ШҚО-да «ақылды» жарықтандыру жобасы аясындағы алаяқтық іске Риддердің экс-әкім Дәулет Батырбаевтың қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өскемен пен Семей көшелеріндегі ескі шамдарды энергия үнемдейтін LED-шамдарға ауыстыру жобасы әуелде бюджет шығынын азайтып, қала қауіпсіздігін күшейтуді көздеген еді. Алайда 2019 жылы басталған бастама шенеуніктердің жеке қалтасын қампайтатын схемаға айналған. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімет бойынша «ШҚО Аймақтық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» бұрынғы басшысы, кейіннен Риддер әкімі болған Дәулет Батырбаев пен оның сыбайластары Халитов және Папышев жобаның бағасын жасанды түрде көтеріп, 320 млн теңгені жымқырған. Қаражатты заңдастыру үшін орталықтың бұрынғы басшысы сенімді адамының атына жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашып, жалған келісім-шарт арқылы ақшаны қолма-қолға…
Автор: Самат Келдібай
Ақмола облысындағы Астрахан аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратура тексерісі кезінде мәдениет үйінде біраз былықтың беті ашылған. Мекеме басшысы 2022-2024 жылдар аралығында орындалмаған жұмыстарға заңсыз жалақы аударып отырған. Оның әрекетінен мемлекетке 2,6 млн теңге залал келгені анықталды. «Жауапты тұлға қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаражатын өз мүддесіне жұмсаған», – деді прокурорлар. Сот оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке өмір бойы жолы жабылды.


