Автор: Назым Болатхан

Трамп Қытай

Әлем назары Иранға ауып тұр. Аятолла бастаған парсы билігі келіссөзге бейілді екенін байқатса да, жағдайдың түпкілікті шешілгеніне сену әлі ерте. «Трамп? Келіссөз тығырыққа тірелсе, Дөкең күш қолданудан тайынбайды», — дейді осы орайда АҚШ-та тұратын қазақ кәсіпкері, Республикалық партия мүшесі Тимур Сейтмұратов. Ertenmedia.kz сарапшының пікірін оқырман назарына ұсынады. «Иранда не болып жатыр? Әмірика әскері әзір Иранның айналасына түгел дерлік жайғасып үлгерді. Бұл ма, бұл нақты ескерту. Тегеран келіссөзден бас тартса, Уашиңтон соққы жасауға толық әзір. Дипломатияның соңғы мүмкіндігі үзілуге шақ тұр», – деп пайымдайды сарапшы. Гренландия мәселесі осы шиеленістің тасасында қалып қойған жайы бар. Алайда бұл да АҚШ-тың Бейжіңге қарсы ауқымды…

Толық оқу
бензин бағасы 2026

Қазақстанда жанармай бағасы алдағы уақытта Еуразиялық одақ елдерімен теңесуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соңғы бір жылда елде бензин бағасы 16 пайызға жуық өскен. Energyprom мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанында АИ-92 маркалы бензиннің литрі орта есеппен 235 теңгеден, АИ-95 — 298 теңгеден, АИ-98 — 325 теңгеден сатылған. Баға өсімі бойынша Павлодар облысы алда тұр: өңірде бензин бір жылда шамамен 20 пайызға қымбаттаған. Ал баяу қымбаттаған өңірлер Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. «Бағаның өсуіне қарамастан, бензин өндірісі керісінше артты. Елдегі мұнай өңдеу зауыттары былтыр авиациялық отынды қоса есептегенде, жалпы 6 млн тонна бензин өндірген. Өндіріс көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда тоғыз пайызға артқан.…

Толық оқу
Қазақстанның жаңа Ата заңының алғашқы жобасы

Қазақстанның жаңа Ата заңының алғашқы жобасы дайындалып, көпшілікке ұсынылмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат кіріспе, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Елдің мемлекеттік құрылымы мен басқару формасына қатысты негізгі ережелерге нақты өзгеріс енген. «Жобада Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет, басқару формасы президенттік республика деген нақты анықтама берілді. Шешім ғалымдар мен сарапшылардың мемлекеттік басқару формасын нақтылау керек деген ұсынысынан кейін қабылданды», – дейді Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов. Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық құрылымды енді жай заң емес, конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылды. «Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық және аумақтық тұтастық, республиканың басқару формасы Конституцияның алғашқы баптарында анық жазылған әрі еш өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі»,…

Толық оқу
Алматыдағы атышулы «Байсат» базары

Алматыдағы атышулы «Байсат» базары қайта саудаға шықты. Мемлекет Назарбаев әулетіне тиесілі болған нысанды су тегінге сатқалы отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының бақылауында болған базар осымен үшінші рет электронды аукционда саудаға түседі. 5 ақпанда өтетін бәс саудада 100 пайыз үлесі ұсынылмақ. Активтің қазіргі бағасы 24,77 млрд теңге. Нысанның бастапқы бағасы бұдан шамамен 4 миллиард теңгеге қымбат болатын. Бірақ, бір гәп бар. Егер осы жолы да базардың жаңа иесі табылмаса, келесі саудаға ол тек бастапқы толық бағасымен қойылады. Сондықтан дәл осы сауда ірі активті едәуір төмен бағамен иеленудің соңғы мүмкіндігі. «Байсатты» басқарып отырған «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС арнайы…

Толық оқу

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жол құрылысы саласындағы былық мен коррупцияға қатысты тексеріс туралы шындықты айтты. Tengrinews-ке берген сұхбатында ол 600 миллион теңгеге жөнделген көпірдің қирауынан кейін аймақтағы бүкіл жол саласын жіті тексеруге тапсырма бергенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, ауқымды тексеру барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының басшысы Данияр Уахитов ұсталған. Ол бірден қызметінен шеттетілген. Дегенмен әкім ұсталған шенеуніктің көпірге қатысы жоқ басқа іс бойынша күдікке ілінгенін айтып отыр. Сондай-ақ, Сақтағанов экс-шенеунікпен жеке байланысы бар деген қауесетке нақты жауап берді. Ол Уахитовты тағайындау ашық конкурс арқылы өткенін, бұған дейін оның өз саласында кәсіби әрі қабілетті маман ретінде танылғанын, алайда сенімді…

Толық оқу
2026 жылдың наурызынан бастап қоқыс тастап

2026 жылдың наурызынан бастап қоқыс тастап, тал-теректі зақымдаған немесе аула мен көшедегі тәртіпті бұзған азаматтарға айыппұлды тікелей әкімдіктер сала алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сай, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс әкімдіктері: қоқысты бейберекет жерге тастау; ағаш, гүлзар мен көгалды бүлдіру; орындық, аялдама, балалар алаңы секілді ортақ мүлікке зақым келтіру әрекеттерін анықтап, өздері шара қолданады. Билік осылайша тәртіп бұзушылыққа жылдам әрекет етіп, аула мен көшедегі тазалықты жіті бақылауға алмақ. Былтыр қоқыс тастау және абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 590 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Салынған айыппұл көлемі 5 миллиард теңгеден асып кеткен. Экология министрлігінің мәліметінше, жаңа шара тек айыппұл…

Толық оқу
Шымкентте мұғалім құқы жаппай бұзылып

Шымкентте мұғалім құқы жаппай бұзылып келгені анықталды. Мектеп басшылары бос орындарды әдейі жасырып, сабақ сағаттарын қолдағы ұстаздарға артығымен үлестіріп, олардың мойнына шамадан тыс жүк артқан, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Otyrar-дың дерегінше қалалық білім беру ұйымдарын тексергенде 1165 бос жұмыс орны бар екені,  мұғалімдердің жылдар бойы белгіленген шектен асыра жұмыс істегені белгілі болды. Айта кетелік, бір апталық жүктеме нормасы 16 сағат, ең жоғары шегі 24 сағат. Алайда… Шымкенттегі кейбір мұғалім аптасына 70-78 сағат сабақ беруге мәжбүр болған. Жекелеген мектептерде тіпті жасы 70-80-ге келген қарт ұстаздардың өзі 48 сағатқа дейін сабақ өткізген. «83 мектептегі 1286 мұғалімнің жүктемесі заңсыз көбейтілген. Жалпы алғанда, тексеру кезінде…

Толық оқу
нипах вирус үндістан

Бектенов үкіметі тұрғындарға Нипах вирусы тарап жатқан елдерге сапар шекпеуді ұсынып отыр. Үндістандағы ахуалдың ушығуына байланысты сан-эпидемиология комитеті шекарадағы тексерісті күшейтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Нипах вирусы анықталған елдерге сапарлап барудан бас тартуға кеңес береміз. Қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар», – делінген комитет таратқан хабарламада. Егер жұмыс бабымен баруға тура келсе, мамандар вирустан сақтану үшін келесі ережелерді ұстануды ұсынады: Жарқанат және өзге жануарлармен тікелей қарым-қатынастан аулақ болу; Қолды үнемі сабынмен мұқият жуу немесе антисептик қолдану; Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі таза суды тұтыну; Жануарлармен ластанған болуы мүмкін азық-түлік пен жаңа сығылған шырындарды ішпеу; Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуу және тазарту. Комитет өкілдері сапардан…

Толық оқу
Ресейдің Қазақстанға салған инвестициясы

Ресейдің Қазақстанға салған инвестициясы күрт азайды. Былтыр тоғыз айда көршіден келген қаржы көлемі небәрі 180 миллион долларды құраған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,2 миллиард доллар болған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Frank Media-ның дерегінше Ресей капиталының Қазақстанға бағытталған толқыны бәсеңдеу үстінде. Соңғы екі жылда (2023-2024) Мәскеуден құйылған инвестиция рекордтық деңгейге жеткен. 2023 жылы алғаш рет 1 миллиард доллардан асса, 2024 жылы 1,7 миллиард долларға дейін көтерілді. Бірақ былтыр осы көрсеткіш кәдімгідей төмендеп кеткен. Ресейлік бизнестің Қазақстанға бұрынғыдай қаржы құймауының басты себебі параллель импорт пен логистиканы жаңадан құру қажеттілігі қалмағандығында. Экономист Кирилл Лысенко «2022 жылы басталған санкцияға кәсіпкерлер ендігі бейімделіп үлгерген, ал…

Толық оқу
Қазақстан мұнай-газ қорын көбейту үшін

Қазақстан мұнай-газ қорын көбейту үшін АҚШ пен Түркияның ірі компанияларымен бірігіп жаңа кен орындарын игермек. «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов Анкарада ExxonMobil және Turkish Petroleum Corporation (TPAO) басшыларымен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазірдің өзінде түрік компаниясы Каспийдің солтүстігіндегі «Жамбыл» жобасына қызығушылық танытып отыр. «ҚазМұнайГаз» аймақ туралы толық геологиялық деректерді серіктестеріне табыстады. Енді TPAO аталған кеніштің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін егжей-тегжейлі сараптап жатыр. Жамбыл туралы не белгілі? «Жамбыл» кен орны Қазақстан-Ресей шекарасынан небәрі 20 шақырым жерде, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Тереңдігі – 4-5 метр, жалпы аумағы – 1935 шаршы шақырым. Геологтар аймақтан алты түрлі мұнай-газ құрылымын анықтаған. Оның ішінде Жамбыл және Жетісу…

Толық оқу