Қазақстанның ішкі саясатындағы басты басымдықтар конституциялық құндылықтарды орнықтыруға, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға және елдің болашағына нық қадам басуға тікелей бағытталуы тиіс. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары мен қоғамды кешенді жаңғырту тетіктері туралы вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық құндылықтар – реформалардың түпқазығы Ішкі саясаттың алғашқы әрі негізгі тірегі конституциялық құндылықтар. Ата Заң қағидаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық реформалар бағытының іргетасын құрайды. Олардың қатарында Заң мен Тәртіп үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация, еңбекқорлық пен жасампаз патриотизм, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидалары бар. Бейінді мемлекеттік құрылымдар Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының…
Автор: Самат Келдібай
Алматы облысында танымал актер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жабық форматта қаралып жатқан сот процесінің мән-жайы туралы іс бойынша жәбірленуші, актердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жабық сот және прокурордың талабы Атышулы істі Алматы облысының Қарасай аудандық соты қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы сот жарыссөзінде актерді Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы («Телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сот отырысына қашықтан қатысқан Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында…
Президент Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ресми Сеулмен жалпы құны 19 миллиард АҚШ долларын құрайтын ірі коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Екі ел басшыларының кеңейтілген құрамдағы келіссөздері барысында энергетика, жоғары технологиялар, инвестиция және қала құрылысы бағыттарындағы серіктестікті сапалық жаңа деңгейге көтеру туралы тарихи уағдаластықтар бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 19 миллиард долларлық келісімдер және өндірісті локализациялау Сеулде өткен бизнес-форум мен ресми кездесулердің басты нәтижесі – 19 миллиард доллар көлеміндегі ауқымды инвестициялық келісімшарттар пакеті. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның ірі корпорацияларының жетекшілерімен жеке-жеке келіссөз жүргізді. Атап айтқанда, Hyundai Motor Group басшылығымен кездесуде еліміздегі көлік өндірісін кеңейтіп қана қоймай, бөлшектерді өндіруді тікелей Қазақстан ішінде…
Астанада оқып жүрген қырғыз қыздарының қазақ халқына, Кенесары ханның аруағына тіл тигізуі Ақорда мен Бішкектің сыйластығына сызат түсіретін фактор деп жазады Ertenmedia.kz телеграм арнасы. Қос бойжеткеннің камера алдында көз жасын көлдетіп, кешірім өтінгенімен мәселе шешілмейді. Әлгілердің аузынан шыққан ауыр сөз көрші елдегі мем.идеологияның тікелей көрінісі деп ашық айта аламыз. Қазақ-қырғыз бір туған деcек те, екі елдің мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын тарихында қарама-қайшылық жетерлік. Солардың ең күрделісі де, жанды жері де хан Кененің тұлғасы. Қазақ даласы үшін Кенесары – Ресейдің отарлау саясатына қарсы келген соңғы заңды хан, қасиетті қаһарман. Ал қырғыз тарихнамасында ол Ормон ханның жеріне, Сарыбағыш руларына жорық жасаған «қатыгез…
Тауман Назарбаев пен Айдана Сәрсембаеваның үйлену тойы аса құпия әрі барынша жабық форматта ұйымдастырылды. Елорданың ең сәнді қонақүйлерінің бірінде өткен шара барысында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бөгде адамдардың кіруіне түбегейлі тыйым салынған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақ гүлдерге оранған зал және жасырын есік Ұлысмедианың дерегінше салтанатты кеш Астана қаласындағы The Ritz-Carlton қонақүйінде өткен. Ұйымдастырушылар банкет аймағын безендіруге ерекше мән беріп, флористикаға қомақты қаржы бөлген. Қонақүйдің қабылдау бөлімі көлемді гүл композицияларымен көмкерілсе, орталық баспалдақ түгелдей дерлік аппақ гүлдерге оранған. Салтанат өтіп жатқан аумаққа қарапайым тұрғындар мен қонақүй келушілерінің жақындауына мүмкіндік берілмеген. Тіпті лобби қонақтарына «аса маңызды іс-шара өтіп жатыр» деген сыпайы ескерту жасалып,…
Қазақстанда соңғы рет 2013 жылы жарық көрген мемлекеттік тілдің Орфографиялық сөздігі түбегейлі жаңартылып, оның жаңа басылымы әзірленетін болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді. Қоғамда күнтізбедегі тоғызыншы айдың атауын «қыркүйек» немесе «қыргүйек» деп жазу төңірегіндегі пікірталастар Ақорда деңгейінде талқыланып, нақты шешім қабылдауға түрткі болды. «Қыркүйек» дауы және кеңсе тілінің талабы Ерлан Қарин әлемжеліде өрбіген қызу пікірталастың тек филологтар мен әдебиетшілердің ғана мәселесі емес екенін атап өтті. Қазақ тілі ресми іс жүргізу тіліне толық көшкендіктен, сөздердің жазылуы мен дыбысталуы мемлекеттік аппараттың күнделікті қызметіне тікелей ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекеттік орган өкілдері қоғамдағы орынды сауалдардан…
Ұлттық банк бөліп төлеу нарығына талдау жасап, арнайы талқылау құжатын жариялады. Реттеуші қаржы ұйымдарына жатпайтын компаниялар ұсынатын бөліп төлеу қызметі азаматтардың көзге көрінбейтін қарыз жүктемесін арттыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. BNPL — ағылшын тіліндегі Buy Now, Pay Later, яғни «қазір сатып ал, кейін төле» үлгісіндегі қызмет. Мұндай тәсіл сатып алынған тауардың немесе қызметтің құнын бірнеше төлемге бөлуге мүмкіндік береді. Қазақстанда бөліп төлеу арқылы күнделікті тұтыну тауарларынан бастап автомобиль мен жылжымайтын мүлікке дейін сатып алуға болады. Қағаз жүзінде ол төлем тәсілі ретінде көрінгенімен, сатып алушыға белгілі бір қаржылық міндеттеме жүктейді. Бөліп төлеу сырттай несиеге ұқсамауы мүмкін. Алайда сатып алушы…
Кезінде Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені жекешелендіруге шығарылды. Алматыдағы 11 қабатты нысан электронды аукцион арқылы кемінде 12,76 млрд теңгеге сатылмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қонақүй заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару аясында мемлекеттік меншікке өткен еді. Енді оны Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті саудаға қойып отыр. Аукцион 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді. Сауда бастапқы бағаны көтеру әдісімен ұйымдастырылады. Өтінім қабылдау аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын тоқтатылады. Қонақүйдің бастапқы бағасы 12 млрд 759 млн 410 мың теңге немесе шамамен 28 млн доллар болып белгіленген. Саудаға қатысу үшін 1,91 млрд теңгеден астам кепілдік жарна…
Бірнеше күн бойы төменгі деңгейде саудаланған доллар қайта қымбаттады. 10 қыркүйекке белгіленген ресми бағам 456,89 теңгені құрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бір күн бұрын америкалық валюта 454,46 теңге тұрған еді. Осылайша, доллардың ресми бағамы бір тәулікте 2,43 теңгеге көтерілді. Өзгеріс Қазақстан қор биржасындағы 9 қыркүйектегі сауда қорытындысынан кейін тіркелді. Доллардың орташа өлшенген биржалық бағамы шамамен 2,5 теңгеге өсіп, 456,89 теңгеге жеткен. 10 қыркүйектегі ресми бағам бойынша бір еуро 531,36 теңге, бір Ресей рублі 5,32 теңге, бір Қытай юані 68,11 теңге тұрады. Айырбастау орындарындағы бағам Астанада долларды 450–452 теңгеден сатып алып, 455,5–459 теңгеден сатып жатыр. Еуроны қабылдау бағасы 521–523 теңге, сату бағасы…
Продюсер Баян Алагөзова діни фанатизм туралы жазбасынан кейін қоғамда туған үлкен резонансқа қатысты пікір білдірді. Ол сөзінен көңілі қалған діндарлардан кешірім сұрағанымен, көтерген мәселесіне қатысты ұстанымынан бас тартқан жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін продюсер дін мен оны насихаттаудан шаршағанын жазып, тозаққа сенбейтінін айтқан. Сондай-ақ жұмақ пен 72 пәк қыз туралы түсінікке мысқылмен пікір білдірген еді. Оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін Алагөзова сөзінің діндар азаматтардың сезіміне тиген болуы мүмкін екенін мойындап, олардан кешірім сұрады. Алайда продюсер мәселені діннің өзінен емес, діни радикализм мен қоғамға жат деп санайтын нормаларды таңудан көретінін атап өтті. Ол әсіресе әйелдер мен…










