Тікелей эфирді әжетханаға айналдырып, балағат пен қауіпті пранкты «контент» санаған тоғыз тиктокер сот залынан бір-ақ шықты деп жазады Ertenmedia.kz. Лайк пен донат үшін аузына келгенін айтып, ойына келгенін істегендерге жаппай айыппұл салынып, тым шектен шыққандары әкімшілік қамауға алынды. ІІМ-нің ишарасы түсінікті: экранның ар жағында батыр болғанмен, заңның алдында никнейм де, фильтр де құтқармайды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ertenmedia.kz (@ertenmedia.kz)
Автор: Самат Келдібай
Тимур Құлыбаевпен ұзақ жыл «Атамекеннің» тізгінін қатар ұстаған Абылай Мырзахметов колониядан босатылды. Бес жылға сотталған ықпалды экс-шенеуніктің өтелмеген жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Павлодар облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Мырзахметов пробация қызметінің есебіне қойылған. Оған Қазақстаннан шығуға тыйым салынып, жүріс-тұрысы тұрақты бақылауға алынған. Мырзахметов – Құлыбаев дәуіріндегі «Атамекеннің» ең ықпалды тұлғасының бірі. Құлыбаев палата президиумын басқарған кезде, ол ұйымның күнделікті жұмысын жүргізетін басқарманың төрағасы болды. Екеуінің институционалдық тандемі он жылдан астам уақытқа созылды. 2024 жылы сот Абылай Мырзахметовті аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Қылмыстық жолмен алынған 5,8 миллиард теңге…
Қазақстан экономикасы қағаз жүзінде өсіп келеді. Статистикадағы оң көрсеткіш халықтың күнделікті тұрмысына ене алмай отыр. Жалақы көбейгенімен, инфляция табыстың өсімін жұтып, несие мен бөліп төлеуге байланған тұтыну отбасылық бюджетті ойсыратуда. Экономист Айбар Олжай осы тұста Жұманғарин жиі айтатын экономикалық өсімнің қазақтардың әл-ауқатына неге әсер етпей отырғанын жіліктеп берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Сөзінше, Үкіметтің баяндамасы әдемі естілгенімен, қалың бұқараның тұрмысында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Басты түйткіл — халық табысының баға өсіміне ілесе алмауында. «Экономикалық көрсеткіштер түзелгенімен, қазақтардың әл-ауқаты неге артпай жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Мәселе мынада. Өткен жылы сіз бен біздің табысымыз инфляциядан баяу өсті. Табыс шамамен 11 пайызға артса, инфляция 12,3…
Тоқаевпен бірге Қытайға еріп барған Тимур Турлов осы арқылы өзін «Мәскеудің адамы» деп айыптайтын ақпараттық ызыңға соңғы нүктені қойды деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте Мемлекет басшысының маңызды сапарында оның қапталында жүретін бизнес өкілдерін Ақорданың стратегиялық таңдауы деп қабылдау қажет. Экс-елбасының тұсында онымен бірге кімдер жүруші еді? Бюджеттен субсидия суырып, жер-көкті монополиялап, ақшаны оффшырға тасыған ескі Қазақстанның олигархтары Назарбаевтың қасынан екі елі қалмайтын. Ал Тоқаевтың Турловты қасынан қалдырмай ертіп жүруінің сыры неде? Біздіңше осы арқылы Ақорда «жаңа бизнес элитаның форматы осындай болуы керек» деген месседж жолдап отыр. Былайша айтқанда, Президентке біреудің базарын тартып алып байығандар емес, цифрлық технология, финтех пен капитал әкелетін…
Әлемжеліні жаулаған арзан мотивация, энергиә алмасу мен карма тазарту индустриясының дәурені ресми түрде аяқталды деуге негіз бар. Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» жаңа заңға қол қойғалы желідегі псевдокоучтардың белсенділігі біртіндеп бәсеңдеп жатыр деп жазады Ertenmedia.kz. Осыған дейін екі апталық курс бітіріп, мыңдаған адамның тағдырымен ойнаған, депрессия мен мазасыздықты аураны түзетумен емдемек болғандардың парақшасы жаппай тыныштала бастапты. Пәзитивті ойлау мен миллионерлік сананы уағыздап, іс жүзінде кәсіби медицина мен шынайы психологияға қарсы үгіт жүргізгендер Ақордаға қарсы келе алмасы анық. Қоғамдық сананы инфоқоқыстан тазартуға себепші болған Асхат Аймағамбетовтің еңбегін де бөлек атап өту керек. Адамдар нақты өмірлік қиындықпен күресіп, кәсіби маманның көмегіне жүгінудің орнына, желідегі…
Алдағы үш жылда теңгенің әлсіреуі жалғасып, мұнай бағасы бұрынғы болжамнан төмен қалыптасуы мүмкін. Ұлттық банк жариялаған шілдедегі макроэкономикалық сауалнамада сарапшылар валюта бағамы мен Brent мұнайына қатысты күтулерін қайта қараған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңартылған болжам бойынша, 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 84,6 доллар шамасында қалыптасады. Бұған дейін сарапшылар 86,1 доллар болады деп есептеген. 2027 жылға арналған болжам өзгерген жоқ барреліне 75 доллар. Ал 2028 жылғы баға аздап көтеріліп, 70,5 доллардан 71,8 долларға дейін қайта қаралды. Экономиканың өсім қарқынына қатысты үміт те сәл бәсеңдеген. Сарапшылар биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,8 пайызға, 2027 жылы 4,6 пайызға ұлғаяды деп отыр.…
Ақордадағы кездесу алты айлық есеппен шектелмеді. Олжас Бектенов экономиканың беталысын баяндаса, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ел көлемінде әлеуметтік нысандар салудың ауқымды бағдарламасын бастауды тапсырды. Негізгі екпін заманауи аурухана мен өзге де денсаулық сақтау мекемелеріне түседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министр Президентке 2026 жылдың алғашқы жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын таныстырды. Үкімет есебіне сәйкес, алты айда Қазақстан экономикасы 4,1 пайызға өскен. Экономиканы алға сүйреген салалардың басында құрылыс тұр. Мұндағы өсім 15,2 пайызға жеткен. Өңдеу өнеркәсібі 9,8 пайыз, көлік саласы 7,1 пайыз өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,5 трлн теңгеге жетіп, жеке инвестиция көлемі 20 пайыздан астам ұлғайды. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде жалпы…
Көкшетаудағы барбершопта қазақ әнінен басталған дау сегіз тәулік қамаумен аяқталды. Әріптесі қосқан әнді өшіріп, қорлай сөйлеген тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға 2025 жылғы желтоқсанда болған. Жұмыс кезінде Алмагүл есімді барбершоп қызметкері қазақша ән қосады. Алайда әріптесі музыканы дереу өшіріп тастап, арадағы сөзталас кезінде ауыр сөз айтқан. Сотта куәлік берген қызметкер жанжалдың қалай басталғанын баяндады. «29 желтоқсанда қазақша ән қойғым келгенде әріптесім «Жоқ, керек емес, ондай әндерді тыңдамаймыз», — деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Мен бәрібір музыканы қосып кеттім. Кейін клиенттерім кеткен соң әріптесімнен музыканы не үшін өшіргенін сұрадым. Ол болса «Мен саған айттым ғой,…
Қазақ «теңіз тамшыдан құралады» дейді. Аз-аздан жиналған қаражатты үйде не картада ұстай бергеннен гөрі, табыс әкелетін іске жаратқан әлдеқайда ұтымды. ForteBank жинақ депозитінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайызға дейін жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ForteBank ұсынған депозитті 100 мың теңгеден бастап ашуға болады. Салым тек теңгемен қабылданады. Номиналды мөлшерлеме мерзіміне қарай 5,6 пайыздан 17,95 пайызға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,75 пайыздан 19,5 пайызға дейін белгіленген. Клиент ақшасын 3, 6, 12 немесе 24 айға орналастыра алады. Мерзімді таңдауға еркіндік берілген. Бірі күзгі оқу маусымына қаржы жинаса, енді бірі көлікке, баспанаға немесе отбасылық сапарға деп қор құрады. Әркім өз жоспарына…
2022 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті атқарған жұмыстың экономикалық тиімділігі 10 трлн теңгеге жеткен. Соның 1,6 трлн теңгесі мемлекет қазынасына қайтарылды. ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант Ермек Сағымбаев Kazinform агенттігіне берген сұхбатында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал 23,8 млрд теңге көлемінде есептелген. Соның 5,4 млрд теңгесі өндірілді. Арнаулы қызметтің бейінді бөлімшесі 906 құқық бұзушылықты тіркесе, оның 770-і жемқорлық дерегіне қатысты болған. Құқық қорғау органдарымен бірлескен операциялар барысында 75 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Олардың мүшелері адам өлтіру, қарақшылық және бопсалаумен айналысқан. Алматы облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқаратын қылмыстық желі әшкереленді. Топ қымбат көліктерді…










