мұраны жас ұрпаққа кеңінен дәріптеу. Іс-шараға өңірдің абыз ақсақалдары мен ақжаулықты аналары қатысып, жастарға көрісудің мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, ақ баталарын берді. Көрісу күні халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрінің бірі. Бұл күні жасы кіші азаматтар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырып көріседі. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өткен өкпе-назды артқа тастап, татулық пен бірліктің негізін нығайтады. Осы дәстүр арқылы ұрпақтар сабақтастығы беки түседі. Айта…

Толық оқу
спектакль

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры көрермендер назарына жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» атты драмасын ұсынады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қойылымның режиссері Айдар Наурызбаев. Қоюшы суретші Қанат Шериев спектакльдің көркемдік шешімі мен сахналық безендірілуін асқан шеберлікпен іске асырды. Ал костюм суретшісі Маржан Досанқұлова кейіпкерлердің болмысын ашатын киім үлгілерін әзірлеген. Ал театрдың көркемдік жетекшісі мәдениет саласының үздігі Бағлан Төлендиев. Спектакльде қоғамда жиі кездесетін өзекті тақырып – ата-ана қадірін білмейтін перзенттің қателігі көрсетіледі. Қойылымның негізгі кейіпкері университет ректоры болса да, ауылдағы қарт ата-анасынан қол үзіп, олардан хабарсыз қалған ұлдың өмірін баяндайды. Анасы қайтыс болғанда да туған жеріне келіп, бір уыс топырақ салуға…

Толық оқу