Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел президенті дәстүрлі достық пейілде өткен әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты байланыстардың қазіргі ахуалы мен алдағы даму келешегін талқылады. Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің сәтті орындалып жатқанын атап өтті. Әсіресе мәдени-гуманитарлық қатынастардың тереңдей түсуіне оң баға берілді. Сонымен қатар білім және ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды одан әрі дамыту қажеттігі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Кремльдің баспасөз қызметі шақырудың қабылданғанын, Владимир Путиннің мамыр айының соңына жоспарланған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) саммитіне қатысатынын растады.…
Автор: Самат Келдібай
Қанат Ысқақов Қазақстанның мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Мәжіліс аппаратында, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Президент Әкімшілігі жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында қызмет атқарған. 2012-2021 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болды. 2021 жылдан 2023 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетін басқарды. 2023 жылдан осы уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат…
Қырғыз президенті Садыр Жапаров жақын серігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиевке туралы пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Kabar агенттігімен сауалдасқан президент Тәшиевті орнынан түсіргеннен кейін ел екіге жарылады деген әңгімені жоққа шығарды. «Тәшиев екеуміз тіл табыспасақ Қырғызстан солтүстік-оңтүстікке бөлініп кетеді деген арандатуға жол бермеймін. Мұның артында өз мүддесін күйттеген топтардың әрекеті тұр. Саясатқа алғаш қадам басқанда, министрліктердің өзі екіге бөлініп жұмыс істейтінін көріп, жүрегім ауырған. Сол кезде «президент болсам, елді осы дерттен арылтам» деп өзіме серт бергенмін», – дейді Жапаров. Айтуынша, мәселені ушықтырып отырған президентті тақтан тайдыруды көздейтін саясаткерлер. Тәшиевке өкпелі ме? Жапаров үзеңгілес досы, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің…
Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанда коммуналдық қызметтердің күрт қымбаттау себебін түсіндірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Комитеттің дерегіне сәйкес, қаңтар айындағы қатты аяз тұрғындардың жылу төлемінің көбеюіне негізгі себеп болған. Күн салқындаған сайын үйлерді жылытуға да көбірек энергия жұмсалады. Мысалы, Астанада желтоқсан айында орташа температура -8° C болса, қаңтарда бұл көрсеткіш -14,3° C-қа дейін төмендеген. Соған сәйкес, ортақ жылу есептегіш құралдар энергия тұтынудың артқанын тіркеген. Жалпы шығын әр пәтердің ауданына қарай бөлінгендіктен, тариф өзгермесе де, тұрғындар әдеттегіден көп төлеуге мәжбүр болған. Ал жарық пен су бойынша есеп айырысу нақты тұтынған мөлшерге сай жүреді. Тұтынушы көрсеткіштерді уақытылы беріп отырса, компаниялар тек нақты жұмсалған…
Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» мұнай компаниясының бас директоры Лү Цзиншенді әбден састырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс отырысында қытайларға қарасты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Мәтен Петролеум» және «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының сатып алуындағы қазақстандық үлесті арттыру мәселесі қаралды. Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» басшысы Лү Цзиншеннен отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімі бар ма, жоқ па сұраған еді. Компания басшысының орнына жауап бермек болған орынбасарын депутат бірден тыйып тастады. «Жоқ, тоқта. Өзі жауап қатсын. Білдей бас директор болып отыр, жалақы алады. Күреп табыс табады. Лү мырза, отандық тауар өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімдеріңіз бар ма, жоқ па?» – деп нақты сұрақ қойды мәжілісмен. Компания директоры «бар» деп…
Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе байланысы жанданады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы мен Баку арасында тікелей рейстер қайта ашылып, рейстер саны да айтарлықтай көбеймек. Air Astana компаниясы 15 наурыздан бастап Алматы – Баку бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосады. Наурыз айында рейстер аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ал сәуірде аптасына үш рет, мамырдан бастап төрт рет — дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Әуе компаниясының хабарлауынша, жаңа кесте бойынша ұшу және қону уақыты күндізгі мезгілге қойылған. Бұл жолаушыларға әсіресе көктемгі мерекелер кезінде ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар… Атырау мен Баку арасындағы рейстер жиілігі де…
Депутаты Нұржан Әшімбетов Қазақстандағы ет пен сүт өнімдері нарығындағы жағдайды қатты сынға алып, әзіргі ахуалды хаосқа теңеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әшімбетов Мәжілісте СаудаМин өкілінің келтірген статистикасына күмәнмен қарады. Депутат президент Тоқаевтың «Еуразиялық одақ жағдайында да отандық өндірушілерге қолдау көрсетілуі тиіс» деген тапсырмасын еске салды. «Қызылжар қаласында 10 жыл бұрын ет өңдейтін 15 кәсіпорын болған. Қазір олардың үшеуі ғана қалған, өзге 12 кәсіпорын түгел жабылып қалды. Себебін сұрасақ, «мүлде тиімсіз, көрші елден өңделген ет арзан бағамен ағылып келіп жатыр, бәсекеге төтеп бере алмадық» дейді», – деп қынжылды депутат. Айтуынша, еліміздегі сүт өнімдерінің де соры қалың. Министрлік өкілдері мәжілісменге «Қазақстанда сүт өнімдерінің…
Сонымен жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Онда бұрын болмаған саяси институттар Құрылтай, Халық Кеңесі және вице-президент лауазымы енгізілген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жобаның 52-бабына сәйкес, Құрылтай Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Құрылтайдың өкілеттілігі алғашқы сессиясының ашылу сәтінен басталып, келесі сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғанға дейін жалғасады. Конституцияда көрсетілген белгілі бір жағдайларда ғана оның жұмысы мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Құрылтайдың жұмысы мен депутаттардың құқықтық мәртебесі арнайы конституциялық заңмен реттеледі. Құрылтай отырысы жалпы депутаттар санының кемінде үштен екісі қатысқанда ғана өтеді. Отырыстар негізінен ашық форматта болады, бірақ арнайы регламентте қарастырылған жағдайда жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Тағы бір…
Жыл басынан бері Қазақстанда қызылшаға шалдыққандар саны 1951 адамға жетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында айтылған мәлімет бойынша, сырқат негізінен бес жасқа дейінгі балалар арасында кең тарап отыр. Ауру жұқтырғандардың дені екпе алмағандар болып шықты. Қызылша індеті әсіресе Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл мен Атырау облыстарында көп тіркелген. 2024 жылмен салыстырғанда сырқат көрсеткіші 85 пайызға төмендегенімен, вакцинация деңгейінің әлі де төмендігі эпидемиологиялық қауіп-қатерді күшейтіп отыр дейді мамандар. Бірқатар өңірде екпе салу көрсеткіші жоспардан төмен. Әсіресе Маңғыстау облысында жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары вакцинамен қамту ісін күшейтпесе, аурудың қайта өршу қаупі сейілмейтінін ескертіп жатыр. Бұған дейін Денсаумин…
Geely брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығында жаңартылған Geely Coolray кроссоверін таныстырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа модель төрт комплектацияда ұсынылады: Standard, Comfort, Flagship және Flagship Sport Pack. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 9 690 000 теңгеден басталады. Geely Coolray жаңартуы автокөліктің негізгі элементтерін қамтыды. Атап айтқанда, техникалық сипаттамалары жетілдіріліп, дизайны жаңарып, цифрлық жабдықталу деңгейі артты. Ресми дистрибьютордың мәліметінше, енгізілген өзгерістер модельдің динамикасын, функционалдығын және жабдықталу сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, оны қалалық ықшам кроссоверлер сегментіндегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтті. «Geely Coolray қазақстандық нарықта брендтің ең сұранысқа ие модельдерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы…










