Қазақстанда әлеуметтік салаға бөлінген қыруар қаржыны жымқырған алаяқтардың әрекеті әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев Қаржы мониториң агенттігінде өткен жиында әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңгені қалтасына басқандарды қатаң сынға алды. Мемлекет басшысы мұндай әрекеттің ақтауға жатпайтынын ашық айтып, мәселені тамырымен жоюды тапсырды. «Ел қаржысын жеке мүддесіне бұрып, әлеуметтік саланың ақшасын талан-таражға салған алаяқтарға еш аяушылық болмайды. Бұған жол беруге болмайды. Криптовалюта арқылы капиталды сыртқа шығаруға ұмтылатындар әлі де бар. Осындай заңсыздықтардың жолына нық тосқауыл қойылуы қажет. Көлеңкелі экономика мемлекеттің дамуын тежеп, халықтың несібесіне қол сұғып отыр. Мұнымен күрес бүгінгі күннің басты әрі ымырасыз талабы», – деді Президент. Тоқаев қаржы мониториң…
Автор: Самал Жолжаксын
Президент Тоқаев құқық қорғау органдарының кәсіпкерлер жұмысына заңсыз араласуын қатаң сынға алып, мұндай әрекет мемлекет мүддесіне қайшы екенін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, бизнеске қолдан кедергі келтіру елдегі инвест ахуалды нашарлататын ауыр қылмыспен тең. Мемлекет басшысы осы бағытта көп жылдан бері қыруал іс атқарылса да, кәсіпкерлер мен «Атамекен» палатасынан әлі де арыз түсіп жатқанын атап өтті. «Барлық құқық қорғау органдары мынаны анық түсінуге тиіс. Бизнестің заңды жұмысына тұмсық тығып, кедергі келтіру мемлекеттік мүддеге қарсы ауыр қылмыс. Бірінші кезекте Қаржы мониториң агенттігіне ерекше ескертемін», – деді Тоқаев. Ақордаға жеткен маңызды инсайд Президент өзінің атына өңірлерден түсіп жатқан маңызды инсайдпен те…
Энергі министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасының болашағына қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, 31 наурызда аяқталатын мораторийдан кейін жанармай нарығы басыбүтін сұраныс пен ұсыныстың ырқына беріледі. Осыған дейін үкіметтің қатаң ұстанымы арқасында бензин бағасының күрт өсуін тоқтатуға мүмкіндік болған. Дегенмен министрлік былтырдан бері жанармай бағасын тікелей бақылаудан шығарған болатын. «Өткен жылдың ақпаннан бастап бензин нарығы еркін айналымда. Егер үкімет мораторий аяқталған соң нарық жұмысына араласпаса, баға тек нарық шартына сай қалыптасады. Бағаның қандай бағыт аларын ішкі сұраныс пен ұсыныстың деңгейі шешеді», – деді Ақкенженов. Бензиннің сапасы дұрыстала ма? Тілшілер министрге халықты мазалап жүрген бензин сапасы жайлы сауал…
Энергі министрі Ерлан Ақкенженов былтырғы табысының көлемі мен шығу тегін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс дәлізінде тілшілердің сұрағына жауап берген шенеунік өткен жылы ешқандай аста-төк кіріс көрмегенін мәлім етті. «Мен бе, мен мемлекеттік қызметшімін. Заңда таңбаланған тәртіп бойынша декларация тапсырдым. Жар дегендегі жалғыз табыс көзім министрлік қызметім үшін алатын жалақым. Одан басқа ешқандай кіріс көзі жоқ», – деді министр. Ақкенженов айлық жалақысының нақты мөлшерін де жасырмай, 1 миллион 200 мың теңгеге жуық екенін жеткізді. Сонымен қатар декларацияға заңмен белгіленген сыйақы мен қосымша төлемдер де енгізілгенін атап өтті. Жылдық жалпы табысына қатысты сұраққа министр «20 миллион теңгеден сәл-пәл ғана асатын…
Былтыр 16 мыңнан аса қандасымыз атажұртына оралыпты. Осылайша 1991 жылдан бері елге келген қандастың жалпы саны 1 миллион 164 мыңнан асты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбекмин дерегінше қандастың басым бөлігі екі елден Өзбекстан мен Қытайдан оралған. Екеуінің де үлесі шамалас 44 пайыздың төңірегінде. Бұдан бөлек, Түрікменстаннан 4 пайыз, Моңғолиядан 3 пайыз, Ресейден 2,5 пайыз, өзге елдерден 1,9 пайыз қандас ат басын туған жерге бұрған. Қандастардың әлеуметтік портреті қандай? Қазақстанға келген қандастың жартысынан көбі (57,4 пайыз) еңбекке жарамды жаста. Ал 34 пайызы кәмелет жасына толмағандар, зейнет жасындағылар 8,6 пайыз. Білім деңгейіне келсек, еңбекке жарамды қандастарымыздың 15 пайызы жоғары білімді, 27,5 пайызы орта арнайы…
Татарстандағы арнайы экономикалық аймақ Орта Азия мен Латын Америкасынан келген қыздарды жалдап, дрон құрастыруда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сurrenttime дерегінше «Алабұға» экономикалық аймағында соғысқа ауадай қажет дрондар жиналып жатыр. Кәсіпорын жұмыс күшінен тапшылық тартқасын Африкадан қыз-келіншектерді шақырған, кейін Латын Әмерикасына ойысқан, енді Орта Азияға бет бұрыпты. «Ресми деректе «сервис және тамақтану саласында жұмысқа қабылдаймыз» делінгенімен, іс жүзінде «Алабұға старт» жобасының қатысушылары Иранның Shahed-136 кәмикадзе-дрондарын құрап жатыр. Қыздар өте-мөте ауыр жағдайда еңбек етеді. Қауіпті химиялық заттармен ешбір қорғаныс құралынсыз жұмыс істейді. Кейбіреуінің төлқұжатын тәркілеп, ел қайтуға мүмкіндік бермеуде», — дейді осы тұста Демократияны қорғау қоры. Қордың айтуынша, «Алабұға» экономика аймағы «вербовкімен» айналысып отыр. Кәсіпорынға…
Әлемжеліде Каспий құбыр консорциумына жасалған дрон шабуылын қолдаған азаматтардың аты-жөні анықталып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәселені алғаш көтерген депутат Сарым стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымға шабуыл жасалғасын әлемжеліде соны қолдап пікір жазған қауымға шүйліккен. «Желіде мемлекет үшін аса маңызды нысанға жасалған шабуылды жақтап-ақтап жатқан азаматтар кездеседі. Мұндай әрекетті сөз бостандығымен бүркемелеуге болмайды, керісінше ұлттық мүддемізге тікелей қауіп төндіреді», – деген болатын Айдос Сарым. Айтуынша, украин дрондарының шабуылы Қазақстанды ай сайын жарты миллиард доллар табыстан қағып, Ұлттық қорды шығынға батыруда. Осыған байланысты депутат Бас прокурор Берік Асылов пен вице премье, Ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдаған. Сарым шабуылды құптаған қауымды Қылмыстық кодекстің 256…
Қаржымин келесі жылдан бастап азаматтардың табысы мен шығынын мұқият салыстыра бастайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жүйені Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Астанада өткен жиында таныстырды. Айтуынша, меморгандар енді азаматтардың қайда ұшып-қонғанын, оған қанша ақша жұмсағанын, қандай мүлік сатып алғанын, тіпті бүкмекерге бәс тіккеніне дейін жіті бақылайды. Бастама салықтан жалтаратындарды анықтауға бағытталған. Шенділердің шетелден әкелген мүлкіне қатысты қойылған сауалға вице-министр жаңа бақылау жүйесі тек мемлекеттік қызметшіге ғана емес, бүкіл халыққа тарайтынын жеткізді. Келесі жылдан бастап ортақ база қалыптасады «Айталық, бір шенеунік жылына 2 миллион теңгеге ұшып, 5 миллионға тауар алып келсе, бірақ айлығы небәрі 1 миллион теңге болса, мұндайда не істейсіздер?» деген…
Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың түпкі себебін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, кикілжің жеке бастың өкпе-ренішінен емес, облыста ықпалы жүріп тұрған белгісіз топтың астыртын әрекетінен туындаған. «Өңірдегі кейбір ықпалды азаматтар менің сыртымнан спорт мекемелерінің басшыларын заңсыз ауыстырмақ болған. Бұл әрекетті дер кезінде байқап қалып, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырыстым», – деді Сәпиев әлеуметтік желіде. Олимпиада чемпионы осындай қысымға қарамастан, Президент тапсырған спорт саласындағы жүйелі реформаларды соңына дейін жеткізуге бекінгенін мәлімдеді. Бұған дейін, 23 қаңтарда Қарағандыда Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болды деген ақпарат тараған. Осыған байланысты полиция «дене жарақатын салу» бабымен іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы…
Қазақстан армиясында тағы да қаза. Елдің шығысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз өзіне бекітілген қарудан оқ атып, көз жұмды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні Өскемен гарнизонында болған. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Арынғали Әкішевтің айтуынша, сарбаз былтыр сәуір айында әскер қатарына шақырылған. Қазір осы дерек бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Істің барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының қатаң бақылауында. Оқиғаның нақты себебін жан-жақты әрі әділ анықтау үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Оны қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарады. Қорғаныс министрлігі марқұм сарбаздың отбасына…










