Автор: Самат Келдібай

кытай

Қытай Қазақстандағы Конституция референдумының сәтті өтуімен құттықтап, ел болашағына сенім білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 16 наурызда Қытай Сыртқы істерінің ресми өкілі Линь Цзянь Қазақстанда өткен жаңа Конституция жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді. «Қазақстан жаңа Конституция бойынша жалпыұлттық референдумды сәтті өткізді. Қытай тарапы көрші әрі мәңгілік стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның тұрақты дамып, әлеуметтік гүлдену жолын ұстанғанын қуанышпен қолдайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласында жаңа әрі биік жетістіктерге жететініне және «Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі ауқымды мақсаттардың орындалатынына сенімдіміз», – деді Линь Цзянь. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанмен екіжақты қатынастарға зор мән береді және президенттер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс…

Толық оқу
тұрғын үй

Қазақстандағы тұрғын үй нарығында сұраныс баяуласа да, бағаның өсуі жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Halyk Finance сарапшылары баспана құнының көтерілуін ҚҚС реформасымен, жоғары инфляциямен және былтырғы жылдың төменгі базасымен байланыстырып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше ақпан айында екінші нарықтағы баспананың шаршы метрі былтырмен салыстырғанда 14,3 пайызға, ал жаңа тұрғын үй бағасы 16,1 пайызға қымбаттаған. Пәтер жалдау ақысы да 11,7 пайызға өсіп, жылдық инфляция деңгейімен теңесті. Сарапшылар сұраныстың төмендеуіне бірқатар фактор әсер етеді дейді. Олардың қатарында жылжымайтын мүлік нарығына салынатын ҚҚС-тың енгізілуі, ипотека шарттарының қатаңдауы («7-20-25» бағдарламасындағы өзгерістер, алғашқы жарна мен несиелеу мерзіміне байланысты сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі, үлескерлік құрылыс талаптарының күшеюі), сондай-ақ…

Толық оқу
Бектенов медициналық сақтандыру

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. «Кеше жалпыұлттық референдумда азаматтарымыз белсенділік танытып, нағыз патриотизм үлгісін көрсетті. Халық мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына қолдау білдірді. Барлығымыз тарихи маңызы зор оқиғаның тікелей қатысушысына айналдық. Президент айтқандай, қазақстандықтар елді әрі қарай жаңғыртуға дауыс беріп, мемлекеттілігімізді нығайтуға үлес қосты», – деді премьер-министр. Олжас Бектеновтың айтуынша, әділетті және прогрессивті Қазақстанның жаңа тарихы демократиялық құндылықтармен қатар ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметке негізделеді. «Барша қазақстандықтарды ел бірлігі мен тәуелсіздігінің, егемендігінің айғағы болған жаңа Конституцияның қабылдануымен…

Толық оқу
ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 15 наурызға арналған дауылды ескерту жариялап, Астана, Шымкент пен еліміздің 16 облысында ауа райы күрт бұзылатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада көктайғақ пен тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, шығысында күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз де осы аумақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Қызылорда қаласында да жел 15 м/с-ке күшейеді. Ұлытау облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде, Жезқазғанда…

Толық оқу
АҚШ пен Иран соғысы

АҚШ мемлекеттік департаменті Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің басына 10 миллион доллар тікті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемдепартаменттің «Әділдік үшін сыйақы» бағдарламасы аясында жарияланған тізімге Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) негізгі өкілдері мен жоғары лауазымды тұлғалары енген. Тізімнің басында Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи тұр. Хаменеиден бөлек, АҚШ билігі тағы тоғыз адамның деректеріне қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында жоғарғы көсемнің әкімшілігінің басшысы Әли Асгар Хеджази, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, жоғарғы көсемнің аға әскери кеңесшісі Яхья Рахим Сафави, ішкі істер министрі Эскандар Момени және барлау министрі Исмаил Хатиб бар. Сонымен қатар тізімде нақты есімдері аталмаған, тек лауазымдары көрсетілген…

Толық оқу
асқар мамин лондон

Атышулы экс-премьер Асқар Мәминнің немере інілері Ернар мен Әлібек Мәминнің Лондындағы екі пәтерінің құны 15,7 миллион фунт стерлингтен (10,4 млрд теңге) асады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Выход к морю» Telegram-арнасының зерттеуінше, қымбат пәтерлер Лондонның беделді ауданында, Кенсиңтон бақтары мен Гайд-паркке жақын Бэйсуотерде орналасқан. Бұл аумақ бұрынғы посткеңестік елдердің жоғары лауазымды тұлғалары арасында танымал саналады. Құжат бойынша жылжымайтын мүлік ресми түрде Ернар мен Әлібекке тиесілі болғанымен, оны толық бақылау құқығы әкелері бұрынғы премьер-министрдің туған інісі Марат Мәминде қалған. Әкесінің рұқсатынсыз інілері пәтерлерді сатуға да, жалға беруге де құқығы жоқ. Мәминдер отбасы Lancaster Gate тұрғын үй кешенінен екі бірдей апартамент сатып алған: Бірінші…

Толық оқу
референдум қашан өтеді

Ішкі істер министрлігі алдағы республикалық референдумға қатысты азаматтарға арнайы үндеу жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев еліміздің жаңа Конституциясына байланысты жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтетінін еске салып, осы кезеңде жалған ақпараттардың таралу қаупі арта түсетінін атап өтті. «Қазір нейрожелілер мен жасанды интеллект технологияларының дамуымен фейк ақпараттарды жасау және тарату айтарлықтай жеңілдеді. Аз ғана уақыт ішінде кез келген адам сенімді көрінетін материал дайындап, оны әлеуметтік желіге немесе мессенджерге таратып, халықты адастыруы мүмкін. Сондықтан жалған ақпарат тарату заңмен қудаланып, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – деді Әлекешев. Оның айтуынша, министрлік азаматтарды заңға бағынуға және ақпараттық тазалықты сақтауға шақырады.…

Толық оқу
мұрат әбенов

Депутат Мұрат Әбенов такси қызметіндегі жол апаттары үшін жауапкершілікті тек жүргізушілерге арта салмай, осы міндетті «Яндекс» пен таксопарктердің де мойнына жүктеу қажет деп мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжілісменнің пікірінше, бүгінгі қалыптасқан жүйе қарапайым азаматтарды құқығы жоқ жұмысшыдай пайдалануға жол ашып отыр. «Соңғы жылдардағы бақылауым көрсеткендей, «Яндекс» қазақстандықтарды құл сияқты көріп, еңбегін шектен тыс пайдаланып отыр. Әлемнің кез келген елінде жұмысшыны тәулігіне сегіз сағаттан артық еңбекке жегуге рұқсат жоқ. Мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғауға міндетті. Мен жол апатында тек жүргізушінің ғана кінәлі саналатын тәжірибеге түбегейлі қарсымын», – деді депутат. Әбеновтің сөзінше, қызметінен пайда тауып отырған компаниялар қауіпсіздік мәселелеріне келгенде жауапкершіліктен сырт қалып…

Толық оқу
жаңа конституция

11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты бірге қалыптастырамыз» атты сарапшылар алаңында Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қоғам өкілдері мен журналистер жаңа Конституция жобасының маңызды тұстарын талқыға салды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының институттық өзгерістері талқыланып, қоғамның саяси шешім қабылдаудағы рөлін кеңейту мәселесі ерекше назарға алынды. Бірінші сессияның модераторы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым болды. Саясаттанушы Андрей Чеботарев Конституциялық реформа елдегі мемлекеттік жүйенің институттық негіздерін нығайтатынын атап өтті. «Жаңа Конституция шешім қабылдауда халықтың қатысуын арттырады. Халық кеңесі, қоғамдық кеңестер мен жергілікті қауымдастық жиындарын біріктіретін көп деңгейлі қоғамдық диалог жүйесі құрылады», – деді ол. Мәжіліс депутаты Абзал…

Толық оқу
Түркі мемлекеттері ұйымы

Сенат депутаттары Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) азаматтық қорғаныс механизмін құру туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенатор Андрей Лукиннің мәлімдеуінше, аталған келісім бойынша Қазақстан мен басқа да мүше мемлекеттер жыл сайын 50 мың доллар көлемінде жарна төлеуге міндеттеледі. Қазіргі бағаммен есептегенде, бұл шамамен 25 миллион теңгеге жуық қаражат. Ратификация нәтижесінде ұйымға мүше мемлекеттер төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың өмірін сақтап қалу, олардың мүлкін қорғау, гуманитарлық және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттардың алдын алу мақсатында күш біріктіреді. Келісім бойынша, зардап шеккен елдің сұрауына сәйкес көмек ерікті түрде көрсетіледі. Шешім консенсус негізінде қабылданады. Ұйымның жоғары органы – Министрлер кеңесі және…

Толық оқу