АҚШ президенті Дональд Трамп атышулы Мадуроны алып қашу кезінде әмірикалық әскерилер қолданған аса құпия қарудың атын абайсызда айтып қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дөкең New York Post басылымына берген сұхбатында құпия қаруды «дискомбобулятор» деп атаған. «Маған негізі бұл туралы айтуға болмайды. Венесуела әскерінің қолында ресейлік және қытайлық рәкеталар болды. Олар бізді күтіп отырды. Бірақ түймені басқанда бірде-бір ракета атылмады. Біз жақындап қалдық, олар қаруын іске қоса алмады», – деп баяндады ол. «Дискомбобулятор» ағылшын тілінде discombobulate, яғни «есінен тандыру», «бағыт-бағдарды жою» деген мағынаға саяды. Осыған дейін New York Post аты-жөнін жасырған венесуелалық әскеридің сөзіне сүйеніп, АҚШ сарбаздарының белгісіз қаруды пайдаланғанын хабарлаған еді.…
Автор: Самал Жолжаксын
Ресей мен Украина арасында соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер 1 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді. Тараптарға АҚШ арағайындық етпек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 23–24 қаңтарда Әбу-Дабиде өткен келіссөздердің алғашқы раунды көптен күткен бетбұрыс ретінде сипатталды. АҚШ өкілінің айтуынша, тараптар өзара сыйластық танытып, күрделі мәселелерді бүкпесіз талқылаған. «Келіссөз атмосферасы өте жайлы болды, тараптардың соғысты тоқтатуға шынайы ықыласын көрдік. Өте маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Алдағы аптада келісімді соңғы нүктеге дейін жеткізуге тырысамыз», – деді атын жасырған америкалық ресми өкіл. Президент Трамптың арнайы өкілі Стибен Уиткофф та келіссөздің оң нәтижемен өткенін, талқылаудың келесі аптада жалғасатынын атап өтті. Осы келіссөзге дейін, 22 қаңтарда Мәскеуде Путин АҚШ президентінің күйеу…
Заңгер Жангелді Сүлейманов салық кодексін жетілдіру бойынша ұсыныстардың бюрократияға ұшырап, Президент тапсырмасы орындалмай отырғанын ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңгердің айтуынша, Мемлекет басшысы салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды тікелей әрі ашық талқылау үшін арнайы жобалық кеңсе құруды тапсырған. Әлгі міндет вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелген еді. Алайда министрлік заңгердің 5 бірдей нақты ұсынысын талқылаудың орнына, бұрынғы ескі сүрлеумен Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеп жіберген. «Президент Тоқаев Жұманғаринге нақты тапсырма берді. Ұсыныстар арнайы құрылған жобалық кеңседе қаралуы керек еді. Мен кеше Ұлттық экономика министрлігіне бес бірдей мазмұнды ұсыныс жолдадым. Министрлік бұларды стандартты бюрократиялық тізбекпен Мемлекеттік кірістер комитетіне бағыттап…
Доналд Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» Путин де шақырту алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кремль көсемі бірден бас шұлғи салмай, алдымен «стратегиялық серіктестерімен» кеңесетінін жеткізген екен. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу осындай сәтте ең алдымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірін білуге тырысады. Дөкең, Доналд Трамп Давоста ұсынған жаңа ұйымға Қазақстанмен қатар Аргентина, Косово, Марокко, Венгрия, Индонезия мен Иордания қол қойып үлгерді. Алғашында әрі кетсе Ғаза секторындағы қақтығысты шешуге бағытталған ұйым әлдеқайда ауқымды геосаяси ойыншыға айналуы мүмкін. Трамптың өзі су жаңа ұйымның БҰҰ-ны алмастыратын әлеуеті бар екенін айтып, масаттанып отыр. «Бейтбішілік кеңесіне» Мәскеуді қосуға мүдделі боп отырған Ақ үй басшысының арғы мақсаты әзір белгісіз. «Кремль қожайыны мұндай…
Түркі дүниесіне тән, елдік пен бірліктің алтын арқауына айналған Құрылтай ұғымы тарихымызда ерекше маңызға ие. Оның түп тамыры тереңде, бабаларымыздың бағзыдан келе жатқан салт-дәстүрімен, мемлекеттік басқару мәдениетімен астасып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі ғалым, фольклортанушы әрі Түркі академиясының сарапшысы Ақеділ Тойшанұлының айтуынша, Құрылтай түркілер заманынан бері жалғасқан, Шыңғыс хан мен Алтын Орда дәуірінде шарықтау шегіне жеткен, халық пен биліктің арасын берік жалғаған, тарихи санамызда мықтап орныққан ерекше институт. «Ел билеген хан мемлекет тағдырын таразыға салар кезде төрт тараптан халқымен ақылдасқан. Бектер мен билер, нояндар мен қолбасылар жиналып, ұлыстың тағдыры үшін бір шешімге келген. Заң қабылдап, жарғы бекітіп, маңызды мәселелерді талқыға…
Қарағандыдағы спорт шенділерінің төбелесі камераға түсіп қалды. Облыстық спорт басқармасының жетекшісі, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдың тың дерекпен толығуда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға орнында орнатылған бақылау камерасының кадрынан қолына папкі ұстаған Сәпиевке ұқсас адамның кабинетке кіргенін көруге болады. Арада аз уақыт өткен соң, әлгі адам бөлмеден асығыс-үсігіс атып шығады. Бұл жолы оның үстінде костюмі жоқ, ақ жейдемен ғана қалған. Бұған дейін облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Сәпиев пен Есімхановтың жаға жыртысып, Олимпиада чемпионының жарақат алғанын хабарлаған едік. Қарағанды облыстық полиция департаменті 42 жастағы тұрғынның шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растап отыр. Оқиғаның толық мән-жайын анықталу үстінде. Кейбір…
«Атамекеннің» төріне жаңа төраға келді. Бұған дейін Президенттің уәзірі қызметін атқарған Қанат Шарлапаев кәсіпкерлер палатасына басшы болып сайланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы күнге дейін Райымбек Баталов басқарған ұйымның жаңа жетекшісі XIII съезде ресми түрде бекітілді. Қанат Шарлапаевтың еңбек жолы қаржы саласымен тығыз байланысты. Ресейдің Саратов қаласында дүниеге келген ол Ұлыбританияның беделді Cranfield менеджмент мектебінде білім алып, қаржы мен басқарудың қыр-сырын меңгерген. «Сити» инвестициялық банкінде басшылық қызмет атқарып, Чехия мен Ұлыбританиядан бөлек, Таяу Шығыс пен Африка нарығын да шарлап шыққан. Қазақстанға оралғаннан кейін де осы деңгейден түскен жоқ. «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарды, кейін Президенттің экономика жөніндегі көмекшісі атанды. Өнеркәсіп және құрылыс…
Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында жанжал шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға 21 қаңтар күні облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен басшы мен орынбасар сөзге келіп, кейін шиеленіс күшейіп, соңы қан-жоса төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде Сәпиев жарақат алған. Олимпиада чемпионының кәстүмі мен көйлегі жыртылған. Оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше 42 жастағы қала тұрғынының (Сәпиевтің, ред) шағымы бойынша тергеу басталған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қосымша ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды. Дегенмен кейбір дереккөздер жанжалдың қағаз-құжатқа байланысты туындағанын жарыса жазуда. Есімханов кейбір құжатқа Сәпиевтің рұқсатын күтпей қол қойған көрінеді.…
TikTok төңірегіндегі ұзаққа созылған дау мәресіне жетті. Уашиңтонның талабынан кейін қытайлық ByteDance компаниясы TikTok-тың АҚШ-тағы бизнесін жергілікті инвесторларға сатуға мәжбүр болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді танымал қосымша АҚШ-та «TikTok USDS Joint Venture LLC» деген жаңа атаумен жұмысын жалғастырады. Oracle корпорациясы, Silver Lake инвест қоры және Әбу-Даби орталығындағы MGX компаниясы бірігіп, TikTok-тың Америкадағы еншісінің 45%-ына иелік етпек. ByteDance инвесторларының еншісінде шамамен үштен бір үлес қалса, қытайлық компанияның өзінде шамамен 20 пайыз акция сақталады. Жаңа инвестор қатарында танымал миллиардер Майкл Деллдің әулеті, Нью-Йорктік Alpha Wave инвестициялық тобы және Revolution қоры да бар. Дөкең, Доналд Трамптың басты талабы TikTok алгоритмінің қауіпсіздігі мен пайдаланушының…
Пхукет қазақ саяхатшысының жүрегін жаулаған мекенге айналды. Тек былтырдың өзінде Тайландқа 200 мыңға жуық отандасымыз сапарлап барса, соның басым бөлігі дәл осы аралдың жағалауына ат басын тіреген. Енді осы жұмақ мекенде Қазақстанның жаңа консулдығы ашылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Консулдықтың негізгі миссиясы жергілікті билікпен тығыз байланыс орнатып, азаматтарымыздың құқығы мен мүддесін қорғау. Сонымен қатар туристік ағымды арттырып, екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен іскерлік қатынастарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасау. Сыртқы істер министрлігі де осы бастаманың қажеттілігін атап өтті. Әсіресе, төтенше жағдайларда жедел байланыс пен шұғыл әрекет етуде консулдық қызметінің орны ерекше болмақ. Қазіргі таңда Қазақстан мен Тайланд арасын аптасына 34 тікелей…










