Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың нақты табысын анықтауға Мемлекеттік кірістер комитеті көмектеседі. Бұл туралы Әділет министрлігінің мәжбүрлеп орындау комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Балабековтың айтуынша, елімізде алимент қарыздарын өндіріп алуға кедергі келтіретін негізгі мәселенің бірі борышкердің шынайы табысын жасыруы. «Алимент өндіріп алу кезіндегі басты проблема борышкердің нақты табысын жасырын ұстауы. Яғни, ресми түрде ең төменгі жалақыны көрсетеді де, алимент соның негізінде есептеледі. Табыс туралы нақты ақпарат болмаса, берешекті өндіріп алу да, оның шынайы кірісін дәлелдеу де мүмкін емес», – деді ол. Осыған орай Әділет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігі кірістер туралы…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарға паспорт беру мерзімін айтарлықтай қысқартуды ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ереже «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Министрлік 2020 жылғы 12 мамырда бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарына паспорт дайындауға арналған құжаттарды қабылдау және жіберу тәртібі туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізбек. Қазір шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт 90 жұмыс күні ішінде беріледі. Ұсынылған құжат бойынша мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ. Ведомствоның түсіндіруінше, мерзімді азайту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігі арттырылады. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер нормативтік базаны қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында жасалып отыр. Бұған қоса, құжатқа редакциялық түзетулер енгізіліп, ескірген нормалар мен сілтемелер алынып…
Алматыдағы үш адамның өмірін қиған ауыр апаттан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы пікірталас қайта өршіді. Осы тұста бұрынғы Ішкі істер министрі, қазіргі сенатор Марат Қожаев заңнаманы қатаңдату туралы ұсынысын тағы бір мәрте көтерді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қожаевтың айтуынша, тәртіп бұзушылардың барлығын бірдей бақылауда ұстау мүмкін емес. Әр жүргізушінің артына бір-бір полиция қызметкерін қоюға ресурстар жеткіліксіз. «Мен осы ұсынысымды бірнеше рет айттым, тағы да қайталап отырмын. Бізде жол қозғалысын жүйелі түрде бұзатындар бар, олардың үлесі шамамен 5–6 пайызды құрайды. Қалған 90 пайызы тәртіпке бағынатын азаматтар, олардан тіпті камералар да сирек тәртіп бұзушылықты тіркейді», – деді депутат. Сенатордың пікірінше, заңды жиі бұзатын…
Салық дауы жөніндегі танымал заңгер Айжан Балакешова жаңа Салық кодексі төңірегіндегі талқыға баға беріп, бизнеске де, Үкіметке де қатар шүйлікті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, салық реформасы маңындағы ресми әңгіме әзірге мазмұннан гөрі көпірме сөзге көбірек ұқсап тұр. Заңгер сөзін салық төлеуді ерлікке балаудан бастады. Оның пайымынша, салық төлеу мақтанатын жетістік емес, конституциялық міндет. Бірақ ол талапты тек кәсіпкерге ғана емес, шенеунікке де қойды. Балакешова ыңғайлы сервистік жүйе қалыптастыруды биліктің «бизнеске жасаған жақсылығы» емес, тікелей қызметтік міндеті деп атады. Сол себепті Үкіметтің екінші қатардағы есептерді алып тастауды үлкен қамқорлықтай етіп көрсетуі оған сенімсіз көрінеді. Айжан Балакешова проектік кеңседегі қазіргі талқыларды…
Қазақстанда шағын және орта бизнеске түсетін әкімшілік әрі салықтық салмақ күшейіп барады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпке ең ауыр соққы болып тиіп отырған үш негізгі өзгерісті атады. Сарапшылар алдымен қосылған құн салығына қатысты тәртіптің қатаңдағанын алға тартады. Бұған дейін кәсіпкерлер жылдық айналымы белгіленген межеге жетпесе, ҚҚС төлеуші ретінде есептен өз еркімен шыға алатын. Енді ондай мүмкіндік жойылған. Соның салдарынан компаниялар айналым көлеміне қарамастан осы мәртебеде қалып отыр. «Атамекен» өкілдерінің бағалауынша, мұндай жаңалық шағын бизнеске бір мезетте екі салмақ түсірді: бірі салық жүктемесі, екіншісі құжат жүргізу мен есептілікке кететін әкімшілік машақат. Оған қоса арнайы салық режимін қолдану тетігінің…
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа қызметте ол ұлттық боксты дамыту мен құрамалардың нәтижесін жақсарту бағытына жауап береді. Федерация мәліметінше, Сәпиев енді саладағы жүйелі жұмысқа ден қояды. Оның ішінде спортшыларды ірі турнирлер мен Олимпиада ойындарына дайындау мәселесі де бар. Серік Сәпиев Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы, сондай-ақ 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының жеңімпазы ретінде танылған. Спорттық жолын аяқтағаннан кейін ол бірқатар мемлекеттік қызмет атқарды, соның ішінде Мәжіліс депутаты да болды. 2024 жылдың қарашасында Сәпиев Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған еді. Алайда 2026 жылдың ақпанында қаңтардағы орынбасарымен байланысты оқиғадан кейін…
Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. Құжатқа Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоба 2030 жылға дейінгі энергетикалық қауіпсіздік стратегиясын айқындайды. Негізгі мақсат — елдегі базалық қуат тапшылығын азайту. Өйткені индустрия, цифрлық экономика, дерек өңдеу орталықтары мен жасанды интеллект дамыған сайын тұрақты электр энергиясына сұраныс күрт өсіп барады. Ұлттық жоба аясында 7,8 ГВт қуат іске қосылып, жаңартылады. Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа энергия нысандары салынады. Сонымен қатар 11 қолданыстағы станция терең жаңғыртудан өтеді. Жобаны жүзеге асыруға кемінде 7,5 трлн теңге инвестиция тартылмақ. Қаржы негізінен бюджеттен тыс көздер есебінен келеді. Құжатта экология мәселесіне де басымдық…
Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ботагөз Омарованың қылмыстық ісін ерекше бақылауда ұстап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аида Балаеваның мәлімдемесіне сүйеніп. Министрдің айтуынша, ведомство оқиғаның өрбуін жіті қадағалап, қажет жағдайда өз құзыреті шеңберінде іске араласуға дайын. «Осындай жағдайларда асығыс шешім, біржақты интерпретация, негізсіз қорытынды жасауға болмайды. Заң бойынша барлық рәсімдер толық аяқталмай тұрып, қандай да бір баға беру немесе қатысушылардың беделіне нұқсан келтіру әрекеттері мүлде орынсыз. Әділдік салтанат құратынына сенемін», – деп жазды Аида Балаева өзінің парақшасында. Министр журналистердің ақпараттың рас-өтірігін мұқият тексеруі міндет екенін еске салды. Сондай-ақ, «Масс-медиа туралы» заңның 68-бабына сәйкес, ресми тұлғалардың сөздерін дәлме-дәл келтірген кезде журналистер жалған…
Алматы облысының денсаулық сақтау саласында үлкен жанжал туындады. Іле аудандық орталық ауруханасының ұжымы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атына ашық хат жолдап, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бұрын-соңды болмаған қысым көріп отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дәрігерлердің айтуынша, басқарма басшылықты заңсыз түрде ауыстыруға әрекет жасап, өз кандидатурасын лауазымды орынға «күштеп» енгізбек. Жағдай аурухана директоры А.А. Солтанғазиев сырқатына байланысты жұмыста болмаған кезде өршіп кеткен. Жанжалға 2026 жылдың ақпан айында жүргізілген тексеру себеп болған. Медициналық мекеме қызметкерлерінің айтуынша, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы күмәнді, анонимді шағымдарды негізге алып, аурухананың басшылық қызметіне өз адамын орналастыруға тырысуда. «Қазіргі директор міндетін атқарушыға қысым көрсетіп, басқарма ұсынған…
Қазақстанда көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолда келе жатып телефон пайдаланатын әдеті тыйылмай тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Ішкі істерге қарасты Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді. Оның айтуынша, жол қозғалысы ережесінде көлік жүргізу барысында телефонды қолға алып пайдалануға қатаң тыйым салынған. Тек арнайы құлаққап немесе дауыс зорайтқыш (громкая связь) арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі. «Телефонды магниттік ұстағышқа бекітіп қоюға тыйым салынады деген пікір қате. Егер телефон магнитті бекіткіште тұрса және жүргізуші оған қол тигізбей-ақ қарап отырса, заң бұзушылық болмайды. Ал рөлде отырып телефонды қолға алып, хабарлама жазу немесе қоңырау шалу тікелей заң бұзу болып есептеледі», – деді Боранова «Түскі…










