Қазақстанда жеті жыл бойы тыйым салынған ағымдағы шоттағы ақшаға сыйақы төлеу тәртібі қайтадан іске қосылады. 19 наурыздан бастап елде «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңмен бірге Азаматтық кодекске енгізілген түзетулерге сай енді банктер ағымдағы шоттардағы қаражатқа жылдық 1%-ға дейін сыйақы төлей алады. Төлем бұған дейін жеті жылға жуық заңмен шектелген болатын. Сыйақы қалай есептеледі? Банк күн сайын шоттағы қаражат көлемін анықтап, дәл сол сомаға жылдық 1 пайыздан аспайтын мөлшерде сыйақыны есептейді. Егер шоттағы ақша сомасы өзгеріп тұрса, сәйкесінше пайыз мөлшері қайта есептеліп отырады. Мысалы, егер клиенттің ағымдағы шотында 100 мың теңге болса және…
Автор: Самат Келдібай
Павлодарда Еңбек мобилдігі орталығының директоры, белгілі шенеуніктің әйелі Меруерт Есембаева алкотестіден өтуден бас тартқаны үшін сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Nege-нің дерегінше оқиға 22 ақпанға қараған түні болған. Есембаева қызметтік Chery Tiggo 7 Pro автокөлігімен келе жатып, тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабын елемеген. Полицейлер оны тек қысқа қуғыннан кейін ғана тоқтата алған. Тексеру орталығына жеткізілгеннен кейінгі оқиға тіпті шиеленісе түскен. Сот материалдарындағы бейнежазбада шенеуніктің әйелі дәрігерлермен дөрекі сөйлесіп, тексеруден өтуге қарсылық білдіріп, мамандарға агрессивті мінез көрсеткені анық көрінеді. Тіпті нарколог дәрігерге «сен кімсің өзі, алкотестерден алдымен өзің өт» деп, жедел жәрдем шақыртып, орталықты тастап кеткен. Сот барысында…
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай 13-23 наурыз аралығында республикалық деңгейдегі «Nauryz Sale» акциясы өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аталған шара отандық өндірушілерді қолдап, ішкі сауданы жандандырып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылмақ. Акция барысында елдегі сауда нысандары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 10-нан 70 пайызға дейінгі жеңілдіктер ұсынады. Арнайы навигация, брендтелген мерекелік белгілер, тақырыптық бағалар мен жарнамалық материалдар арқылы тұтынушылар акциялық өнімдерді оңай таба алады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, шараға ел аумағындағы 300-ге жуық сауда субъектісі қатысады. Оның ішінде 140 сауда үйі мен ойын-сауық орталықтары, 140 сауда желісі және 20 электронды сауда алаңы бар. Акцияны елдегі Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина»,…
Алматыда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді қыздары «Менің дауысым – менің күшім!» атты ерекше шеру өткізді. Азаматтық белсенділікті дәріптеген қыздардың ұраны дауылпаздардың үнімен астасып, қала жұртын 15 наурызда өтетін Конституциялық референдумға қатысуға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шеру Халықаралық әйелдер күнінде ұйымдастырылып, азаматтардың қоғам өміріндегі дауыс құқығын қайта еске салды. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, әлемдік тарихта әйелдердің белсенділігі талай елдің дамуына серпін беріп, азаматтық құқықтардың нығаюына себеп болған. Осы тәжірибені үлгі еткен белсенді қыздар әрбір қазақстандықтың дауысы қоғамды өзгерте алатынын көрсетті. Шеруге қатысушылардың пікірінше, 2022 жылғы референдум Қазақстанды жаңа бағытқа бұрып, елдің әділет пен тәртіпке, азаматтардың құқығына және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске деген көзқарасын…
Үкімет жаңа Салық кодексін енгізу бойынша құрылған жобалық кеңседе 60 мәселені қарастырып, бірнеше маңызды түзетулер дайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Денсаулық сақтау саласында маңызды өзгеріс: сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы жоғары дәрілерді импорттау кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау аяқталуға жақын. Биыл ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі дәрілер мен медициналық бұйымдардың шекті бағасын ҚҚС-сыз бекіткен болатын. Өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік сатып алулар ережесін өзгертуді пысықтап жатыр. Өзгеріс жеңілдетілген декларация арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлерден тауар мен қызметтер сатып алуға қатысты болмақ. Мақсат заң талаптарын сақтау, өндіріске қолдау көрсету және квазимемлекеттік компаниялардың шығындарын…
Қазақстан Таяу Шығыстан шыға алмай қалған азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда. Операция басталғалы бері 8585 адам елге жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзір еліміздің дипломатиялық өкілдіктері аймақтағы азаматтармен тұрақты байланыста болып, олардың елге аман-есен оралуын қамтамасыз етіп отыр. Соңғы күндері Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев израилдік әріптесі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті. Министрлер өңірдегі ахуалды және екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған екен. Көшербаев Израиль тарапынан елдегі қазақстандықтарды эвакуациялауға көмек көрсетуді сұраған. Израиль тарапы мәселені тез арада шешуге барынша күш салатынын жеткізіпті. Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыстар мен әуе кеңістігінің жабылуына байланысты…
Жаңа Конституция жобасына енген түзетулер қоғам ішінде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсіресе некені конституциялық деңгейде бекіту, әйел құқығы мен заңды мүддені күшейту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау мәселесі көпшіліктің назарын аударған. Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты экономика салалары мен әлеуметтік сала заңнамасы бөлімінің басшысы, философия докторы Маржангүл Әкімжанованың айтуынша, жаңартылған преамбула мемлекеттің адам қадір-қасиетіне, теңдік пен әділдікке арқа сүйейтінін анық көрсетеді. Оның сөзінше, жоба мәтінінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде жарияланғаны осы ұстанымның айқын дәлелі. Сарапшы некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықтық одағы ретінде…
Қазақстанның тұрғын үй нарығына енді демографиялық фактор әсер етпек. 2000 жылдардың басындағы бум кезінде туған жастар баспана нарығына белсенді кіре бастаған. «Отбасы банк» Ләззат Ибрагимованың айтуынша, алдағы екі-үш жылда тұрғын үй бағасы төмендемейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2000 жылы Қазақстанда 222 мың сәби дүниеге келсе, 2007 жылы осы көрсеткіш 321,9 мыңға жеткен. Жыл сайынғы өсім шамамен 15-20 мың адам. Бүгінде осы буынның алғашқы легі 26-27 жасқа толып, шаңырақ көтеріп жатыр. Демек, алдағы жылдары баспанаға деген сұраныс бәсеңдемейді, керісінше күшейе түспек. «Жас отбасының алғашқы жоспары баспана алу. 2000-2009 жылдары демографиялық дүмпу қатты сезілгендіктен, дәл осы ұрпақ алдағы бірнеше жылда тұрғын үй нарығына…
Семейдің орталығында орналасқан «BalaPark» балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты. Шугаев көшесіндегі алып ғимарат толықтай жалынға оранған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға бүгін кешкі уақытта қаланың Қарағайлы ауданында орналасқан ойын-сауық орталығында болған. Әлемжеліде ересектер мен бала-шағаның ойын-сауық орталығынан қашып жатқан сәті түсірілген бейнежазбалар тарады. Куәгерлердің түсірген видеоларынан ғимараттың төбесінен қара қою түтін көтеріліп, жалынның қатты өршіп тұрғаны байқалады. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметінің ақпаратына сәйкес, ғимараттың шатырының бір бөлігі құлаған. Төтенше жағдай кезінде келушілер мен қызметкерлер дереу эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түспеді. Абай облысы ТЖД басшысы Манарбек Шапағатовтың айтуынша, өрт сөндірушілер жеткен кезде орталық ғимараты түгелдей ашық жалынмен жанып…
Сыртқы істердің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанға Ираннан босқындар ағылып келуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Вице-министрдің айтуынша, әзірге Иранда тұратын этникалық қазақтардан немесе басқа елдерден ресми түрде көмек сұрап, Қазақстанға келгісі келетіндер туралы өтініш түспеген. «Бұл жерде ескеретін маңызды жайт бар: олар Иран азаматтары. Қазақстан басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау саясатын ұстанады. Сондықтан теориялық тұрғыдан алғанда, олардың азаматтары тарапынан ресми өтініш болуы қажет. Ұлтына қарамастан, азаматтық басты рөл атқарады», – деді Әлібек Бақаев. Сонымен қатар, ол босқын мәртебесі арнайы халықаралық хаттамада көрсетілген критерийлерге сай келетін адамдарға ғана берілетінін атап өтті. «Қазақстан мұндай жағдайларға толық дайын, арнайы…










