Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

бақытжан базарбек жол апаты

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан ауыр жарақат алған Нұржігіттің төрт күннен бері комада жатқанын хабарлады. Ол зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге ауруханада жүргенін айтып, Нұржігіттің өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Базарбек әлеуметтік желіде Нұржігіттің туған бауырлары, әпкелері және Тұрар Рысқұлов атындағы орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен бірге түскен суретін жариялады. Ол аурухананың бас дәрігері Айман Бекебаеваның кәсібилігіне айрықша тоқталды. Базарбектің сөзінше, бас дәрігер әр үш-төрт сағат сайын Нұржігітке жасалып жатқан ем-дом мен медициналық шаралар жөнінде жақындарына түсінік беріп отыр. «Айман Кенжебекқызының басшылығымен аурухананың реаниматологтары, травматологтары мен анестезиологтары күндіз-түні, таңға дейін Нұржігіт сияқты өмір сынағына тап болған…

Толық оқу
Димаш Құдайберген

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген әйелге қол көтеруді еркектік санайтындарға ауыр сөз айтты. Өнер иесі жұдырығы әлсізге ғана жүретін адамның өзін азамат атауға моральдық құқығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Димаш Құдайберген өткір пікірін Threads желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Әншінің ашуына әйелді ұрып-соғуды қалыпты әрекет санап, онысымен мақтанатын еркектердің мінезі тиген. «Әйелді ұрып, сонысын мақтан тұтатындар, өздеріңді қалай еркекпіз деп атайсыңдар?! Жұдырықтарың әйелге ғана көтерілетін болса, сендер еркек емессіңдер. Малсыңдар, болды!» – деп жазды Димаш. Әнші әйелге қарсы күш қолдану адамгершілікке мүлде сыймайтынын қадап айтты. Оның пікірінше, әлсізді басыну арқылы бедел жинауға ұмтылу – адамдық қадір-қасиеттің ең төменгі шегі.…

Толық оқу
джо хаттаб

YouTube-тағы ең танымал саяхатшылардың бірі Джо Хаттаб Қазақстан туралы деректі фильмін жариялады. Жаңа туынды небәрі бірнеше сағаттың ішінде миллионнан астам қаралым жинап, еліміздің табиғаты мен тарихын жиырма миллиондық аудиторияға алып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фильм «Қазақстанның ішінде: ядролық зымырандар, ғарыш кемелері және бүркітшілер» деген атаумен жарық көрген. Автор елімізді жұрт бұрыннан білетін ресми көріністермен шектемей, ғарышқа жол ашқан өлке, ядролық сынақтың зардабын көтерген мекен және көшпелі мәдениеттің жұрнағын сақтап қалған дала ретінде таныстырады. Кадрға Маңғыстаудың басқа ғаламшарды елестететін шатқалдары, Іле Алатауының гүл көмкерген бөктері, Астананың сәулеті, қазақ ауылының тұрмысы, ат үстіндегі бүркітшілер мен ұлттық дастарқан енген. Сапар барысында Хаттабқа қазақстандық…

Толық оқу
аида балаева

Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілердегі БАҚ, журналист, белсенді және блогер аккаунттарын бұғаттауға қатысы жоғын мәлімдеді. Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейінгі кезде қоғамда жиі айтыла бастаған жаппай бұғаттау жөніндегі ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Министрлік әлеуметтік желі қолданушыларының, соның ішінде БАҚ пен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет мұндай әрекетке де, сөз бен пікір еркіндігін шектеуге де мүдделі емес», – деді Аида Балаева. Министрдің сөзінше, журналистер мен блогерлердің кәсіби қызметіне негізсіз тосқауыл қою жекелеген авторларға ғана емес, мемлекеттік органдардың беделіне де нұқсан келтіреді. Мұндай оқиғалар билік институттарын әдейі қаралау және министрліктің сөз еркіндігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына кедергі…

Толық оқу
Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы, Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing федерациясының президенті Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының дерекқорына енгізілді. Оған Ресей спортшыларына қатысты шектеуді алып тастаған халықаралық федерацияның шешімі себеп болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Головкинге арналған жазба сайтта 15 тамызда пайда болған. «Миротворец» әкімшілігі қазақстандық спорт қайраткерін «Ресей агрессиясы мен Украина азаматтарының өлтірілуін жария түрде қолдады» деп айыптаған. Алайда мұндай тұжырымға Головкиннің жеке мәлімдемесі емес, өзі басқаратын ұйым қабылдаған шешім негіз болып отыр. World Boxing атқарушы комитеті 30 шілдеде ресейлік боксшыларға қойылған соңғы шектеулерді жойған еді. Соған сәйкес Ресей өкілдері халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебемен емес, өз елінің туы мен әнұранын пайдаланып қатыса…

Толық оқу
Нұрай Серікбайдың қазасы

Нұрай Серікбайдың қазасын келемеждеп, бойжеткенге «72 рет пышақ сұғар едім» деген қатыгез пікір қалдырған аккаунт иесі анықталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаза болған қыздың туыстарының мүддесін қорғайтын адвокат Аянхан Омаровтың мәліметінше, резонанс тудырған жазбаны @dkraken9 аккаунтының иесі қалдырған. «Ашық кеңістікте жарияланған пікірдің авторы табылып, ұсталды. Қазір Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбаймен бірге жәбірленуші тараптың өкілі ретінде полицияға бара жатырмын. Істің әрі қарайғы барысын қосымша хабарлаймын», – деп жазды заңгер әлеуметтік желіде. 11 қаңтарда Шымкент тұрғыны Нұрай Серікбай көп жерден салынған пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Қайғылы оқиғаға дейін күдіктінің бойжеткенді аңдып, қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған. Оқиғадан кейін полицияның әрекетіне қатысты да…

Толық оқу
ерлан қарин

Ендігіде әлемжелідегі арсыздық еріккеннің ермегі немесе контент үшін жасалған әзіл деген желеумен жылы жабыла салмайды. Мемлекет хайп үшін шектен шығатындардың сазайын беретінін сездіре бастады деп жазады Ertenmedia.kz. Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің кешегі жазбасын Ақордадан жеткен сигнал ретінде қабылдау қажет. Бұдан былай аудиторияның көптігі ешкімге қоғамдық нормыны табанға таптауға рұқсат бермейді. Миллион қаралым заңнан жоғары тұрмайды. Соңғы бірнеше жылда әлемжеліде, әсіресе Тиктокта осындай каста қалыптасып алды. Біреудің намысын таптау, әлсіз бен мұхтажды келемеждеу, қоғамдық орындағы оғаш қылық табыс әкелетін тауарға айналып кеткен-тұғын. Хайп қуғанның әрекеті әдетте телефонның ішінде қалып қоймайды. Оны күні ертең сіз бен біздің үйімізде өсіп…

Толық оқу
үш баланың анасы

Алматыда үш баланың анасы күйеуінің тарапынан зорлық-зомбылық пен үздіксіз қысым көріп жүргенін айтып, көптен көмек сұрады. Полицияға арыз жазып, медсараптамадан өткен әйел ажырасу туралы өтініш бергеніне 2 ай өтсе де, соттан хабар ала алмай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде ubosia атымен жазба жариялаған алматылық келіншек үш айдан астам уақыттан бері күйеуімен бірге тұрмайтынын жазған. Соған қарамастан, оның сөзінше, ер адам күн сайын аңдып, ізіне түсіп алған, көлігіне бірнеше рет GPS-трекер де орнатқан екен. «Полицияға арыз жаздым, медициналық сараптамадан өттім, заң аясында қажетті әрекеттің бәрін жасадым. Бірақ бүгінге дейін өзімді қауіпсіз сезінбеймін», – дейді үндеу авторы. Әйел қайда барса да,…

Толық оқу
карта

Бірнеше банк пен микроқаржы ұйымына қарыз болып, әрқайсысымен жеке келісуге шамасы жетпей жүрген азаматтарға ортақ төлем кестесі ұсынылмақ. Жаңа жүйе алғашқы кезеңде 350 мыңға жуық проблемалық қарыз алушыны қамтуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк, микроқаржы және сақтандыру саласындағы дауларды бір жерден шешетін бірыңғай қаржы омбудсманы қызметін құрады. Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Агенттік өкілі Александр Терентьевтің айтуынша, омбудсман борышкердің тек ресми табысына немесе қарыз көлеміне қарап шешім шығармайды. Азаматтың отбасы жағдайы, мүлкі, әлеуметтік төлемі мен нақты тұрмыс ахуалы да ескеріледі. Омбудсман жанынан қоғамдық бірлестік өкілдері қатысатын арнайы алаң құрылады. Онда…

Толық оқу
ректор Нұрлан Серғалиев

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны белгілі болды. Ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады деп жазады Ertenmedia.kz. Министрліктің Жоғары білім комитеті 21 шілдеде ректорды ҰҚК-нің облыстық департаменті ұстағанын хабарлады. «Тергеу амалдары құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Оқу орны уәкілетті органдарға толық көмек көрсетіп жатыр. Міністрдің бұйрығымен ректордың міндетін уақытша атқарушы болып академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжахан Қайсағалиева тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан. Өз кезегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын жеткізді. «Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», – деп толықтырды ведомство өкілдері.…

Толық оқу