Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жалған бейне және аудиоматериалдарды жасаудың шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мүфтият бүгін дипфейк технологияларына байланысты арнайы пәтуа шығарды. Діни басқарма ислам діні қоғамның игілігіне, әділет пен ізгілікке қызмет ететін ғылыми-техникалық дамуды қолдайтынын алайда жалған видео-аудио өнімдердің таралуы алдау мен жала жабуға себеп болатынын атап өтті. «Дипфейк технологиясы арқылы адам айтпаған сөздер мен жасамаған іс-әрекеттерді оған таңып, жалған ақпарат таратылады. Мұндай дүниелер адамның абыройына нұқсан келтіріп, қоғамда үрей туғызуы, тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Ислам мұны анық жалғандық деп таниды, қандай да бір адамға зиян келтіру, тіпті әзілдеп болса да, шариғатта қатаң тыйым салынған», –…
Автор: Самат Келдібай
Экс-президенттің немере інісі, атышулы Қайрат Сатыбалдының тағы бір әйелі Асылжан Есенқызы отбасылық өміріндегі ауыр жағдайды жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бәсе» арнасымен сұхбаттасқан Асылжан өзінің «тоқал» емесін, Сатыбалдының азаматтық некедегі әйелі болғанын жеткізіпті. Айтуынша, экс-елбасы олардың қарым-қатынасынан хабардар болған, отбасылық шараларда бірге көрген. «Мен оған ақша үшін тұрмысқа шықпадым. Қайрат маған Франция, Түркия және басқа елдерден өте қымбат вилла сыйлағысы келді. Бірақ мен бас тарттым. Ортақ баламыздың дүниеге келуі де оның қалауы болатын. Мен бірнеше жыл бойы оны жақсы танып-білу үшін жүктіліктен сақтанып жүрдім», – дейді Асылжан. Бірақ жүкті кезінде-ақ олардың арақатынасы бұзыла бастаған. Қайрат Сатыбалды әйеліне психологиялық қысым көрсетіп…
Тимур Құлыбаевтың өкілі BBC арнасының журналистік зерттеуінде айтылған айыптауларды жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Британ телеарнасы Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздің інісі Эндрюдың «күйеубаладан» қомақты қаржы алғанын жариялаған еді. BBC зерттеуіне сәйкес, Құлыбаев принц Эндрюге тиесілі болған Саннингхилл-Парк зәулім сарайын сатып алу үшін офшорлық компанияны пайдаланған. Алайда кәсіпкердің ресми өкілі ақпаратты негізсіз деп отыр. Оның айтуынша, Тимур Құлыбаев ешқашан сыбайлас жемқорлық ісіне араласпаған, ал сарайдың сатып алынуы толығымен заңды жолмен іске асқан. «BBC арнасының редакциясымен, сондай-ақ олардың заңгерлерімен ұзақ уақыт хат алмасып, аталған істің мән-жайын толық түсіндірдік. Соған қарамастан телеарна жала жабылған материалды жариялауды жөн көрген. Италиядағы сот ісіне қатысты мәліметтер…
Астана прокуратурасы мен ҰҚК департменті жедел жәрдем станциясындағы миллиондаған бюджет қаржысын жымқыру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тергеу дерегіне қарағанда, 2020-2023 жылдар аралығында жедел жәрдем көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер қағаз жүзінде ғана есептен шығарылып, қызмет көрсетілмеген жалған келісімшарттар жасалған. Соның кесірінен кейбір санитарлық көліктер шақыртуларға мүлде шықпаған, тағы бір бөлігін істен шығарып тастауға тура келген. Қазіргі уақытта «103» қызметінің автопаркі толықтай қалпына келтірілді. Бұл іске байланысты төрт адам ұсталды. Олардың арасында жедел жәрдем станциясының директоры, екі орта буын басшы және тағы бір қызметкер бар. Мемлекетке келтірілген шығын 850 млн теңгеге жеткен. Айыпталушыларға «лауазымды тұлғалар тобының аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын…
Ақтөбе облыстық соты 14 жастағы оқушы Нұржан Сыдықтың қазасына қатысты үкімді қайта қарап, колонияға жіберілген үш сотталушының жазасын шартты мерзімге ауыстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Диапазон» дерегінше қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Қопа ауылында болған. Жоғары сынып оқушылары өздеріне «сый-құрмет көрсетпеді» деген желеумен тоғызыншы сынып оқушыларын аяусыз ұрып-соққан. Осы жанжалдан кейін Нұржан ауыл шетіндегі қараусыз моншаның маңында жан тапсырған күйінде табылған еді. Оқиғаға қатысы бар деген алты жеткіншекке қатысты сот ісі бір жылға созылып, 2025 жылы қазанда үкім шыққан. Алғашқы сот үкімі бойынша үш жасөспірімнің еркіндігі шектеліп, қалған үшеуі абақтыға жіберілген. Оларға бұзақылық және абайсызда өлімге әкелген ауыр дене жарақатын қасақана…
12 қаңтарға қараған түні Астана қалың қардың астында қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бір ғана түннің өзінде елорда көшелерінен 18 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ол үшін ауыр техника 1 277 рет рейс жасаған. Таң атысымен қар тазалауға 3 мың жұмысшы мен 2 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Алдымен ірі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазаланды. Артынша аулалар, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар мен алаңдар қардан аршылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіліп жатыр. Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын сақтыққа шақырып, ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарға шықпауды сұрайды. «Көшеде барынша абай болыңыздар. Жол…
Куба мен Венесуэла арасындағы көп жылға созылған «мұнай мен қауіпсіздік саудасы» тарих қойнауына кетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әскери операциясынан кейін Дональд Трамп Truth Social парақшасында осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Америка соққысынан кейін Венесуэлада негізінен Куба азаматтары зардап шеккен. Бұған дейін ресми Гавана Каракаста қауіпсіздік мақсатында жүрген 32 азаматының қаза болғанын растаған еді. Трамп Венесуэланың енді Гавана жіберген жасақтарға тәуелді болмайтынын кесіп айтты. Оның пікірінше, Каракастың қауіпсіздігін бұдан былай АҚШ-тың «әлемдегі ең қуатты әскері» қорғайды. «Куба көп жылдар бойы Венесуэланың есебінен өмір сүрді. Қомақты қаржы мен мол мұнайдың орнына Гавана екі бірдей венесуэлалық диктатордың жеке бас қауіпсіздігін…
ҰҚК Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының басшысы Батыр Мырзакелдиевке қатысты тергеу жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін әлемжеліде Мырзакелдиевтің 20 млн теңге пара алып жатқан сәтте ұсталғаны туралы ақпарат тараған. ҰҚК оқиғаны растағанымен, тергеу құпиясына сілтеп, толық мәлімет бермеді. Күдіктінің қорғаушысы Талғат Есімовтің айтуынша, Мырзакелдиев өзіне тағылған айыпты толығымен жоққа шығарып отыр. «Мұның артында басқа адамдар ұйымдастырған арандату әрекеті тұр деген ойдамыз. Олар осындай жолмен өздеріне қатысты Шымкенттің басқа аудандық полиция басқармасында қаралып жатқан істен жалтармақ болған болуы мүмкін. Қорғауымдағы азамат ешқандай пара алмаған, алдағы тергеуде бүкіл мән-жай анықталады», – деді ол. Адвокат сонымен бірге «алаяқтықтың тың тәсілі»…
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы ізім-ғайым жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа, қайғылы деректер белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мақсот Қарабалин, оның зайыбы Нәсип Үтешқалиева және балалары Мирагүл мен Наурыз былтырғы жылдың қазан айынан ет жақындарымен байланысқа шықпай, хабар-ошарсыз кеткен. Қазір ғана осы оқиғаға қатысты екі адамның сүйегі табылғаны мәлім болды. Марқұмдардың кім екені әзірге беймәлім, мамандар мәйіттердің жеке басын анықтап жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері тергеу амалдарын қолға алған. Әзірге құзырлы органдар ресми пікір білдірген жоқ. КТК арнасының Атыраудағы тілшісі Жанат Молдашеваның айтуынша, жазғы үйде екі ересек адамның мәйіті көмулі жатқан жерінен табылған. Қылмыстың ізін жасыру…
Алматы облысы Талғар қаласында төрт жыл бұрын басталған негізгі су құбырының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды жобаның жағдайын көзбен көру мақсатында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов арнайы барды. Магистраль іске қосылса, Талғардың ескі құбыр желілеріне түсетін салмақ жеңілдеп, қала үздіксіз әрі сапалы ауызсумен қамтылмақ. Алайда қаржыландырудың кешігуіне байланысты қала халқы әлі күнге дейін тозығы жеткен ескі су жүйесін пайдалануға мәжбүр. Депутат Максим Рожиннің айтуынша, қазір Талғардағы су қоймасының жалпы сыйымдылығы небәрі 4300 текше метр. Әсіресе жаз кезінде осы көлем тұрғындарға жетпей, қаланың шеткі аудандары сусыз қалады.…










