Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Шавкат Рахмоновтың әйелі

Жамбыл облысында UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот процесі аяқталды. Оған адам өліміне әкелген жол апатын жасады деген айып тағылып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 27 шілдесінде сағат 08:30 шамасында Алматы – Екатеринбұр тас жолының Мойынқұм ауданындағы аумағында болған. Тергеу материалына сәйкес, Рахмонова Toyota Land Cruiser көлігін шаршаңқы күйде жүргізгендіктен, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, автокөлік аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы айыпталушының туған әпкесі мен құрбысы көз жұмған. Рахмонованың өзі де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын. Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, оның кінәсі куәгерлердің…

Толық оқу
Алматы жол апаты

Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған ауыр апаттан соң Алматы полиция департаментінде кадрлық тазалау басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Cmn.kz дерегінше, департамент басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев (суретте) түнеукүні оқиғадан кейін денсаулығына байланысты шұғыл демалысқа шығып кеткен. Дереккөздің мәліметіне сәйкес, ол алдағы уақытта қызметінен кетуі мүмкін. Бұған дейін заңгер Молдахан Әділетхан әлемжеліде Әл-Фарабидегі апаттың жаңа деректерін жариялаған еді. Zeek-мен жарысқан екінші көлікте полиция басшылығының өкілі болғаны айтылуда. Заңгер жариялаған видеода жасөспірімнің көлік айдауға дәл сол Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтқан. Департаменттегі ақпарат көзінің хабарлауынша, аяқасты демалысқа шыққан Ұзабаевтың артынан Алматы әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Серік Шұмаев қызметінен босатылған. Сондай-ақ Алматы әкімшілік полициясының…

Толық оқу
Тимур Сулейменова

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың қолданыстағы мерзімін тағы бір жылға ұзартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысы бойынша қабылданды. Осылайша, аталған купюралар 2027 жылдың маусым айына дейін еркін айналымда болады. Бұрынғы үлгідегі банкноттарды жаңа дизайндағы ақшаға ауыстыру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазіргі таңда Ұлттық банк «Сақ стилі» деп аталатын жаңа үлгідегі банкноттар сериясын кезең-кезеңімен айналымға енгізіп жатыр. Осы процесс барысында ескі және жаңа ақшалар қатар қолданылып, біртіндеп ауыстырылады. «Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін еліміздегі барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі ақшаны тағы үш жыл бойы жаңасына ауыстырып береді. Ал Ұлттық…

Толық оқу
Мұрат Әбенов үндеу

Депутат Мұрат Әбенов Алматыдағы жол қозғалысына қатысты қатаң сын айтып, жантүршігерлік жол апаты болған әл-Фараби көшесінен тікелей эфирге шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат мегаполисте тәртіп жоқтығын, құқық қорғаушылардың тек қарапайым халыққа ғана айбат көрсетіп, қалталы, ықпалды тұлғалардың заңсыз әрекетіне көз жұма қарайтынын қатаң айыптады. «Бүтін қаланы дүр сілкіндірген сұмдық трагедия орын алды. Халық кінәлі адам жазадан құтылып кете ме деп қауіптенуде. Қолын қанға малған жүргізуші әлі күнге дейін СИЗО-ға қамалған жоқ. Ауруханада жатыр дейді. Онда не болып жатқанын кім білсін?! Қанынан арап-шарапты шығартып, жауапкершіліктен жалтарудың амалын іздеп жатқан шығар. Алматы полициясы тек қарапайым азаматтарға ғана күші жетеді», – деп ашынды…

Толық оқу
Ерболат Досаев

Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа бүгін, 25 наурызда қол қойды. Кадрлық шешімнің нақты себептері ресми хабарламада көрсетілмеген. Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарған еді. Осыған дейін Алматы қаласының әкімі қызметінде болған ол былтыр мамыр айында бұл лауазымнан кеткен. Әр жылдары елімізде Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасары, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы секілді жауапты қызметтерді атқарған Ерболат Досаев бұдан бөлек, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктерін басқарған. Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесіне мүше болып сайланған. Оның…

Толық оқу
рахат әлиев

Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин активтерді қайтару науқанының соңы сұйылып кеткенін сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Новый газетаға» сұхбат берген Мағжанұлының пікірінше науқан бастапқы мәнінен ауытқып кеткен. «Ескі Қазақстанның» шағын қағамыз деген билік олигархтармен мәмілеге келіп, шынайы тергеу жүргізу ниетінен тайқыған. Қажыгелдиннің сөзінше, заңды түрде жүргізілген халықаралық тергеудің көмегімен Назарбаев отбасының ондаған миллиард долларын небәрі алты ай ішінде Қазақстанға қайтаруға болатын еді. Бірақ Астана бұдан айнып қалған. «Біз жақтан Қаңтардан кейін ұсынған заңның мақсаты елде азаматтық соғыс тудырмай, әділеттілікке жол ашу еді. Алдымен қаражаттың қайнар көзін анықтайтын әділ тергеу қажет болды. «Отбасының» уысындағы активтің шығу тегіне қатысты нақты айғағы болса, билік әулетке…

Толық оқу
марк цукерберг

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы алқабилер соты Meta компаниясын платформалардағы қауіпсіздікке қатысты пайдаланушыларды жаңылыстырды және балаларды қанауға жол ашқан орта қалыптастырды деп танып, 375 миллион доллар төлеуге міндеттеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс материалдарына қарағанда, қазылар алқасы компания кәмелетке толмағандарға төнетін қауіп жөніндегі ескертулерді елемей, өз платформаларында жеткілікті қорғаныс деңгейін қамтамасыз етпеген деген қорытындыға келген. Соның салдарынан Meta Нью-Мексико штатының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңын бұзды деп танылған. Компанияға қарсы талапты 2023 жылдың желтоқсанында штаттың бас прокуроры Рауль Торрес берген. Талап арызға Facebook пен Instagram желілерінің балаларды сексуалдық қанау мақсатындағы саудада пайдаланылғанын көрсеткен тергеу деректері негіз болған. Сот әрбір құқықбұзушылық бойынша ең жоғарғы…

Толық оқу
Zeekr жол апаты

Алматының әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті ауруханада, жағдайы тұрақталған соң уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қалалық полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік жүргізу ережелерін бұзу») бойынша іс қозғалған. Бұл бапта кінәліге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. «Zeekr» маркалы көліктің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Mercedes» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмды. Оқиғаға кінәлі азамат жарақат алып,…

Толық оқу
Абиба Абужакынова

Әлемдік аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова жеке өмірінде де үлкен жаңалықпен бөлісті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Спортшы өзінің Instagram парақшасында неке жүзігін көрсетіп, үлкен қызыл раушан гүлдерінен жасалған сәнді букетпен суретін жариялады. «Мен келісім бердім», – деп жазды Абиба. Әбиба Әбужақынова – Қазақстан дзюдосының жарқын жұлдызы. Бұған дейін ол 2022 жылы Ташкентте, 2024 жылы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионаттарында қола жүлдені жеңіп алған болатын. Сондай-ақ оның қоржынында Азия чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. 2025 жылдың қараша айында Әбу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде де қола медаль еншіледі. Еске салсақ, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Әбиба жүлделі орын ала…

Толық оқу
қылмыстық топ

Жетісу облысында бірнеше ай бойы тұрғындардың тынышын кетірген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өңірде пәтер ұрлығымен айналысқан 29 және 35 жастағы екі ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 19 наурызына дейін 13 қылмыс жасаған. Ұрлық жасалған аудандардың географиясы кең: Ескелді ауданы – 6 дерек; Көксу ауданы – 2 дерек; Алакөл ауданы – 3 дерек; Ақсу ауданы – 2 дерек. Қылмыскерлер барлық жағдайда бір тәсілді қолданған: үй иелері жоқ кезде пластик терезелерді бұзып, ішке еніп отырған. https://youtu.be/X7XrhzUlfj8 Ұрылардың жалпы келтірген шығыны шамамен 23 миллион теңгені құрайды. Ұсталған кезде күдіктілерден…

Толық оқу