Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының маңында орналасқан тұрмыстық қалдық полигоны толуға таяды. Полигонның қайта өңдеу қуаты шектеулі болғандықтан, Мұнайлы ғана емес, Ақтау мен Түпқарағаннан да қалдық қабылдап, шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі әрі Экология мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин жағдайды өз көзімен көріп, шешім қабылдау үшін полигонға арнайы келді. Аумағы 25 гектар, пайдалану мерзімі 30 жылға есептелген полигонға түсетін қоқыстың 40 пайызға жуығы кәсіпкерлер күшімен престеліп, ішінара өңдеуге жіберіледі. Алайда депутат бұл шара толыққанды қайта өңдеу процесінің орнын баса алмайтынын атап өтті. «Экология құрғақ сөз, жай ұран емес. Президентіміздің өзі…
Автор: Самат Келдібай
Шавкат Мирзияевтің қызы, әрі Президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева әкесінің Өзбекстанды қалай түлетіп жатқанын айтып берді деп жазады Ertenmedia.kz. «Өзбекстан туралы» арнасына берген сұхбатында президенттің қызы әкесінің ел мүддесі жолында ауыр шешім қабылдауға мәжбүр болғанын тілге тиек етіпті. Айтуынша әкесінің билікке келгеннен кейін бұрынғыдан да қатал режим орнатып, реформалардың есігін құлыптап қоятын мүмкіндігі болған. Кәрімовтың тұсындағы тоталитарлық жүйені одан әрі күшейтсе, оған ешкім қарсы келмес еді. «Бүкіл билікті уысына жинаған әкем үшін ескі жүйені іліп әкетуге де болатын еді. Бірақ ол елдің беталысын мүлде басқаша, түбегейлі өзгертуге шешім қабылдады. Күрделі реформаларды қолға алды. Кәрімов? Бұрынғы жүйеде жұмыс істеген кезде көп…
Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың әйелі Гүлнар Досаева күйеуінен 165 есе көп табыс тапқан, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылғы декларация бойынша, қазіргі Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Досаевтың небәрі 14 млн теңге табыс көрсетсе, жұбайының жылдық кірісі 2,3 миллиард теңгеге жеткен. Ерекең 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Алматыны басқарған, ал былтыр желтоқсанда «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне мүше болып кірген болатын. Президент Әкімшілігінің өзге қызметкерлерінің арасында табысын мүлдем көрсетпегендер де бар. Айталық, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов нөлдік табыс декларациялағанымен, жұбайы 24,9 млн теңге тапқан. Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев те табыссыз қалған, бірақ жұбайы 48,3 млн теңге пайда көрсеткен. Мемлекет басшысының кеңесшісі…
Қазақстанда SIM-карта сатып алу және белсендіру тәртібі биометриялық сәйкестендіруге көшті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ереженің не себепті енгізілгенін Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Рәстислав Коняшкин мен Телекоммуникация комитетінің басшысы Дамир Сейсембеков түсіндіріп берді. Коняшкиннің айтуынша, бастама интернет-алаяқтықтың көбейгенімен байланысты. Бұрын нөмірлер кім көрінгеннің атына тіркеліп, құқық қорғаушылардың алаяқтарды анықтауына айтарлықтай қиындық туғызған еді. Енді мемлекет әрбір нөмірдің нақты иесін білуге және оның заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын бақылауға мүдделі. «SIM-картаның иесі кім екенін нақты білуіміз қажет. Нөмірлерді заңсыз мақсатта пайдалануға тосқауыл қою үшін, биометриялық сәйкестендіру енгізілді», – деді ол. 3 қаңтардан бастап бастап не өзгерді? Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің…
Президент Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен құқық мәселесі бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдап, Парламент реформасының барысын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламент реформасына жауапты арнайы жұмыс тобының аралық нәтижелерін жеткізді. Оның мәліметінше, e-Otinish пен Egov платформаларында ашылған арнайы бөлімге азаматтар мен сарапшылардан 500-дей ұсыныс түскен. Қазір сол ұсыныстар іріктеліп, қоғамның негізгі сұраныстарын анықтау жұмысы жүргізілуде. Осы уақытқа дейінгі талқылау барысында депутаттар корпусының бір палаталы үлгіге өту мәселесі мен жаңа Парламенттің заңнамалық функцияларын іске асыру механизмдері қаралған. Келесі басқосу 9 қаңтарда өтеді. Онда мамандар халықтан жиналған басқа да бастамаларды егжей-тегжейлі зерделейді. Мемлекеттік кеңесші бұдан бөлек, Ұлттық құрылтайдың желтоқсан…
Астана полициясы Каспий құбыр желісіне жасалған шабуылды жақтап пікір жазған желі қолданушыларына қатысты тергеу амалын бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған депутат Айдос Сарымның Бас прокуратураға жолдаған сауалы себеп болған. Мәлім болғандай, тергеу желтоқсанның 17-сінен бері жүріп жатыр. Қазір тергеушілер арандатушы жазбалардың авторы мен пікір қалдырған азаматтарды анықтап, нақты дәлел жинауда. Айыпталушыларға «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылуы мүмкін. Бас прокурор Берік Асылов желідегі жауапсыз жазбалар бұған дейін де құзырлы органдардың назарында болғанын еске салып, ел ішінде жалған ақпарат пен заңсыз контент таратудың салдары ауыр болатынын ескертті. Бұған дейін депутат Сарым Новороссийскідегі КТК терминалына шабуылды құптаған қауымды «мемлекетке опасыздық жасағандармен» теңестіруді…
Мәжіліс депутаттары Алтай қаласындағы су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмысын тексеріп, жобаның аяқталуына кедергі келтірген негізгі мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан ауқымды жоба қазір 95 пайызға орындалған. Жаңа желі іске қосылса, Алтай қаласындағы 9420 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілмек. Жоба құны 2,6 миллиард теңге. Осы қаржыға жалпы ұзындығы 110,5 шақырым су құбыры желісі тартылған. Бірақ толыққанды іске қосуға ескі су құбырларының тозығы жеткен учаскелері кедергі болып тұр. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Заңғар Шаухиннің айтуынша, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған шойын құбырлардың жарамсыз бөліктерін толық ауыстыру үшін қосымша 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.…
2026 жыл шылым шегетіндер үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Биылдан бастап темекінің бағасы көтеріліп, қалтаға түсетін салмақ біршама арта түспек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің кез келген түрі фильтрі бар не жоқ темекі, папирос, сигарилла, сондай-ақ қыздырылатын табак өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгеден кем болмауы тиіс. 2025 жылдың екінші жартысында, яғни шілде мен желтоқсан айлары арасында дәл осындай өнімдердің минималды бағасы 920 теңге болған еді. Демек, темекі тартатындар жаңа жылдан бастап әр қорап үшін қосымша 50 теңге артық төлейтін болады. Еске сала кетейік, аталған өзгерістер өткен жылдың шілде айында бекітілген.…
Қазақ журналистикасында сұқбат алу бақыты бұйырған санаулы тұлғалар болады. Солардың бірі академик Асқар Жұмаділдаев. Оның әр әңгімесі оқырманның интеллектуалдық сұранысын толық өтейтін құнды қазына. Әлемдік деңгейде мойындалған ғалыммен сұқбаттасу журналист үшін ғана емес, басылым үшін де джек-пот ұтқанмен бірдей. Мұндай сұқбат басылым беделін еселеп көтеріп, оқырманды магнитше тартады. Белгілі журналист Кәмшат Сәтиева академикпен болған сұқбатының әсерімен бөлісіп, осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Асқар ағамен төрт мәрте сұқбат құрдым. Бәрінде де жаңа нәрсе үйреніп, әр сөзінен шабыт алдым. Біріншіден, ол кісіде бүгінгі заманның ритміне сай өзіне тән сөйлеу стилі бар. Ұзын-сонар кіріспе мен қорытындыдан қашады. Бірден мәселеге көшіп, қысқа-нұсқа әрі…
Экс-президент Назарбаевтың Владимир Путинмен және басқа да көшбасшылармен ұдайы байланыста болуы Тоқаевтың әлсіздігі емес, қайта Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиялық мүддесіне сай келетін қадам. Белгілі саясаттанушы Уәлихан Төлешов осындай пікір білдіріпті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Төлешовтің айтуынша, Назарбаев қазір биліктің формальды құрылымынан алыстағанымен, Кремль үшін Орталық Азиядағы соңғы «өз адамы». Оған себеп Назарбаевтың аймақтағы түркілік бірегейлікке де, Ресейден кейінгі жаңа өңірлік тәртіпке де қатысты болмауы. Оның Мәскеу алдындағы мәртебесі қайталанбайтын, мұраға қалмайтын ерекше құбылыс. Нұрекең Кремльдің психологиялық сенім буфері ретінде қызмет атқарады. Сарапшының пікірінше, Тоқаев үшін Назарбаевтың осы рөлі өте ыңғайлы. Экс-елбасы Кремльмен «протоколсыз», жауапкершіліксіз диалог орнатуға мүмкіндік беретін арна. Бұл Астанаға Мәскеу…










