Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

аида балаева

Қазақстанда азаматтардың тегін медициналық көмек алу құқығы сақталады, ал оны қаржыландыру арналары кеңейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұны Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің көлемін қысқартпайды. Керісінше, билік тегін медицинаны қаржыландыру үшін қосымша көздерді тартуға ниетті. Енді жүйеге мемлекеттік бюджетпен қатар халықаралық ұйымдар мен ірі ұлттық компаниялар да қатысуы мүмкін. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі денсаулық сақтау саласындағы негізгі тетіктің бірі болып қала береді. Балаеваның сөзінше, сақтандыру пакеті азаматтардың жоспарлы әрі жоғары технологиялық медициналық қызметтердің басым бөлігіне қол жеткізуіне жол ашатын тиімді құралға айналуға…

Толық оқу
Украина соғысы

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні Лондонға барып, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен келіссөз өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу Еуропа елдері Ресейді Украинаға қарсы соғысы үшін халықаралық қысымды әлсіретпеуге тырысып жатқан тұста өтті. Ал әлем назарын Иран төңірегіндегі соғыс барған сайын өзіне тартып барады. Ұлыбритания үкіметінің мәліметінше, Даунинг-стриттегі кездесуге НАТО бас хатшысы Марк Рютте де қатысқан. Тараптар Украинадағы бейбіт реттеу жолдарын, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялық қысымды сақтап қалу мәселесін талқылаған. Кездесу қарсаңында АҚШ Ресей мұнайына қатысты кей санкцияларды уақытша жұмсартқан еді. Вашингтон мұны Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемдік жеткізілімге түскен қысымды бәсеңдету қадамы ретінде түсіндірді. Алайда Зеленский мұндай шешімді ашық сынға…

Толық оқу
сактандыру

Бектенов үкіметі жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz Inbusiness-тің мәліметінше енді табиғи апаттан келетін зиянды өтеу жауапкершілігі мемлекеттің емес, тұрғындардың өз мойнына түседі. Бастама тұрғын үйді табиғи апат салдарынан қорғауды көздейді. Жаңа заң бойынша Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысынан басталатын пилоттық жоба кейіннен табиғи апат қаупі жоғары 16 өңірді қамтымақ. Алғашқы кезеңде жаңа жүйеге үйренісу үшін тұрғындарға үш жылдық бейімделу мерзімі беріледі. Міндетті сақтандырудың негізгі мақсаты Апатты жағдай кезінде бюджетке түсетін жүктемені азайтып, тәуекелді әрбір тұрғынға бірдей бөлу. Заң қабылданса, сақтандырудың көлемі 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейінгі аралықта болмақ. Яғни, бұл қазіргі…

Толық оқу
атыраулық хакер

Әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» ретінде танылған күдікті Түркияның Самсун қаласында Интерпол қызметкерлерінің арнайы операциясы кезінде ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының тұрғыны бірнеше алаяқтық іс бойынша күдікке ілініп отыр. Ол IT саласында білім беру, аккаунттарды бұғаттан шығару, қаражат шешу, техника сату және инвестиция сияқты түрлі сылтаулармен азаматтарды алдап, 13 миллион теңгеден астам қаржыны қолды еткен. Қаңтар айында Атырау қаласының тергеу соты күдіктіге сырттай қамауға алу шарасын бекітіп, халықаралық іздеу жариялаған болатын. «Ақпан айында күдікті Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы оны экстрадициялау туралы сауал дайындап, тиісті органдарға жолдады», – деп хабарлады облыстық прокуратура. Бұған…

Толық оқу

Маңғыстау облысында Амал мерекесі кеңінен тойланып, бүкіл Қазақстан бойынша Наурыз тойының онкүндігін ашты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мерекенің басты шаралары өңірдегі қасиетті жер – тарихи-мәдени «Адай ата – Отпан тау» кешенінде өтті. Биік шың басында ұйымдастырылған думанға елдің әр түкпірінен, сондай-ақ Польша, Түркия, Өзбекстан елдерінен туристер арнайы келіп, қазақтың бай мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты. Мерекелік шарада Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан мен Өзбекстанның өнерпаздары да өнер көрсетіп, елдің көңілін көтерді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Амал мерекесінің халықтың бірлігін бекемдейтін ерекше дәстүр екенін атап өтті. «Ата-бабамыз Наурызды ықылым заманнан жаңа жылдың бастауы деп қабылдаған. Қазір Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде шекарасын бекіткен ел. Мемлекет басшысы…

Толық оқу
шымқала

Шымкенттің тарихи цитаделін жөндеуге және археологиялық қазба жұмыстарына бюджеттен бөлінген 2,7 млрд теңгенің қайда кеткенін қала билігі білмейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz inbusiness-ке сілтеп. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді. Оның айтуынша, туристерді тартып тұрған тарихи-мәдени кешен алты жыл бойы құжатсыз жұмыс істеп келген. Мемлекеттік акт те, қабылдау-тапсыру актісі де рәсімделмеген. «Шымқала» тарихи-мәдени кешені 2018 жылы ашылды. 2019-2021 жылдар аралығында археологиялық жұмыстар мен ғимарат құрылысына 2 млрд 700 млн теңге жұмсалған. Бірақ осы қаражаттың қайда кеткені бізге беймәлім. Құқық қорғау органдарына сұрау жібердік, енді солар қорытындысын шығарып, тексеріс жүргізеді», – деді әкім орынбасары. Айта кетерлігі, екі жыл бұрын осы…

Толық оқу
айдарбек сапаров

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың жаңа жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 6 пайызбен несие алу? Ауылминнің мәліметінше, бағдарлама бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі дәл осы деңгейде белгіленген. Қаржыландыру мерзімі мал шаруашылығы саласының ерекшелігіне сай икемді түрде қарастырылады. Несие Аграрлық несие корпорациясының бөлімшелері, кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер арқылы беріледі. Қаржы шаруаларға мал сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады. Министрлікте жаңа шара ауыл шаруашылығын қолдаудың тиімді тетігі болып, мал шаруашылығына тың серпін береді деп есептейді. Жеңілдетілген несие биыл ақпанда Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында қолға алынып отыр. Құжатта мал басын көбейту, өнімділікті…

Толық оқу
Иран фифа

Иран футбол федерациясы АҚШ-ты 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізушілер қатарынан алып тастауды талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Федерация мәлімдемені FIFA президенті Джанни Инфантиноға жолдап, Иран құрамасын турнирден ешкім шығара алмайтынын атап көрсетті. Иран федерациясы: «Әлем чемпионатынан Иранды шығаруға ешкімнің құқы жоқ. Әлемдік шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырған АҚШ сияқты тек атағы бар «алаң иесін» ғана бұл турнирден шығару қажет», – деп мәлімдеді. Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп ирандық футболшылардың чемпионатқа баруын олардың өміріне қауіпті деген еді. Бірақ FIFA басшысы Инфантино Трамптың бұған дейін Иран құрамасының қатысуына қарсы емес екенін жеткізген болатын. 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика…

Толық оқу
теңге доллар бағамы

Қазақстан қор биржасында ерекше тыныштық орнады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 13 наурыздағы сауда нәтижесінде АҚШ долларының курсы 491,29 теңге межесінде қатып қалғандай күйде тұр. Бір тәулікте доллар ұлттық валютаға небәрі 0,02 теңге ғана жол беріп, мұнай нарығындағы позитивті сигналдарды елемей қойды. Жағдайдың басты жұмбағы да осында. Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы ICE биржасында психологиялық межеден асып, бір баррель үшін 100,73 долларға жетті. Мұндай жоғары баға әдетте теңгеге күш беруі керек еді. Бірақ ұлттық валюта қымбат мұнайдың ықпалына түспей, бейқам күй кешіп отыр. Елдегі айырбастау орындарында да қозғалыс байқалмайды. АҚШ валютасын халықтан сатып алу бағасы – 491-492 теңге болса, сату бағасы…

Толық оқу
кесарь тілігі қанша төленеді

Қазақстанда босануы күрделі өткен аналар, соның ішінде кесарь тілігі арқылы босанған әйелдер қосымша әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Бірақ бұл мүмкіндік туралы көбісі біле бермейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде қазақстандық аналар қосымша төлемдерді қалай алуға болатыны туралы тәжірибе бөлісуде. Мысалы, Threads платформасында Аружан есімді қолданушы: «Кесарь тілігі арқылы босанған қыздар, сіздерге қосымша төлем қарастырылған. Ол үшін емханадан тағы 14 күнге ұзартылған аурухана парағын алып, ХҚКО-ға тапсырасыз. Көпшілік мұны біле бермейді», – деп жазған. Басқа аналар аурухана парағын алғашқы парақ мерзімі бітпей тұрып ұзарту керек екенін еске салады. Осылай уақытылы тапсырылған жағдайда, әйелдің әлеуметтік төлемі қайта есептеліп, қосымша қаржы беріледі. Маңыздысы,…

Толық оқу