Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

АҚШ-тағы компанияларға инвестиция салу

Өзбек билігі ел резиденттерінің АҚШ-тағы компанияларға инвестиция салуына қатысты шектеуді толық алып тастамақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы елдің Орталық банкі арнайы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан банктерінің шотынан АҚШ-тағы компаниялардың жарғылық капиталын мен олардың филиалдарын айналым қаражатымен толықтыруға рұқсат берілмек. «2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан резиденттерінің АҚШ-тағы инвестициялық қызметіне қатысты ескі шектеудің күші жойылады. Атап айтқанда, америкалық компаниялардың жарғылық қорын қалыптастыруға немесе капиталға қатысуға рұқсат беріледі. Сондай-ақ АҚШ-тағы филиалдарының айналым қаражатын толықтыру мақсатында ақша аударуына ешқандай шектеу қойылмайды. Операциялар резиденттердің банк шотындағы қаражат шегінде жүзеге асырылады», – делінген Орталық банк қаулысында. Өзгерісті енгізуге…

Толық оқу
Ескі Қазақстанға тиесілі

Ескі Қазақстанға тиесілі Дубайдағы екі вилла сатылып, одан түскен қыруар қаржы мемлекеттік қорға аударылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов басшылық еткен «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» қамқоршылық кеңесінің отырысында осындай деректер айтылды. Компания басшысы Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, биыл электронды сауда платформасы арқылы жалпы құны 38,4 млрд теңге болатын 155 актив сатылған. Ірі мәміленің ішінде Астанадағы «Думан» қонақ үйі 14,1 млрд теңгеге, ал Дубайдағы екі вилла 20,7 млрд теңгеге өткен. Осы соманың барлығы арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Одан бөлек, құны 29,4 млрд теңге болатын 33 актив ешбір саудасыз тікелей мемлекеттің меншігіне берілген. Бұлардың ішінде жер телімдері мен тарихи маңызы бар…

Толық оқу
жастардың Ресейге қарай үдере көшуі

Павлодар өңірінде жастардың Ресейге қарай үдере көшуі жергілікті биліктің бас ауруына айналыпты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аймақ әкімі Асайын Байханов осы мәселенің күрделеніп кеткенін ашық мойындап отыр. Айтуынша, биыл облысқа 24,5 мың адам көшіп келгенімен, сыртқа кеткендердің саны 32 мыңға жеткен. Нәтижесінде 8 мыңға жуық тұрғынның жетіспеушілігі туындап, демографиялық ахуал дабыл қағар деңгейге жеткен. «Басты себеп жастардың Ресейге жаппай кетуі. Көбі көрші елдің Омбы, Томскі, Жаңасібір, Кемерово секілді қаласына білім алуға аттанады. Соның шамамен жартысынан астамы сонда тұрақтап, жұмысқа орналасып, отбасын құрып кетеді», – дейді Байханов. Аймақ басшысы үрдіске этностық құрамның да әсері бар деп есептейді. Қазір өңірдегі қазақтардың үлесі 57…

Толық оқу
«ақылды» жарықтандыру жобасы

ШҚО-да «ақылды» жарықтандыру жобасы аясындағы алаяқтық іске Риддердің экс-әкім Дәулет Батырбаевтың қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өскемен пен Семей көшелеріндегі ескі шамдарды энергия үнемдейтін LED-шамдарға ауыстыру жобасы әуелде бюджет шығынын азайтып, қала қауіпсіздігін күшейтуді көздеген еді. Алайда 2019 жылы басталған бастама шенеуніктердің жеке қалтасын қампайтатын схемаға айналған. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімет бойынша «ШҚО Аймақтық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» бұрынғы басшысы, кейіннен Риддер әкімі болған Дәулет Батырбаев пен оның сыбайластары Халитов және Папышев жобаның бағасын жасанды түрде көтеріп, 320 млн теңгені жымқырған. Қаражатты заңдастыру үшін орталықтың бұрынғы басшысы сенімді адамының атына жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашып, жалған келісім-шарт арқылы ақшаны қолма-қолға…

Толық оқу
Астрахан аудандық мәдениет үйі

Ақмола облысындағы Астрахан аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратура тексерісі кезінде мәдениет үйінде біраз былықтың беті ашылған. Мекеме басшысы 2022-2024 жылдар аралығында орындалмаған жұмыстарға заңсыз жалақы аударып отырған. Оның әрекетінен мемлекетке 2,6 млн теңге залал келгені анықталды. «Жауапты тұлға қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаражатын өз мүддесіне жұмсаған», – деді прокурорлар. Сот оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке өмір бойы жолы жабылды.

Толық оқу