Қазақстанда бүгіннен бастап 1000 мектеп пен колледжде құқық мәдениетіне арналған арнайы сабақтар өте бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоба Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен кеңейтілген форматта іске қосылды. Ведомство мәліметінше, бастама әуелі Талғар ауданында пилот ретінде сыналған. Сол кезеңде буллинг пен құқықбұзушылық азайғаны тіркелген соң, тәжірибені ел көлемінде тарату жөнінде шешім қабылданған. Сабақтарға құқық қорғау саласында қызмет еткен тәжірибелі 600-ден астам тәлімгер тартылған. Олар оқушылармен және студенттермен құқықтық сауат, жауапкершілік, тәртіп пен заңға құрмет тақырыбында жұмыс жүргізеді. Ең ауқымды қамту Шымкентте байқалған. Онда шамамен 100 білім беру ұйымы қамтылған. Қарағанды облысында 190-нан астам, Павлодар облысында 110-ға жуық оқу орны жобаға қосылған. Жаңа форматтағы…
Автор: Назым Болатхан
Қазгидромет 31 наурыз бен 2 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, осы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің батысында және оңтүстіктегі таулы аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батыс өңірлердің кей тұсында жауын-шашын күшейіп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түсу ықтималдығы да бар. Күндіз солтүстік-батыста ауа температурасы 17-26 градус жылы аралығында болады. Солтүстікте 13-20 градус, орталықта 12-23 градус, шығыста 5-22 градус шамасында сақталады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктемнің қызуы анық сезіліп, сынап бағаны 23-32 градусқа дейін көтеріледі. Батыс…
Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі Гүлайым Рахмонова жолдасымен ажырасып кеткеніне енесі кінәлі екендігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, Шавкаттың шешесі екі жастың ортасына түсіп, келінін қаралап, ақыр соңы шаңырақты шайқалтып тынған. «Жалпы өмір деген қандай, иә?! Жау алыстан келмейді деп бекер айтылмаған. 10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таным бар. Қазақ болғаным үшін қалай баласы ЮФС-ден табыс әкеле бастады, мені қазақ деп күндеп, өсектеп, жамандап, «қазақтар мал» деп 2023 жылы аузына келгенін айтып ұялмай, қалай қазақтың жерін басып жүр екен?! Ақыры ажырастырды, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері…
«Қазгидромет» 28 наурыз күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлап, дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада қалың тұман түседі деп күтілуде. Атырау облысының оңтүстік және батыс аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығыс бөлігінде жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Ақтөбе облысында да жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жел шығыстан соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Батыс Қазақстан…
Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін депутат Бақытжан Базарбек пен сенатор Марат Қожаевтың арасында құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты пікір қайшылығы туындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін Бақытжан Базарбек Ішкі істерде ауқымды тазалау жүргізу қажеттігін айтып, полицияны лауазымды тұлғалар мен бай-бағландардың бала-шағасын қорғап-қолдап отыр деп айыптаған еді. Ал Сенат депутаты әрі Ішкі істердің бұрынғы басшысы Марат Қожаев әріптесінің сынымен келіспейтінін ашық жеткізіп, Базарбекке өткір жауап қайтарды. «Әріптесім депутат Базарбектің эмоционалды мәлімдемеге әуес екенін жақсы білесіздер ғой. Мүмкін ол ішкі істер саласын жетік білетін маман шығар, осы салаға өмірінің сүбелі уақытын арнаған болар… Бірақ мен құқық қорғау қызметкерлерін тұтас…
Танымал продюсер Баян Алагөзова әлемжеліде эмоционалды үндеу жасап, Қазақстандағы діни радикализмнің өршуіне қарсы шара қолдануға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алагөзова елдегі діни радикалды топтардың күшеюі ұлттың мәдени кодына және ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін ашық айтты. «Бұл тақырып бүгін мені әбден ашындырды. Тағы да әлемжеліде радикал ағымның өкілдерімен бетпе-бет келдім. Осы орайда құзырлы органдарға ҰҚК-ге, прокуратураға жүгінгім келеді. Сіздер елде не болып жатқанынан хабардарсыздар деп сенемін. Ерте ме, кеш пе, бұл тоқтатылуы тиіс. Бұл бүтін бір ұлтқа төнген үлкен қауіп», – деп атап өтті Алагөзова. Продюсердің пікірінше, радикалды ағымдардың әлеуметтік желідегі белсенді үгіті қазақ халқының төл мәдениеті мен ана тіліне…
Қазақстанда алғаш рет өткізілетін әкімшілік амнистия аясында айыппұлдардан арылатын азаматтардың санаттары белгілі болды. Сенат депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға басымдық беріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Парламент отырысының кулуарында журналистер сұрағына жауап берген сенатор әкімшілік амнистияның басты мақсаты айыппұлдарды есептен шығару емес, қиын әлеуметтік жағдайда жүрген азаматтарға қолдау көрсету екенін жеткізді. «Қазір талқылаулар жүріп жатыр, ұсыныстар барлық мүдделі органдардан жиналуда. Мен талқылауларда әкімшілік айыппұлдардан бірінші кезекте әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарды босату қажеттігі туралы пікірді жиі естимін. Бұған еңбек және соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және өзге де көмекке мұқтаж азаматтар кіреді. Амнистия осы санаттағы азаматтардан басталуы…
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін жалмаған ауыр апаттың жаңғырығы Астанаға жетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шұғыл жиын өткізген министр Ержан Сәденов апаттың мән-жайын зерттеп, әділ шешім шығаратын арнайы делегацияны Алматыға жолдапты. Құрамында тәжірибелі мамандар топтасқан делегация Алматының полиция департаментіне қызметтік тексеру жүргізеді. Апат кезінде камераға түсіп қалған полиция көлігі мен оған заңсыз жапсырылған нөмірге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Полиция басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты тағы бір іс қозғалыпты. Жүргізуші изоляторға қамалған. Сәденовтың пәрменімен Алматы полициясының бірқатар басшылары жұмыстан қуылған. «Егер олардың кінәсі дәлелденсе, қызметтен қуылумен шектелмейді. Заң бәріне ортақ!», — дейді Ішкі істер басшысы. Айтқандай, атышулы Zeekr-дің иесінің үстінен ащы судың иісі…
Қазақстанда жеке тұлғалар үшін 2025 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы күні 2026 жылдың 1 сәуірі. Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Көлік салығы салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өзі белгілеген мөлшерлеме бойынша есептеледі. Есептеу кезінде 2025 жылы белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге қолданылады. Салықтың нақты мөлшерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталындағы (portal.kgd.gov.kz) арнайы калькулятор арқылы есептеп алуға болады. Жыл сайын мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың көлік салығын өздері қосымша есептеп, оның нәтижесін екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға Push-хабарлама түрінде жолдайды. Азаматтар салықты уақытында төлемеген жағдайда, 2026 жылдың 2 сәуірінен бастап…
Қазақстандықтар алдағы уақытта зейнетақы қорындағы қаражатын түгелдей жеке компанияларға сеніп тапсыра алады. Мұндай бастаманы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов көтерді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір азаматтарға зейнетақы жинақтарының тек жартысын, 50 пайызын ғана жеке басқарушы компанияларға өткізуге рұқсат берілген. Агенттік осы шектеуді алып тастап, толықтай (100 пайыз) жеке басқаруға беруді тиімді деп санайды. «Қолданыстағы тәртіп салымшылардың мүмкіндіктерін шектейді. Азаматтарға жинақтарын толық жеке басқаруға беру құқығын ұсынған жөн. Жеке компанияларға ауысу міндетті емес, азаматтардың еркімен жүзеге асады», – деді Тұрсынханов. Зейнетақы активтерін басқаруға тек тәжірибелі, сенімді инвестициялық компанияларға (УИП) ғана рұқсат етілмек. Агенттік төрағасының орынбасарының пікірінше, зейнетақы…










