Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) бірінің басшылығы бір жыл ішінде 14 рет сыйақы алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, басшыларға сыйақы жер қатынастарындағы айрықша «жетістігі» үшін төленген. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерісте осы корпорацияда жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар анықталған. «Бас аудитор бес жылда ӘКК-ларға 528 миллиард теңге көмек көрсетілгенін анықтады. Соған қарамай тексерілген 13 корпорацияның сегізі 209 миллиард теңге шығынға ұшырап, табысы үштен бірге кеміген», – деді депутат. Оның айтуынша, корпорациялар қаржыны нақты жобаға құюдың орнына банктегі депозитке салып, процентін алып отырған. «Егер ӘКК-ның барлық қызметі депозит ашумен шектелсе, мұндай делдалдың қажеті қанша? Қанша жұмыс орны ашылды, тұрғындарға нақты…

Толық оқу
ҚазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау

ҚазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау ақпарат алаңынан сот залына қарай ойысты. Бір тарап іскерлік беделінің тапталғанын дәлелдесе, екінші тарап сөз бостандығына жасалған қысымды алға тартып отыр деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның бастауы биылғы жылдың наурыз айында жатыр. Сол уақыттан бері ҚазТАГ агенттігі «Фридом Финанс» брокерлік компаниясына қатысты қаржы алаяқтығы, клиенттер ақшасының офшорға шығарылуы, сондай-ақ брокерлік қызметтің «қаржы пирамидасына» айналуы туралы 150-ден аса материал жариялап үлгерген. Агенттік жариялаған материалдарда компания басшылығы мен иесі Тимур Турловқа ауыр айып тағылып, азаматтардың ақшасы америкалық биржаларға мүлде жетпегені, брокерлік компанияда АҚШ биржаларында сауда жасау лицензиясы жоқ екені айтылған. Аталған айыптауларға заңгер Светлана Оралбаева мен азаматша…

Толық оқу
Шымкенттегі смарт-әжетханалар

Шымкенттегі смарт-әжетханалар халықаралық World Toilet Summit 2025 саммитінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Otyrar-дың мәлім еткеніндей нысандардың басты ерекшелігі гигиеналық тазалық пен қолжетімділіктің жоғары деңгейде болуы. Әжетханалар толығымен сенсорлы технологиямен жабдықталған. Қол жуғышы мен унитаздан бастап, ішкі жабдықтардың барлығы жанасусыз жұмыс істейді. Жобаның жетекшісі Мақсат Әлихановтың айтуынша, толықтай сенсорлы шешім пайдаланушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін таңдалған. «Гигиена біздің басты қағидамыз. Сол себепті ішкі жабдықтардың бәрін сенсорлы етіп жасадық. Қол жуғыштан бастап унитазға дейін ештеңеге қол тигізудің қажеті жоқ, бұл ма, бұл тазалықты қамтамасыз етеді», – дейді ол. Қазір Шымкентте осындай бес смарт-әжетхана жұмыс істеп тұр. Олар ауаны автоматты түрде…

Толық оқу
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар Үкіметті қып-қызыл шығынға батырып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ӘКК-лардың бастапқыда өңірлік даму институты ретінде құрылғанын еске салды. Олар бизнес пен билік арасында алтын көпір болуы тиіс еді. Алайда қазіргі уақытта корпорациялардың негізгі бағыты өзгеріп, еншілес қатысу, жалға беру, сенімді агент қызметтері сияқты өзіне тән емес функцияларды атқарып кеткен. «Оған себеп орталық мемлекеттік орган тарапынан стратегиялық басқару мен жүйелі үйлестірудің болмауы. Бүгінде ӘКК қызметінің нақты мақсаты, ортақ бағыты мен түсінікті даму моделі айқындалмаған. Олар кәсіпкерлікті дамытумен жанама түрде ғана айналысады. Оның өзінде негізінен жеңілдетілген несие беру арқылы жұмыс істейді. Бірақ ӘКК қаржы ұйымдары…

Толық оқу
Польшада қолға түскен әйел

Польшада қолға түскен әйел бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, күдікті (Украина азаматы, ред) 2017–2018 жылдары халықаралық қылмыстық топ құрамында әрекет еткен. Ол донор мен органдарды қажет ететін азаматтарды тауып, тараптардың кездесуін ұйымдастырып отырған. Сонымен қатар мәмілелерді жасырын жүргізуге атсалысып, органдарды сату және трансплантациялау операциясын сүйемелдеген. Құқық қорғау органдары топ мүшелері 56 заңсыз мәміле жасаған деп отыр. Операциялар Қазақстандағы бірқатар емханаларда өткізілген. Кейін күдікті ел аумағынан қашып, бес жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген. 2025 жылдың наурыз айында Польша шекарасында ұсталып, Қазақстанның сұранысы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Оған…

Толық оқу
микро және шағын бизнесті әкімшілік қысымнан қорғау

Қазақстанда микро және шағын бизнесті әкімшілік қысымнан қорғау мақсатында салық қарызын өндіріп алу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, бұрын салық қарызы 6 АЕК (шамамен 26 мың теңге) көлемінде қалыптасқан жағдайда-ақ мәжбүрлі түрде өндіру басталатын. Ал әлеуметтік төлемдер бойынша кез келген сомадан бастап өндірілетін. Енді бұл тәртіп өзгереді. «Бұдан былай салық берешегі 87 мың теңгеден (20 АЕК) асқан жағдайда ғана өндіріп алу шарасы басталады. Әлеуметтік төлемдер бойынша бұл шек 26 мың теңгеге (6 АЕК) дейін көтерілді», – деді министр. Тәкиевтің сөзінше, қазіргі кезде әлеуметтік төлемдерге қарызы бар шағын бизнес субъектілерінің…

Толық оқу
сұйытылған мұнай газының

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының 2026 жылдың бірінші жартысына арналған көтерме бағасы бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, келесі жылдың 30 маусымына дейін көтерме газ бағасы өзгермейді. Баға қосымша құн салығынсыз тоннасына 59 722 теңге деңгейінде қалады. Бұл құжат биржадан тыс, ішкі нарықта сатылатын сұйытылған газ жеткізілімін реттейді. Жаңа бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Айта кетейік, дәл осындай шекті баға биыл 1 тамыздан бастап қолданыла бастаған еді. Бұған дейін көтерме баға тоннасына 51 932 теңге болған. Еске сала кетейік, үкімет бұған дейін инфляция мен экономикалық шығындардың өсуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар қабылдаған болатын. Аталған жоспар аясында…

Толық оқу
Мемлекеттік кірістер комитеті

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жасады хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңілдетілген декларация, бөлшек сауда салығы және тіркелген шегерім режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер қолданатын салық режимі туралы хабарлама тапсыруы керек. Комитеттің хабарлауынша, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жалғастыру үшін хабарламаны 2026 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында тапсыру қажет. Бұл  өтпелі кезең. Хабарлама тапсырған кәсіпкерлер аталған режимді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданатын болып есептеледі. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап хабарламаны бірнеше тәсілмен жолдауға болады: Салық төлеушінің кабинетінде (ИСНА) ЭЦҚ арқылы: «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама» бөлімі…

Толық оқу
инвестиция түрінде жасалатын алаяқтық

Қазақстанда инвестиция түрінде жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейді. Осыған байланысты киберполиция басқармасының мамандары халықты барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құқық қорғаушылардың айтуынша, кейінгі уақытта интернетте «тиімді әрі табысы жоғары инвестиция» туралы жалған жарнамалар көбейген. Алаяқтар deepfake технологиясын пайдаланып, танымал тұлғалардың келбеті мен дауысын жасанды жолмен өзгертіп, сенімді бейнелер мен видеолар әзірлейді. Мұндай әрекетке сенген азаматтар қаскүнемдерге оңай жем болып, жиған-терген ақшасынан айырылып жатыр. «Мереке қарсаңында адамдар эмоцияға беріліп, жылдам әрі оңай пайдаға кенелем деген оймен алаяқтардың торына тез түседі. Сондықтан күмәнді дереккөздерге сенбеуге, мұқият болуға шақырамыз», – дейді полиция қызметкерлері. Киберполиция мамандары кез келген инвестициялық ұсынысты жан-жақты тексеруге кеңес…

Толық оқу
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадан Қарағанды бағытына қарай жаңа әуежай салынуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қасымбектің айтуынша, дәл қазір мұндай жоба қолға алынған жоқ, алайда келешекте іске асуы әбден ықтимал. «Елорда бас жоспары бойынша болашақта қосымша әуежай салуға арналған бірнеше учаске белгіленген. Әдетте, кез келген астана белгілі бір даму деңгейіне жеткенде екінші, тіпті одан да көп әуежайды қажет етеді. Қазір біз қолданыстағы әуежайдың инфрақұрылымын жаңартып, өткізу қуатын екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен ұзақ мерзімді болашақта, теміржол желілерінен біршама алыс орналасқанын ескерсек, жаңа әуежай салу мәселесі туындауы мүмкін», – деді әкім. Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта…

Толық оқу