«Әке, телефон бермесең, өлтірем!». Төрт жасар баласының аузынан шыққан сөз депутат Базарбекті онлайн ойынның қауіп-қатері туралы ашық айтуға мәжбүрледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Minecraft секілді танымал ойындардың бала психикасын зақымдап, агрессияны қалыпты жағдайға айналдыратынына алаңдаушылық білдірді. «Кіші ұлым төрт жаста ғана. Бірақ оның аузынан соңғы кезде ауыр, бейәдеп сөздерді жиі еститін болдым. Әуелі бұл қайдан шықты деп, балабақшадан, туыстардан көргім келді. Алайда кейін баламның Minecraft ойнаған кезде балалардың өзара қандай дөрекі сөздер қолданатынын байқадым. Олар бір-біріне ойын барысында балағат, агрессивті тіркестерді жиі айтады. Осыған құлағы үйренген бала, сол дөрекі сөздерді күнделікті өмірде де қолдана бастайды», – деді депутат. Бақытжан…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлемжеліге тіркелуге тыйым салу қажет. Депутаты Ерлан Сайыров осындай өткір ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, балаларды зиянды контенттен қорғау мен құқыққа қайшы ақпаратты бұғаттау бойынша қазіргі шаралар цифрлық технологиялардың даму қарқынынан әлдеқайда артта қалып қойған. Оның үстіне интернет бүгінгі таңда жай ғана ақпараттық алаң емес, бүтін бір идеологиялық күрес майданына айналған. «Қоғамда мынадай қағида бар: балаға мемлекет тәрбие бермесе, оны көше тәрбиелейді. Ал бүгінгі заманда көшенің орнын әлеуметтік желі алгоритмдері басып алды. Жастардың бойында цинизм, агрессия мен ешкімді мойындамау көзқарастары тамыр жайып кетсе, ертең олардан заңды құрметтеп, елге жанашыр болып өсуін күту құр…
Қазақстанға діндарлар ғана емес, әтеистердің де ар-намысы мен абыройын қорғайтын арнайы заң керек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы белгілі дінтанушы Елнар Берікбаев мәлімдеді. Сарапшының пікірінше, соңғы уақытта әлемжеліде атеистерге қарсы көпе-көрнеу, ашықтан-ашық шабуыл жиілеп кеткен. Құдайға сенбейтін қауымға «имансыз», «азғын» деген ауыр айып тағылып, ар-намысы аяққа тапталып жатыр. Бірақ мемлекет бұған үнсіз қарап отыр. «Жақында «Нұр-Мүбәрак» ислам университетінің бір оқытушысы атеистерді «хайуанға» теңеп, олар жақсылық пен жамандықты ажырата алмайды, қоғамға қауіпті деп ашық айтты. Мұндай сөздің PhD дәрежесі бар, академиялық және діни ортада беделді тұлғаның аузынан шығуы аса қауіпті. Бұл ма, бұл адамның дүниетанымына қарай ашық түрде қорлау, дегуманизация жасау», –…
Қазақстан 2026 жылы әуе жолдарының аясын кеңейтіп, әлемдік бағыттарды бағындыруға дайындалып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында сөз сөйлеген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев алдағы жылы Қазақстаннан әлемнің ірі шаһарларына қатынайтын жаңа әуе рейстері ашылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, қазіргі рейстердің жиілігі артпақ. «2026 жылы Вена, Токио, Рим, Әбу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Шанхай, Қашқар, Варшава секілді ірі қалаларға жаңа бағыттар ашылып, қолданыстағы рейстер саны көбейеді. Осылайша, елдің халықаралық әуе қатынасындағы транзиттік әлеуетін барынша кеңейтеміз», – деді министр. Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне әлемдік әуе алпауыттарының да қызығушылығы зор. FedEx, UPS (АҚШ), DHL, Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксембург) секілді алыптармен келіссөздер…
Қазақстанда жасөспірімдерге әлемжеліге кіруге шектеу қойылуы мүмкін. Вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қызу талқыға түскен бастаманың егжей-тегжейіне тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Желіде шекара болмай тұр. Күн сайын мыңдаған бала мен жасөспірім виртуалды әлемнің түрлі қауіп-қатерімен бетпе-бет келеді. Сол себепті, 16 жасқа толмаған азаматтарға әлемжеліге тіркелуге тыйым салуды заңнамалық тұрғыда бекітуді ұсынып отырмыз», – деді Балаева Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформалар мен медиа саласын реттейтін жаңа заң жобаларын әзірлеген. Қазір осы құжаттар сарапшылар бағалауынан өтіп, қоғам талқысына ұсынылған. Жаңа тәртіпті тиімді іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлесіп,…
«Салық кодексі Құран сөзі емес». Тоқаевтың бір ауыз сөзі Үкімет қабырғасында қызу талқының басталуына түрткі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгінгі отырыста президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын орындау үшін нақты әрі жүйелі жұмыс қажет екенін айтты. Оның ішінде халық арасында қарсылық тудырған жаңа Салық кодексіне өзгеріс енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. «Президент жаңа Салық кодексі ешқашан қатып қалған, өзгертуге болмайтын құжат ретінде қарастырылмауы керектігін ескертті. Сондықтан сізге, Серік Мақашұлы (Жұманғарин), халық пен бизнестен түскен барлық ұсынысты мұқият жинақтап, талдау жасауды тапсырамын. Ұлттық палата «Атамекен», экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі жұмыс жүргізіңіз. Аймақтардың да осы іске белсенді…
Канадалық Laramide Resources уран нарығындағы жаңа ережені «ресурсты мемлекет меншігіне өткізу» деп бағалап, Шу-Сарысу бассейніндегі ірі жобадан бас тартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компания еліміздегі уранды барлау мен өндіруге арналған аса ірі геожобадан толығымен шығатынын мәлімдеп, 2025 жылдың аяғында қабылданған Жер қойнауы туралы кодексті сынға алды. Laramide басшылығының пікірінше, соңғы түзету инвестордың жаңа кен орнын ашу мен игеруге деген талпынысын түбегейлі жойып жіберген. Канадалықтар 2024 жылдан бастап жалпы аумағы 5500 шаршы шақырымды қамтитын Шу-Сарысу бассейніндегі учаскілерді зерттеген. «Қазатомөнеркәсіптің» кеніштеріне жақын орналасқан аумақта тереңдігі 15 мың метрге дейін шахта бұрғылау жоспарланған еді. «Алайда бюрократиялық кедергінің көбейіп кетуіне байланысты бұрғылау жұмысы басталмай жатып…
Бұдан былай медицинаға бөлінетін миллиардтаған қаражат қатаң әрі ашық бақыланатын болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында медицина саласын қаржыландыру мен бақылаудың жаңа моделін таныстырды. Жаңа жүйеде ем-дом ұйымдарына бөлінетін қаржының екі қайтара төленуіне мүлде жол берілмейді, әрі ақша тек нәтижелі жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке мекемелерге бағытталады. «Қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін бүкіл ел бойынша цифрлық бақылаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады. Барлық төлем деректері бір жүйеге топтастырылып, қайталанған төлемдер автоматты түрде анықталып отырады. Пациенттердің шағымы мен ұсынысын қабылдауға арналған арнайы мобильді қосымша әзірленеді. Сонымен бірге медициналық қызмет сапасын қадағалау күшейтіліп, лицензия…
Президент Тоқаев Дональд Трамптың арнайы шақыруымен 22 қаңтарда Давоста өтетін Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұны Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады. Айтуынша, Тоқаев Трамптың ұсынысын қабылдап, Ғаза секторындағы ахуалды реттеуге арналған Бейбітшілік кеңесінің қатарында болуға келісімін берген. «Президент ұсынысты үлкен құрметпен қабылдап, Трампқа арнайы алғыс хатын жолдады. Ол Қазақстанның Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге және жаһандық тұрақтылыққа барынша үлес қосуға дайын екенін жеткізді», – деді Желдібай. АҚШ бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесі былтыр қазан айынан бастап іске асқан Уашиңтонның жаңа жоспары негізінде жұмыс істейді. Оның бірінші кезеңінде ХАМАС пен Израиль арасында атысты тоқтату, тұтқын…
«Атамекендегі» ауыс-түйіс расталып жатыр. Райымбек Баталов қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкерлер палатасының тізгінін ұстағанына төрт жылға тақап қалған Баталов осы мерзімді «жеткілікті уақыт» деп отыр. Atameken Business арнасына берген сұхбатында ол қызметінде біршама уақыт отырып қалғанын меңзегендей болды. «Алдағы жұма күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді. Сол жерде нақты шешім қабылданады. Өз басым ротация болуы керек деп санаймын. Бұл мәселе съезде міндетті түрде көтеріледі», – деді ол. Осыған дейін бірқатар аноним арналарда «Баталов қызметінен кетуі мүмкін, бұл ма, бұл шешілген мәселе» деген сарындағы ақпарат тараған. Палатаның баспасөз қызметі әлгі мәлімдемені лезде теріске шығарып, ақпарат таратқан тұлғаларды…










