Белгілі продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy арнасына берген сұхбатында қоғамдағы өткір мәселелерге батыл пікір білдіріп, алда болатын «Алтын Ханым» байқауына дайындық барысын баяндады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері сұхбат барысында ең алдымен радикализмнің зиянына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет, сондықтан радикал көзқарастарды қоғамға таңуға жол беруге болмайды. Продюсер хиджаб тақырыбын да айналып өтпеді. «Мен дінге қарсы емеспін. Мен радикализмнің насихатына қарсымын. Олар бізге қалай өмір сүру керек екенін, шариғатты қалай ұстануымыз қажет екенін нұсқауға құқығы жоқ. Мысалы, мен күн сайын дұға оқимын, бірақ бұл туралы ешкім білмейді. Қалай дұға етемін менің жеке мәселем. Бұл менің Алламен арадағы…
Автор: Самат Келдібай
Қазақстандағы шағын және микробизнес субъектілеріне салық қарыздарын өсімпұлсыз өтеуге санаулы күн қалды. Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлер үшін ерекше акция жариялап, оған қатысу шарттары да жеңілдетілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Комитет төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың айтуынша, салықтық рақымшылыққа қатысу үшін кәсіпкерлер ешқандай құжат жинап, арыз жазудың қажеті жоқ. «Барлығы өте қарапайым: егер бизнес субъектісінде 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін салық қарызы болса, 31 наурызға дейін сол қарыздың негізгі сомасын төлесе жеткілікті. Осыдан кейін есептелген өсімпұлдар толықтай автоматты түрде жойылады», – деп түсіндірді комитет өкілі. Сонымен бірге, негізгі қарызды төлегеннен кейін кәсіпкерлердің бұғатталған банктік шоттары келесі жұмыс күні бірден ашылады. Қосымша есеп немесе…
Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша 588 базар тіркелген. Дәстүрлі сауданың кеңістігі тарылу үстінде деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 38 базарға аз. Елдегі базарлардың басым бөлігі қалада шоғырланған. Қазір 417 базар шаһарларда жұмыс істесе, ауылдық жерлерде 171 базар қалған. Өңірлер ішінде ең көп базар Түркістан облысында тіркелген. Мұнда 103 нарық бар. Одан кейін 57 базармен Алматы облысы, 53 базармен Ақтөбе облысы тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында байқалған. Онда бар болғаны 6 базар жұмыс істейді. Сауда орындарының саны да қысқарған Егер 2024 жылы ел бойынша 150,8 мың сауда орны болса, 2025 жылы ол…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады деген ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ведомство мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын және deepfake технологиясы арқылы жасалған жалған видеолардан тарағанын мәлімдеді. Министрлік өкілдері зейнетақы төлемдерінен 20 пайыздық ұсталым енгізілді деген әңгіме өтірік екенін ашық айтты. Ресми түсіндіруге қарағанда, белгісіз адамдар ынтымақты зейнетақы 20 пайызға қысқарады деген мазмұндағы жалған видеоларды әдейі таратып жатыр. Ведомство мұндай материалдардың мақсаты жұртты шатастыру және қоғам ішінде негізсіз алаң көңіл күй туғызу екенін ескертті. Яғни әңгіме нақты шешім туралы емес, қолдан жасалған ақпараттық арандату жайлы болып отыр. Министрлік 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап…
Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде күтпеген жерден қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулудан жеңіліп қалды. Аралас жекпе-жек жұлдызы саналатын Еркебұлан қарсыласына үш раунд бойы бірде-бір қарсы әрекет жасай алмады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен өткен айқаста Тоқтар айқын фаворит ретінде аталған еді. Дегенмен, жекпе-жектің алғашқы минутынан-ақ қырғыз спортшысы оның қимыл-әрекетін толық бақылап, тактикалық тұрғыда үстемдік танытты. Еркебұлан өзіне тән агрессивті стилін іске асыруға тырысқанымен, қарсыласының мықты қорғанысынан ешқандай нәтиже шығара алмады. Алғашқы екі раунд Еркебұлан үшін өте ауыр өтті: ол Марсельдің соққыларына лайықты жауап бере алмай, жылдамдық пен дәлдіктен қатты ұтылды. Үшінші…
Қазақстанда танымал блогер Ильяр Ювашевке мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есептер порталында шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іздестіру ісі Астанада тіркелген. Істі қозғаған орган Қаржы мониторинг агенттігі, ал тергеуді елордалық экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, «Ильярчик» лақап атымен белгілі блогер 2024–2025 жылдары лицензиясыз жұмыс істеген интернет-казино желісін ұйымдастыруға және басқаруға қатысқан. Әңгіме mellstroy.game ресурсын қоса қамтитын бірнеше платформаның жұмысы туралы болып отыр. Агенттік мәліметінше, қаржы айналымын жасыру үшін 22 жалған компания тіркелген. Сонымен қатар POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылып, ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Қазір Ювашевке қатысты «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесу»…
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев тергеу изоляторында карантинге жатқызылды. Адвокат Рена Керимованың айтуынша, журналистің денсаулығы күрт нашарлап кеткен деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мерекеден кейін бірден бейсенбі күні Әсет Матаевтың жағдайын көріп қайттым. Оның қазіргі халін көру өте ауыр: маңдайында үлкен тігіс, көзі ісіп, бетінің жартысы көгеріп кеткен, қатты ісінген. Осындай жағдайда оны жаңа келген тұтқындармен бірге карантинге жатқызған. Карантин мерзімі – 15 күн», – деп жазды адвокат әлеуметтік желіде. Желі қолданушылары журналистке қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының оның қазіргі жағдайына мүлде сәйкес келмейтінін айтып, алаңдаушылық білдіруде. «Осындай хабарламаларды оқу өте ауыр. Журналистер мен адвокаттарға қатысты жағдай қауіпті сипат алып бара…
Алматының Almaty Theatre сахнасында халықаралық «Жер сағаты» акциясы аясында «Symphony of Earth» атты акустикалық концерт ұйымдастырылды. Шара экологиялық ресурстарды ұқыпты пайдалану идеясын насихаттау мақсатында театр ғимаратының жарығы толық сөндіріліп, үш мың шамның жарығымен өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Концерт ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстанның ЮНЕСКО клубтары ұлттық федерациясы ұйымдастырған TURAQTY JOL 7.0 республикалық экологиялық кампаниясының ашылуы аясында өтті. Акцияның бас серіктесі – ЦентрКредит Банкі, ал ресми серіктесі – Chevron компаниясы. Шараға Иран мен Түркия дипломатиялық корпусының өкілдері, танымал стилистер мен блогерлер, эковолонтерлар және Алматы жастары қатысты. Музыкалық кеш unplugged форматында, яғни электр қуатын мүлдем қолданбай, тек қайта…
Қазақстанда жол қауіпсіздігі бойынша заңнама түбегейлі өзгеруі мүмкін. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазіргі айыппұл жүйесін сынға алып, әсіресе, «Сергек» камераларының қарапайым халыққа ғана әсер етіп, бай-бағландардың ережені елемейтінін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әбеновтің пікірінше, айыппұлдар қарапайым жүргізушілер үшін ауыр салмақ болса, аса қымбат көлік мінгендерге еш әсер етпей отыр. «Қазір біз «Сергекке» тым сеніп кеттік. Камералар қарапайым жүргізушілерді тәртіпке келтіреді, өйткені олар үшін айыппұл үлкен шығын. Ал ауқатты азаматтар айына миллиондап төлеп, күліп жүре береді. Бағасы 100–200 мың доллар тұратын көлікті тізгіндегендер үшін 1–2 миллион теңге айыппұл кәдімгі жол жүру ақысы сияқты болып кеткен», – деп ашынды депутат. Осыған байланысты…
Жоғары аудиторлық палата Құмар Ақсақалов басқаратын Қостанай облысына аудит жүргізіп, масқара жайттардың басын ашты. Өңірде миллиардтаған қаражаттың тиімсіз жұмсалғаны анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас аудитор Әлихан Смайыловтың есебіне сәйкес, соңғы төрт жылда (2020–2024 жж.) облыстық бюджет кірісі 75 пайызға өскен. Бірақ, өңірдің жеке табыс үлесі тек 29 пайыздан 36,1 пайызға ғана көтерілген. Сонымен қатар жергілікті билік бос жатқан 19 млрд теңге бюджет қаражатын пайдаланбай отырып, қосымша 30 млрд теңге қарыз тартқан. Бұл жергілікті атқарушы органдардың бюджет шығындарын жоспарлау мен мемлекеттік қарыз жүктемесін үйлестіре алмағанын көрсетеді. Инвестиция саласында да жағдай мәз емес 2025 жылға жоспарланған жалпы құны 188 млрд теңгені құрайтын…










