Автор: Назым Болатхан

Нұрқаділов Сәрсенбаев

Қазақстанда қасіретті оқиғалардың көпшілігі қара күз бен қыс айында, әсіресе қараша мен желтоқсанда жиі орын алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі саясаткер Болат Әбілов өзінің пікірінде осылай деп атап өтті. Айтуынша, 2005 жылдың қарашасында танымал мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов өз үйінде қастандықпен өлтірілген. Алайда қылмыстың орындаушысы да, тапсырыс беруші де әлі анықталмаған. Желтоқсан айы да халық есінде қанды оқиғамен қалған. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы Жаңаөзен трагедиясы осының айғағы. Қаңтар мен ақпан да ел тарихында ауыр кезең ретінде сақталды: 2022 жылғы «Қаңтар» оқиғасы жұрт жадынан өшкен жоқ. Ал 2006 жылдың ақпанында «Ақ жол» партиясының тең төрағасы, танымал саясаткер…

Толық оқу
украина астана

Киев Астананы елдегі мұнай өңдеу зауыттарын қайта қалпына келтіруге шақырып отыр. Мұнда қазақ шикізаті өңделіп, дайын өнім Батыс елдеріне экспортталмақ. Бұл туралы Украинаның еліміздегі елшісі Виктор Майко мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. The Times of Central Asia-мен пікірлескен украин дипломаты Киев Қазақстанмен энергі саладағы әріптестікті тереңдетуге өте-мөте мүдделі екенін жеткізді. Әсіресе, өз аумағы арқылы қазақ мұнайын ресейсіз бағытпен тасымалдауды қолдайды. «Қазақстан 2024 жылы Еуропаға жеткен мұнайдың 11,5 пайызын қамтамасыз етті. Сұраныс әлі өсіп жатыр. Қазір Ақтау және Құрық портында танкерлік флотты кеңейту жұмысы жүруде. Ақтау – Баку – Тбилиси – Жейхан, Баку – Супса және Транс-Адриатика құбырының бағыты перспективалы», – деді…

Толық оқу
Президент Тоқаев жаңа Конституция бойынша

Президент Тоқаев жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызына белгіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта: «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. Жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылсын. Референдумға қойылатын сұрақ: «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» делінген. Жаңа Конституцияның жобасы осы жылдың 12 ақпанында БАҚ-та ресми түрде жарияланған болатын. Ата заңның тың нұсқасы қоғамда кеңінен талқыланып, қазақтілді қауым құжаттың кейбір тұсына көңіл толмастық білдірген еді.

Толық оқу
2025 жылдың соңында Кремль көсемімен тікелей эфирде сөйлесіп

2025 жылдың соңында Кремль көсемімен тікелей эфирде тілдесіп, Ресей азаматтығын алуға көмек сұраған қазақстандық зейнеткер Лүдмила Кондратиеваға ресейлік төлқұжат тапсырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресей Ішкі істерінің мәліметінше, зейнеткердің қуанышында шек болмаған. Қазақстан азаматы Лүдмила Кондратиева былтыр қыркүйек айында қызының шақыруымен Мұрмынскі облысындағы Кола қаласына келген. Әлгі жер ұнап қалып, зейнеткер Ресейде тұрақты тұруға шешім қабылдаған. Артынша қараша айында құжатын рәсімдеуге өтініш бергенімен, біраз қиындыққа тап болған. Содан кейін Лүдмила апа «Итоги года с Владимиром Путиным» бағдарламасының тікелей желісінде Ресей президентінен құжат рәсімдеуде көмек сұраған болатын. «Полиция қызметкерлері зейнеткердің өтінішін жедел қабылдап, қажетті құжатты жинауға және рәсімдеуге барынша көмектесті. Өтініш қысқа…

Толық оқу
Жапаров Ташиев

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қырғыз мемлекеті басшысының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жапаровтың бұйрығы Конституцияның 70-бабы, 1-бөлімінің 4-тармағы мен 71-бабына негізделген. Комитет төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Жұмғалбек Шабданбеков тағайындалды. Енді оның кандидатурасын Жогорку Кенеш мақұлдауы тиіс. Кейін президенттің баспасөз қызметі Жапаровтың шешіміне мотив болған түсініктемесін жариялады. «Мен қабылдаған шешімімнің негізгі мақсаты мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамның және мемлекеттік құрылымдардың арасында алауыздықтың алдын алу. Бізге дәл қазір бірлікті нығайту қажет», – деп мәлімдеген екен Жапаров. Қамшыбек Тәшиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып 2020 жылдың қазан айында тағайындалған.…

Толық оқу
Тимур Сүлейменов теңге доллар

10 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендеп, 491,88 теңге болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы 494,75 теңге деңгейінде белгіленді. Еске сала кетсек, бұған дейін 4 ақпандағы биржа саудасының қорытындысында доллар 4,4 теңгеге арзандап, 498,65 теңгеге түскен еді. Сөйтіп, нарық үшін маңызды саналатын «психологиялық меже» 500 теңгеден төмендеп кеткен болатын. Kurs.kz дерегі бойынша қазіргі сәтте Алматы мен Астана айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы төмендегідей: Алматы қаласында: сатып алу – 491,24 теңге; сату – 493,69 теңге. Астанадағы орташа бағам: сатып алу – 490,00 теңге шамасында; сату – 497,00 теңге. Контекст…

Толық оқу
ринат зайытов

Депутат Ринат Зайытов Ата заңның тың нұсқасындағы мемлекеттік тілге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Конституцияның 9-шы бабының екінші тармағын асты-үстіне түсіріп талқылап тастаған қоғам Мәжіліс пен Ақорданың арасында арпалыс жүріп жатқанын біле бермейді. «Тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтінішін беріп, әлгі 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді! Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!» – деп жазды ол. Тақырыпқа…

Толық оқу
Ерлан Сайыров депутат

Конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасындағы тілге қатысты талқылау барысында қоғам тарапынан қарсылық тудырған бірқатар ұсыныстарды қабылдады. Соның бірі – 9-баптың 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, әлгі шешім халықтың ұсыныс-тілегіне құлақ түрген мемлекеттің нақты қадамы. «Конституциялық комиссия отырысында Конституция жобасының 9-бабының 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне өзгертілді. Мұндай өзгеріс комиссияның қоғаммен ашық диалог орнатып, халықтың пікірін ескеріп отырғанын көрсетеді. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жұмыс істеп жатқанының дәлелі», – деп пікір білдірді депутат. Желіде журналист Тоқтар Жақаш осы өзгерістің құқықтық салдары туралы сауал қойды: «Тең» және «қатар» сөздерінің құқықтық күшін айқындадыңыздар…

Толық оқу
Тарық Волкан Оскай Боранбаев

Атышулы Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі, NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталып, Қазақстанға жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Алматыдағы құрылыс жобаларына бағытталған 6 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған. Тергеу анықтағандай, ол 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың маусымына дейін құрылыс компаниясын басқарып, жалған келісімшарт арқылы ақшаны өзінің еншілес компанияларының есепшотына аударып отырған. Қылмыс әшкереленген соң күдікті шетелге қашып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Іздеу нәтижесінде күдікті Черногорияда қолға түсті. Бас прокуратураның бастамасымен және Интерполдың қолдауымен қашқын түрік елге жеткізіліп, қазір тергеу изоляторында отыр. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу…

Толық оқу
мұрат әбенов

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасындағы сөз бостандығына қатысты шектеулердің неліктен енгізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, шектеу ең алдымен азаматтардың құқығы мен ар-намысын қорғау үшін қажет деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық комиссияның отырысында депутат батыстан келген «бойкот» (cancel culture) феноменін қатты сынап, оның ел ішіндегі қоғамдық диалогқа қауіп төндіретінін айтты. «Қазір әлемде белең алған осы құбылыс кез келген пікірталасты жеке адамға қарсы шабуылға айналдырып, қарсылық білдірген адамның өзін тұқыртып, абыройын аяққа таптаумен шектеліп жатыр. Бұл даму емес, дағдарысқа апаратын жол. Осындай ойындар қоғамның радикалдануына, әлеуметтік шиеленіске, бөлінуге алып келеді. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы басқа адамның ар-намысына тиісуге, оны қорлауға немесе қудалауға мүмкіндік…

Толық оқу