Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Тоқаев Назарбаев туралы

Экс-президент Назарбаевтың Владимир Путинмен және басқа да көшбасшылармен ұдайы байланыста болуы Тоқаевтың әлсіздігі емес, қайта Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиялық мүддесіне сай келетін қадам. Белгілі саясаттанушы Уәлихан Төлешов осындай пікір білдіріпті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Төлешовтің айтуынша, Назарбаев қазір биліктің формальды құрылымынан алыстағанымен, Кремль үшін Орталық Азиядағы соңғы «өз адамы». Оған себеп Назарбаевтың аймақтағы түркілік бірегейлікке де, Ресейден кейінгі жаңа өңірлік тәртіпке де қатысты болмауы. Оның Мәскеу алдындағы мәртебесі қайталанбайтын, мұраға қалмайтын ерекше құбылыс. Нұрекең Кремльдің психологиялық сенім буфері ретінде қызмет атқарады. Сарапшының пікірінше, Тоқаев үшін Назарбаевтың осы рөлі өте ыңғайлы. Экс-елбасы Кремльмен «протоколсыз», жауапкершіліксіз диалог орнатуға мүмкіндік беретін арна. Бұл Астанаға Мәскеу…

Толық оқу
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында тұтас бір отбасының жоғалып кетуіне байланысты тың деректер шығып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде тараған жаңа ақпарат ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын одан әрі күшейтіп отыр. Өзін Атыраулық IT-маман ретінде таныстырған азаматтың сөзінше, жоғалған отбасының мүшесі Наурыздың атына тіркелген сим-карталар әлі күнге дейін белсенді пайдаланылуда. Оның айтуынша, карта иесінің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркеліп, WhatsApp мессенджеріне күніне бірнеше рет кіргені байқалған. Сондай-ақ отбасының туыстары жоғалғаннан кейін қараша және желтоқсан айына тиесілі зейнетақы төлемдерін біреулердің шешіп алғанын хабарлады. Тіпті үйдегі мал да WhatsApp арқылы жүргізілген хат алмасу арқылы сатылып кеткен. Хабарламалар жоғалған отбасының ұлы атынан жіберілген деседі.…

Толық оқу
Елімізде көлік салығын есептеудің

Елімізде көлік салығын есептеудің жаңа тәртібі күшіне енді. Әсіресе ескі көліктер үшін салық жүктемесі біршама жеңілдеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, енді шыққанына 10 жылдан асқан жеңіл көліктердің салығы төмендетілген коэффициентпен есептеледі. Нақтырақ айтқанда, қолданыс мерзімі 10-нан 20 жылға дейінгі автокөліктердің салығы 0,7 коэффициентімен, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін 0,5 коэффициентімен есептелмек. Сондай-ақ, биылдан бастап көлік иелері үшін салық төлеу тәртібі де жеңілдетілді. Енді жүргізушілерге жыл ішінде бірнеше рет есеп тапсырудың қажеті жоқ. Жыл соңында бір рет декларация тапсырып, келесі жылы салығын толық төлеу жеткілікті. Тағы бір жаңалық 2013 жылдан кейін шыққан немесе елге әкелінген қозғалтқыш көлемі…

Толық оқу
Тоқаев әскер туралы

Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында әскердегі сарбаз өлімі мәселесіне ерекше тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент бейбіт уақытта әскер қатарында жүрген сарбаздардың қаза болуы өте ауыр әрі еш ақтап алуға болмайтын жағдай екенін қадап айтты. «Жақында барлық күштік құрылым басшыларын жинаған жиында осы мәселені арнайы көтеріп, Қорғаныс министрлігі басшылығына қатаң сын айттым. Әскери тәртіп пен тәрбиелік жұмысқа лайықты көңіл бөлінбеген. Әскер жастарды шыңдайтын, өмірлік ұстанымы мен азаматтық қасиетін қалыптастыратын мектеп. Офицерлер мен командирлер сарбаздарға әр ісімен үлгі болуы керек. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдық пен жершілдікке мүлде орын жоқ. Бұған жеке өзім бақылау жасаймын. Жағдайды түзеу үшін жедел шаралар қабылдауға тапсырма берілді»,…

Толық оқу
Тоқаев Назарбаев туралы

Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Назарбаев пен Путин арасындағы жиі өтіп жүрген кездесулерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, кездесулердің бейресми сипатқа ие екенін Ресей президентінің өзі атап өткен. «Жуырда Петерборда Путинмен кездесу барысында ол Назарбаевты өзінің жеке өтініші бойынша қабылдайтынын айтты. Жалпы, Ресей президенті өзінің бұрынғы әріптестері мен достарына ерекше ықыласпен қарайды. Сенбі күні болса да, жұмысбастылығына қарамастан Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай отырып әңгімелесуге уақыт тапқан. Ол Назарбаевты еуразиялық интеграцияның бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде құрметтейді», – деді Тоқаев. Президент осчнау кездесулер Кремль көсемінің адами қасиетінен хабар беретінін жеткізді. «Шынымды айтсам, бұл әңгімелердің…

Толық оқу
Тоқаев Қаңтар оқиғасы туралы айтты.

Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Қаңтардағы трагедияның негізгі картинасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Ол осы іске қатысты тергеудің ашық әрі объективті жүруі үшін құқық қорғау органдары азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істегенін атап өтті. «Танымал құқық қорғаушылар басшылық еткен бірнеше қоғамдық комиссия құрылды. Соның арқасында әрбір эпизод жан-жақты әрі әділ зерделенді. Осы орайда, өз тарапымнан белсенділік танытқан азаматтарға, құқық қорғаушыларға кәсіби шеберлігі мен азаматтық ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін. 2022 жылдың наурыз айында Парламентте арнайы қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, конституциялық құрылымды күйретпек болған қылмыскерлердің түпкі мақсаты ашық айтылды»,…

Толық оқу
Ерлан Қарин Дала қырандары

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин еліміздегі ең ірі жастар қозғалысының бірі «Дала Қырандары» өкілдерін арнайы қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір бұл ұйым Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 27 қалада 1700-ден астам жалынды жастың басын біріктіріп отыр. Ұйым қызметінің өзегі азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту және жастардың ел өміріне белсене араласуына жағдай жасау. Ерлан Қарин жастардың бойындағы патриотизм мен азаматтық жауапкершілік мәселесіне ерекше тоқталды. Оның пікірінше, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бастамалары бір-бірін толықтырып отыруы тиіс. «Мәселені көтеріп, сынаумен шектелу аздық етеді. Бізге дәл қазір мәселені шешуге ұмтылатын, нәтижелі ұсыныстар айтатын, іске бейім орта керек. Қоғамның дамуы үшін тек мемлекеттік қызметкердің ғана емес, белсенділер мен…

Толық оқу
Әсел Нұрғазиева

Атыраулық белгілі құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Әсел Нұрғазиева өмірден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы хабарды марқұмның туыстары мен әріптестері жеткізді. Әсел Нұрғазиева қоғамдық маңызы бар істерде белсенділік танытып, әсіресе 2011-2012 жылдары Жаңаөзен оқиғасы кезінде танымал болды. Сол уақытта ол зардап шеккендердің құқықтарын қорғап, ЕҚЫҰ атынан тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан еді. Осы еңбегі арқылы оны тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық қауымдастық та таныды. 2012 жылы Нұрғазиева Ақтау қаласында ұсталып, «қоғамдық тәртіпті бұзып, полицияға бағынбады» деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соттың шешімімен оған 12 тәулікке қамау жазасы кесілді. Бұл шешім ел ішіндегі және халықаралық құқық қорғау ұйымдарының тарапынан сынға ұшырап, белсендіге…

Толық оқу
Индер ауданында колледж студенттері

Атырау облысының Индер ауданында колледж студенттерінің арасында төбелес шығып, бір студенттің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлемжеліде тарап жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жергілікті блогер Рүстем Баязиев Инстаграм парақшасында жариялаған мәліметке сүйенсек, оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болған. Колледж студенттері арасында шыққан жанжалдың себепкері қарапайым дәптер екен. Жәбір көрген студенттің жақындары жасөспірімді өз қатарластары колледждің әжетханасында ұстап алып, беті мен кеудесінен бірнеше рет ұрғанын айтып отыр. Олар колледж басшылығының жағдайға салғырт қарағанына да наразы. Туыстарының айтуынша, соққы алған студент шамамен екі сағат бойы оқу орнында көмек сұрап жүрген, бірақ сол уақытта колледжде медициналық маман да, психолог та, тіпті куратор да болмаған көрінеді.…

Толық оқу
Трамп Мадуро АҚШ

Доналд Трамп Венесуела президенті Николас Мадуроны тақтан тайдырып, өтпелі кезеңде елдегі билікті өз қолына алатынын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатында Дөкең АҚШ-тың Венесуеланы толық бақылауға алғанын, «қауіпсіз әрі ақылға қонымды билік транзиті жүзеге асқанша» елді өзі басқаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Әмірика Венесуела халқын «бай, қауіпсіз әрі шын мәнінде тәуелсіз етуге» уәде береді. Трамп Николас Мадуроны «билікті заңсыз басып алған диктатор» деп атап, оны «Күн картелі» (Cartel de los Soles) дейтін есірткі ұйымын басқарды деп айыптады. Ақ үй қараша айында аталған ұйымды ресми түрде террористік топтың қатарына қосқан. Уашингтонның пікірінше, дәл осы ұйым ел аумағына үйіп-төгіп есірткі…

Толық оқу